Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Immunologia (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.38 Кб
Скачать

29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі

Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі – аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат).

Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар – микромолекулалы қосындылар, мысалы – дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі заттар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.). Оларды гаптен деп атайды. Олар организмнің белоктарымен байланысқанда антигендік (аллергендік) қасиетке ие болады. Бұл күрделі, қосынды аллергендер организмге түскенде сенсибилизация дамытады. Ал гаптен қайталап түскенде белокқа байланыспай-ақ антиденелермен немесе сенсиблизациясы бар лимфоциттермен байланысады да, аллергиялық реакция жүреді.

18

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]