
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •2.Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •Иммундық жүйе
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6.1. Иммундық жауап
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •Аутоиммунды бұзылыстар
- •Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
Иммунология (лат. immunis - еркін, еш нәрсеге ұшырамаған, logos –ілім) организмнің әртүрлі антигендерге қарсы пайда болатын спецификалы және бейспецификалы молекулалық, клеткалық және жалпы физиология-лық реакцияларын зерттейтін медициналық-биологиялық ғылым. Иммуно-логия антигендерді, антиденелерді, иммунитетке қатысы бар клеткаларды зерттейді; иммундық реакциялардың қалыпты және патологиялық жағдай-лар дамуына әсері бар генетикалық және физиологиялық факторларды тексереді. Иммундық реакциялардың ағымына сыртқы қоршаған ортаның да әсері бар. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан және организмнің ішкі тұрақтылығын сақтауға бейімделген иммундық реакциялар бөгде антигендерден қорғануға бағытталады. Антигендер дегеніміз – микробтар мен әр түрлі өсімдіктерден, жануарлардан шыққан заттар. Организмнің өзінде өзгеріске ұшыраған, кейде өзгермеген клеткалар мен тін антигендеріне иммундық реакция туындаса, аутоиммундық аурулар дамиды. Аллергендерге қарсы сезімталдықтың күшеюі аллергия туындатса, иммундық реакция клеткаларды, тіндерді зақымдайды. Аллергиялық даму - иммуниттетің бұзылуымен немесе әлсіреуімен қабатталады.
1.1 Иммунологияның даму тарихы
Бұдан көптеген ғасырлар бұрын жұқпалы аурулардан адамдар көп өлген, ал егер тірі қалса, сол аурумен екінші рет ауырмайтыны белгілі болған. Обамен, шешекпен ауырғандарға күтім жасау үшін, аталған аурулармен бұрын ауырғандар ғана жіберілетін болған. Ел арасында жасанды ауру қоздыру үшін әртүрлі әрекеттер жасалған. Қытайда (ХІ ғасыр) шешек бөртпесінің қабыршақтарын мұрынға сепкен, Индияда - теріге жағып, ысқылаған, Грузияда – шешек бөртпесінің іріңін сау адамның терісіне инемен енгізіп жұқтырған.
Э.Дженнер 1798ж. (ағылшын) сиыр шешегімен ауырған сауыншылар кейін адам шешегімен ауырмайтындығын байқап, балаға (1796 ж. Дженсу Финасу) әлгі сиыр шешегін терісіне жұқтырып, 1,5 ай өткен соң сол балаға адам шешегін жұқтырғанда, бала ауырмаған. Өйткені, сиыр шешегі адам шешегіне де қарсы иммунитет берген. Екі жыл ішінде осы әдіспен 100 мың адам егіліп нәтижесінде бәрі де кейін шешекпен ауырмаған. Осылай шешекке қарсы вакцина егу әдісі ашылған. Латын тілінде Vacca сиыр деген сөз. Дженнердің зерттеулерінің маңызы зор болды, жасанды иммунитет дамыту арқылы елді жұқпалы аурудан қорғады. Біздің заманымызда егудің нәтижесінде, сиырдан алынған вакцина жер жүзіндегі елдердің бәрі жаппай егіліп, бүгінде шешек ауруы кездеспейтін болды.
ХІХ ғасырдың басында Луи Пастердің зерттеулері иммунологияның іргетасын қалады. Пастер әр түрлі ашытқыларда микробтардың бар екенін анықтады. Мысалы, Пастер остеомиелитті, іріңді ауруларды, тауық тырыс-қағын зерттеу арқылы көптеген микробтардың түрлерін тауып, анықтады.,,
2.Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
Иммунология жеке пән ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыды. Бұрын иммунология тек жұқпалы аурулардың иммунитетін зерттеп келді.Иммунитет организмнің ауру қоздыратын және қоздырмайтын агенттерге, генетикалық мәліметі бөтен заттарға төзімділігі. Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, қарапайым-дар, ақуыздар, бөгде клеткалар мен тіндер, өзгерген аутоантигендер, кейбір өсімдіктер мен жануарлардан алынған улы заттектер және басқалар жатады.Иммунитет - иммунды жүйемен биологиялық белсенді агенттердің арасындағы қарым-қатынас. Оның мақсаты - организмнің ішкі орта (гомеостаз) тұрақтылығын сақтау, соның нәтижесінде әртүрлі иммунитет феномендерін қалыптастыру:
Иммунологиялық толеранттылық (төзімділік) – организмнің антигендерге (әсіресе өз денесінен пайда болған антигендерге) иммундық жүйенің қарсы болмауы (анергия).
Жұқпаға қарсы иммунитет – организмнің жұқпалы аурулардың қоздырғышын қабылдамауы.
Иммундық жад - ерекше қасиет, иммундық жүйе бір рет кездескен антигенді «есте сақтайды», егер онымен екінші рет кездессе, оған қарсы антиденелерді жылдам түзу және сезімталдығы күшейген лимфоциттерді көбейту арқылы жауап береді.Сөйтіп, антиген туралы есте қалатын ақпарат организмнің лимфоретикул жүйесі арқылы іске асады. Ол жауап организм реактивтілігін көтеріп, сенсибилизация берсе, оны оң иммунды реакция дейміз, ал иммундық реакция басылса, (иммунодепрессия, теріс реакция), иммунологиялық толеранттық, төзімділік- иммунологиялық салдану туады. ХХ ғасырдың екінші жартысында иммунологиялық толеранттық эксперимент арқылы тексерілді.Бернет 1959 ж клоналды-селекциялық теорияны дамытты. Әрбір антигенде алдын-ала жоспарлаған антидене құрайтын клеткалар түзіледі. Иммунологияның ХХ ғасырдағы жаңалықтары:
- иммунды глобулиндердің химиялық құрамы белгілі болды;
- лимфоидты клеткаларды өсіру (дақылы) игерілді;
- айырша бездің иммунды жүйенің орталық ағзасы екені анықталды;
- қызыл жілік миындағы бағаналы – дің клеткаларынан иммундық клеткалардың түзілетіні анықталды;
- Т- және В-лимфоциттер зерттелді;
- клеткалар кооперациясы және антиденелердің түзілуі, олардың атқаратын қызметтері анықталды;
- трансплантациялық иммунитет зерттеліп, лейкоцитердің антигендері арқылы гистосәйкестігі анықталды, ағзаларды алмастырылып қондыру жетістіктеріне жеткізді. Мысалы: бүйректі алмастыру т.б.
Осы жетістіктердің арқасында иммунитетке жаңа тұрғыдан қарап, гомеостаздық сипаты анықталып, оның негізгі қызметі клеткалардың кенеттен пайда болған мутациясына қарсы бағытталған деген ұғым қалыптасты. Ал антимикробтық иммунитет – иммунды үрдістің жеке бір түрі деп танылды. Сонымен, жұқпаға қатысы жоқ иммунология дамып, оның биологиялық иммунды генетикалық механизмі жасушалық және молекулалық деңгейде тексерілді.