Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RP_protsed_ms_kaz-3(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.44 Кб
Скачать

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ЖБ-07.1.14

Басылған күні:

«Клиникаға кіріспе» Кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс:

1 бетің 1 беті

«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі

жөніндегі проректор

______Г.Ә. Жақсылықова

«____»_________________2012ж

Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы «Емшара мейірбикесінің көмекшісі» бойынша

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Оқу сағаттарының көлемі - 72 сағат

III курс

VI семестр Астана 2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР ЖББМС-2006 ж. негізінде және 051301-

«Жалпы медицина» мамандықтар бойынша типтік жоспар негізінде құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы пән-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланды

№ __ хаттама « ___» қаңтар 20___ж.

Жалпы медицина мамандығына арналған жұмыс бағдарламасы «Астана медицина университеті» АҚ білімділік бағдарламасы бойынша комитет отырысында талқыланды

№ _____ хаттама «___» ________20___ ж

Төрағасы _______________ _____________________

«Астана Медицина Университеті» АҚ-да оқу-әдістемелік отырысында қабылданған

№ _____ хаттама «___» ________20___ ж

Төрғасы ОӘҰ _________________ ___________________

2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Клиникаға кіріспе» - клиникада бақылау мен күтүді қажет ететін науқастармен жұмыс істеудің негізгі принциптеріне үйрету, мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, манипуляцияларды игеру, науқасқа дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын үйрету пәні болып табылады.

Пәннің маңыздылығы интегральды жүйеде жоғары медициналық білімді маман дайындауда медициналық көмекті ұйымдастырудың кезендерімен сатыларында кәсіби қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

«Емшара мейірбикесінің көмекшісі» оқу-өндірістік практикасының көлемі 72 сағатты құрайды және 2 апталық практика 6-семестрде өткізіледі. Практиканың 1 аптасын соматикалық бөлімнің (терапиялық) емшара кабинетінде, 1 аптасын хирургия бөлімінің емшара (таңу) кабинетінде ұйымдастыру ұсынылады.

2.2.Тәжірибе мақсаты.

«Клиникаға кіріспе-2», «Жалпы хирургия», пәндерін өту барысында алған дағдысын бекіту, соматикалық (терапиялық) және хирургиялық бөлімнің емшара кабинетіндегі жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеру.

2.3.Тәжірибе міндеттері.

  • асептика және антисептика принциптерін іске асыру бойынша емшара кабинетін санитариялық-індетке қарсы режиммен қамтамасыз ету туралы білім мен іскерлікті бекіту;

  • парентеральдық дәрі жіберу, венадан қан алу, жүйені құрастыру мен венаға инфузия жасау дағдыларын меңгеру мен бекіту;

  • таңу бөлмесі мен кабинеттерінің жұмысымен танысу, десмургияның алғашқы дағдыларын меңгеру.

Практика практиканың базасы ретінде бекітілген емдік-профилактикалық мекемелерде өткізіледі. Студент практикадан өту барысында емдік-профилактикалық мекеменің ішкі тәртібіне бағынуға, ұйымдастыру және емдік-әдістемелік жұмыстар бойынша барлық ісшараларға қатысуға міндетті.

Практиканы ұйымдастыруды, өткізуді, басқаруды «Клиникаға кіріспе-2», «Жалпы хирургия» пәндерінен сабақ беретін кафедралар іске асырады. Практика кестеге сәйкес сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Практиканы ұйымдастыруды, өткізуді, бақылауды практикаға жауапты тәжірибелі оқытушы (доцент, тәжірибесі мол ассистент) ЕПМ басшыларымен (бас мейірбикемен) бірлесе отырып іске асырады.

Студент практика күнделігін толтырады. Күнделікте жұмыс күнінде істеген барлық жұмыстары жазылады. Практика жетекшісі жұмыстың дұрыстығы мен сапасын бақылап, қажетті өзгерістерді енгізіп, күнделікке күнде қол қоюы қажет. Өндірістік практика кезінде студенттің білімін бақылау алынған практикалық дағдылары бойынша күн сайын өткізілуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]