
- •1.Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары.
- •3. Диалектика және метафизика.
- •4. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері,бағыттары.
- •5. Философияның құрылымы.
- •6.Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •7. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •8. Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •9. И.Кант іліміндегі таным мәселелері.
- •10. Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •11. Субстанция туралы түсінік, оның түрлері.
- •12. Онтология, болмыс формалары.
- •13. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •14. Диалектика және метафизика.
- •15. Хііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •16. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •17. Орыс философиясының ұстанымдары.
- •18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.
- •19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.
- •20. Антикалық философияның классикалық кезеңі.
- •22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •25. Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •26. Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.
- •28. Марксизм философиясы.
- •29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •30. Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.
- •31. Жаңа заман философиясының бағыттары.
- •33. Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.
- •34. Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.
- •35. Ренессанс философиясының бағыттары.
- •36. Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •37. Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.
- •38. Хіх ғ иррационализм философиясы: а.Шопенгауэр, с.Кьеркегор.
- •39. Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
- •40. Философияның негізгі мәселесі.
- •41. Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.
- •42. Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.
- •43.Платон және Аристотель философиясы.
- •44. Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.
- •45. Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.
- •46. Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.
- •47. Утопиялық философия: т.Мор, т.Кампанелла.
- •48. Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні.
- •49. Ахмет Йассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.
- •50. Үнді философиясындағы астика және настика.
- •51. Платонның “эйдос әлемі”-“үңгір туралы аңыз”.
- •52. Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.
- •53. Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.
- •54. “Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау.
- •55. Хх ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.
- •56. Антикалық философияның эллинистік кезеңі.
- •57. Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм.
- •58. Психоанализ философиясы: з.Фрейд, к.Юнг ілімдері.
- •59. Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.
- •60. Диалектикалық және тарихи материализм.
- •62. Ақын-жыраулар философиясы.
- •63. Танымдағы ақиқат мәселесі.
- •64. Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.
- •65. Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.
- •67. Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.
- •68. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •69. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.
- •70. Диалектика заңдары,категориялары.
- •71. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.
- •73. Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену.
- •75. Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.
69. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.
Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.
70. Диалектика заңдары,категориялары.
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Диалектиканың негізгі категориялары:Мән мен құбылыс;Түр мен мағына;Себеп пен салдар;Мүмкіндік пен шындық; Қажеттілік пен кездейсоқтық;Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.