Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.02.2020
Размер:
625.15 Кб
Скачать

60. Диалектикалық және тарихи материализм.

Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниенің бейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз. Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру — қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тиесілі, философиялық негізі болып табылады. Егер де Маркске дейінгі материалисттер мен әлеуметтанушылар табиғаттың даму заңдылықтарын қоғамға атүсті тели салған болса, Маркс пен Энгельс бұл әрекеттің дұрыс еместігін, қоғамдық дамудың өзіне ғана тән даму ерекшеліктері, даму заңдылықтары бар екендігін дәлелдеді. Өйткені қоғам мен табиғат бірлікте болғанымен, олардың сапалық айырмашылықтары да жоқ емес. Егер табиғаттың даму заңдылықтары соқыр қажеттілік арқылы өзіне жол ашатын болса, қоғамдық даму адамдардың саналы іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Социологиялық ілімді жаңа жоғары дәрежеге көтеру ісі қоғамдық сананың қоғамдық болмысқа қатынасы туралы негізгі мәселені материалистік диалектиканың тұрғысынан шешумен тығыз байланысты болды. Адамдардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді, деген-ді К.Маркс.

61. Көне Шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы.

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Ведалар 4 бөліктен тұрады:Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.Аранъяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Upani-sad ("қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары.Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді.Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.Нирвана -"жоғалу", "сөну", Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан.2)Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.3)Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзйн" - "Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы". Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]