Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625.15 Кб
Скачать

4. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері,бағыттары.

Үнді елінің ғажап ерекшелігі- оының әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны- Варна немесе Каста дейді. Негізінен алғанда Индияда 4 каста тарихы пайда болды. Олар:1)Брахмандар (ақтар) -айналысатын істері- діни қызметкерлер, ел басқарушылар. 2)Кшатрилер (қызылдар) - жауынгерлік істер. 3)Вайшьйлер (сарылар) - еңбек ететін адамдар.Мал бағу,егін егу т.б. 4) Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. Үнді философиясының басты ерекшеліктері:1)ғылыми оймен байланысының аздығы; 2)жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;3)діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.Ерте Үнді философиясы екі бағытқа бөлінеді:1) Астика (ортодоксальды) - веда беделін қабылдаған, оныңмәндеріне сүйенген Вайшешика, Санкхья, Йога, Миманса, Веданта, Ньяя секілді мектептер.2) Настика (ортодоксальды емес) - веда беделін терістегендер. Б.д.д.6ғ. мектептер: Джайнизм, Буддизм және Чарвака-Локаята.

5. Философияның құрылымы.

Философияның білім жүйесі ретінде өзіндік құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері болып рухани және материалдық дүниенің бір жағын қарастыратын философиялық ілімдер табылады. Философияның ғылым ретінде негізгі бөлімдері болып философия тарихы және философия теориясы бөлінеді, ол өзіне онтологияны – болмыс туралы ілім; әлеуметтік философияны – қоғам туралы ілім; диалектиканы – материалдық дүниенің процестері мен құбылыстарын, заттардың дамуы мен жалпы байланыстары туралы ілім; гносеологияны немесе эпистемологияны – таным теориясы; философиялық антропологияны – адам туралы ілім; аксиологияны – құндылық туралы ілім; праксиологияны – қоғамдық практика туралы ілім; методологияны - әдіс туралы ілімді қамтиды. Кейбір жағдайларда философиялық теорияның негізгі бөлімі болып натурфилософия немесе табиғат философиясы бөлінеді, ол табиғатты бір бүтін ретінде қарастырып, оған ой түрінен сипаттама береді. 

6.Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.

Фейребахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм — адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология — адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Людвиг Фейербах (1804-1872) басқа неміс классикалық философтардан ерекшелігі, ол материалист философ болған. Оның негізгі шығармасы "Христианшылдықтың мәні”, мұнда ол идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи күресті көрсетуге ұмтылды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана  ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы   үш білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:Табиғаттар. Құдай-Әке-физикаЛогикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағыРухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух.Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]