- •1.Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары.
- •3. Диалектика және метафизика.
- •4. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері,бағыттары.
- •5. Философияның құрылымы.
- •6.Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •7. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •8. Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •9. И.Кант іліміндегі таным мәселелері.
- •10. Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •11. Субстанция туралы түсінік, оның түрлері.
- •12. Онтология, болмыс формалары.
- •13. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •14. Диалектика және метафизика.
- •15. Хііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •16. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •17. Орыс философиясының ұстанымдары.
- •18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.
- •19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.
- •20. Антикалық философияның классикалық кезеңі.
- •22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •25. Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •26. Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.
- •28. Марксизм философиясы.
- •29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •30. Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.
- •31. Жаңа заман философиясының бағыттары.
- •33. Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.
- •34. Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.
- •35. Ренессанс философиясының бағыттары.
- •36. Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •37. Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.
- •38. Хіх ғ иррационализм философиясы: а.Шопенгауэр, с.Кьеркегор.
- •39. Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
- •40. Философияның негізгі мәселесі.
- •41. Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.
- •42. Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.
- •43.Платон және Аристотель философиясы.
- •44. Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.
- •45. Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.
- •46. Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.
- •47. Утопиялық философия: т.Мор, т.Кампанелла.
- •48. Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні.
- •49. Ахмет Йассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.
- •50. Үнді философиясындағы астика және настика.
- •51. Платонның “эйдос әлемі”-“үңгір туралы аңыз”.
- •52. Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.
- •53. Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.
- •54. “Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау.
- •55. Хх ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.
- •56. Антикалық философияның эллинистік кезеңі.
- •57. Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм.
- •58. Психоанализ философиясы: з.Фрейд, к.Юнг ілімдері.
- •59. Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.
- •60. Диалектикалық және тарихи материализм.
- •62. Ақын-жыраулар философиясы.
- •63. Танымдағы ақиқат мәселесі.
- •64. Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.
- •65. Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.
- •67. Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.
- •68. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •69. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.
- •70. Диалектика заңдары,категориялары.
- •71. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.
- •73. Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену.
- •75. Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.
33. Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.
Номинализм (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.Реализм - ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт , ол ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырады. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырады. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом , Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.Схоластика (лат. Shola – мектеп) ортағасырлық Еуропадағыфилософияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді. Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардыңілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логикаболуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы. Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
34. Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін, бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні.Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемшіліктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ дүниетанымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.Қазақ дүниетанымының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ дүниетанымы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негізгі және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше, қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
