Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.02.2020
Размер:
625.15 Кб
Скачать

31. Жаңа заман философиясының бағыттары.

Негізгі ерекшеліктері:ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі; білімнің қарқынды дамуы; ғылымдардың пайда болуы; діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы;Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт    қалыптасады. Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи. Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен; 2. Әркім жеке басына тән «үңгір» елесінен; 3. «Нарық» (базар) елесінен; 4. «Театр» елесінен; Р.Декарт (1596-1650ж.ж.) — фр. философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол  Ла — Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Декарттың рационализмінің негізі — күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді.  Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) — Оксфорд  университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642),  «Левиафан» (1651ж).Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. 

32. Ибн-Рушд философиясындағы “қос ақиқат” ілімі.

Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұғанқарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Екінші жағынан, "екі жақты ақиқат" принципі ортағасырлық символизмніңерекшелігін рационалистік символизм ретінде сипаттайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]