Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625.15 Кб
Скачать

30. Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.

Гуманизм (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).ГЕЛИОЦЕНТРИЗМ - (грек. helios - күн) – күн- айналып жүретін планеталар мен жердің орталық нүктесі деген концепция. Көне Грецияда мұндай болжамды Аристарх Самосский айтқан. Бірақ ғылыми келісім Коперниктің ілімінен кейін қалыптасты. Коперниктің жүйесінде күн орталық рольді атқарды. Күннің айналасында планеталар айналады, олардың артында әлемге көрінетін жұлдыздар жатыр. Планеталар шеңбер бойымен емес, эллипс бойымен айналатыны дәлелденген. Ал планеталар мен күнді байланыстыратын, олардың қозғалысын сипаттайтын күш тартылыс күші болып табылады. Келесі жетістіктер Күн- ғаламның емес, күн жүйесінің орталық нүктесі болып табылады деген шешімге әкелді. Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизминдуизмведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (ФалесАнаксимандрАнаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский болды. Ол “адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады” деп тұжырымдады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”. Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай” және “табиғат” ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]