Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625.15 Кб
Скачать

27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.

Адам дүниеге бір-ақ рет келеді. Сондықтан да адам баласы өмірге келген соң, оны барынша маңызды, мәнді сүруге тырысады. Өмір-өзен дейтін болсақ, адамның өмірі өзеннің ағысы тәрізді бір жерде тұрмайды. Ағысты кері қайтара алмайсың. Дүниеге адам ешуақытта екінші келе алмайды. Сол сияқты мысалы бүгін той жасап, дәл сол тойды аяқталған соң қайта жасауға болмайды. Оған кім келеді, оның қандай қызығы болады? Сол сияқты бүгін түске істеген асыңды, сол күні кешке тағы істеп көр. Ол асқа кімнің тәбеті болады? Сондай-ақ қазір айтқан әңгімеңді сол адамға қайта айтуға болмайды, айтқан күннің өзінде оны тыңдағысы да келмейді.

28. Марксизм философиясы.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялықэкономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі.Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдыққұл иеленушілікфеодалдықкапиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]