Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625.15 Кб
Скачать

22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.

1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бүл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. 2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. 3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік үғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді.Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс. Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.

23.Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары. Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi.Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.Бүкiл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершiлiк мазмұнымен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат «саяси адамгершiлiк философиясы» ретiнде көрiнедi. Сондықтан әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткiзу, игiлiкпен жеткiзу деп санайды.

24. Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).Перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Перипатетизм бағытын бірнеше кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең (б.з.б. 4 — 1 ғасырлар) мектептің жетекшісі Теофрасттан кейін Перипатеттер мектебінің жетекшілері СтратонЛикон, Аристон Кеосский, Критолай, т.б. болды. Бұл кезеңдегі Перипатеттер мектебінде Аристотель ілімін теор. философия жағынан дамытудан гөрі жеке ғылым салаларымен (философия, т.б.) көбірек шұғылдану басым болды. Мысалы, Теофраст логика саласынан жаңалықтар ашып, ботаникадан еңбектер қалдырды. Аристоксен музыка теориясымен шұғылданды, т.б.Екінші кезеңде (б.з.б. 1 ғ.) Андроник Родосский,Сидонский, Ксенарх, т.б. Аристотель шығармаларын қайта басып шығарып, оларға түсініктер берумен шұғылданды.Үшінші кезеңде (1 — 2 ғасырлар) платоншылдар, пифагоршылдар және стоиктер мектебінде аристотельшілдіктің ізін қалдырып, жаңа платоншылдықтың қалыптасуына ықпал етті. Шығыс философиясындағы перипатетизмнің негізін қалаушы Әбу Наср әл-Фараби саналады.Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған. Батыс ойшылдары әл-Фараби, сондай-ақ ибн Сина, ибн Рушд, т.б. шығыс перипатетиктерінің түсіндірмелері арқылы ежелгі грек философтарының еңбектерімен танысып, оларды игере бастады.Номинализм (латынша nomen  - ат, атау)  -  жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]