Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
625.15 Кб
Скачать

18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.

Бір білетінім – өзімнің ештеңе білмейтінім, – дейді Сократ. – Ал мына жұрт бірдеңе білетін сияқты болып жүреді, анығында еш нәрсе білмейді.Сонда өзімнің білмейтіндігімді білетіндіктен мен басқалардан көбірек білетін болып шықтым деген екен. Мен бәрін білемін деген бекер. Өйткені бәрін білемін деген адамның өзінің білмейтіні болады. Дүниенің талай құпиясын ашып, тарихтың талай тағылымын зерттеген ғалымның өзі де кейде қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. Сондықтан мен білемін айтуға болады, бірақ білмейтініміздің көп екенін мойындауымыз керек. Өйткені өмірдің біз білетін де, білмейтін де құпиясы көп. Менің білгенімді ол білмеуі мүмкін немесе оның білетінін мен білмеуім мүмкін. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім деген сөздің мағынасы меніңше білемңн деп аз ғана білгеніңмен тоқтап қалмай, білмейтініңді білетіндерден сұрап, үнемі ізденісте жүруге шақыратын сөз болса керек.

19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.

Жаңа дәуірдегі алғашқы теоретиктердің бірі итальяндық НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ (1469 - 1527) болды.Маккиавелли мемлекетті үкімет пен азаматтары арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егер де үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егер де қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды.Маккиавелли назарының өзегінде - үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білунің шынайы қабілеттері.Маккиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жеке меншіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Маккиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Маккиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептегенінде.Маккиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық әміршілерден гөрі тұрақтырақ, адалырақ, дана және пайымдағыш. Егер де жеке билеуші әмірші заңды жақсы құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді құратын болса, халық сол құрылған құрылысты артық сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Маккиавелли мемлекеттің болмай қоймайтын және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.Маккиавелли саясаттың маңызды құралы деп дінді санады. Маккиавелли дін - адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы деп тұжырымдады. Нақ осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан заң шығарушылардың барлығы құдайдың әміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс. Маккиавелли католик шіркеуі мен діндарлардың елді бытыратып ұстағандарын бетіне басты. Маккиавелли дінді адамдарды басқару құралдарының бірі ретінде қарастыра отырып, оның отанды даңққа бөлеу мен қорғауға қызмет ететіндей түрленуіне болады деп есептеді. Мемлекет қызметін ол жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін мораль нормаларына сәйкес келмейтін айрықша ережелер орын алатын адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтар мен үкіметтердің мүдделерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін айқындайтын сала ретінде зерттеді. Жалпы мемлекет негізін қалаушылардың, жаулап алушылардың, тақты тартып алушылардың, заң шығарушылардың, саяси қайраткерлердің істеген істері мораль тұрғысынан емес, олардың нәтижелері бойынша, олардың мемлекет игілігіне қатынасы бойынша бағалануға тиіс.Маккиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті. Онда буржуазияның басты бағдарламалық талаптары тұжырымдалып, негізделген: жеке меншіктің бұлжымастығы, жеке бас пен мүліктің қауіпсіздігі, “бостандық игілігін” қамтамасыз етудің ең жақсы құралы ретіндегі республика, феодалдық дворяндықты кінәлау, дінді саясатқа бағындыру және бірқатар басқа талаптар. Буржуазияның неғұрлым көреген идеологтары Маккиавеллидің әдістемесін, әсіресе саясатты діннен арылтуын, мемлекет пен құқықты жаңаша тиімді түсіндіруін, олардың адамдардың мүдделерімен байланыстарын анықтауға тырысуын жоғары бағалады. Маккиавеллидің аталған қағидаларын кейінгі теоретиктер (Спиноза, Руссо және басқалар) қабылдап, дамытты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]