
- •1.Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары.
- •3. Диалектика және метафизика.
- •4. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері,бағыттары.
- •5. Философияның құрылымы.
- •6.Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.
- •7. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •8. Материализм және идеализм, оның түрлері.
- •9. И.Кант іліміндегі таным мәселелері.
- •10. Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары.
- •11. Субстанция туралы түсінік, оның түрлері.
- •12. Онтология, болмыс формалары.
- •13. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •14. Диалектика және метафизика.
- •15. Хііі ғ француз материалистерінің көзқарастары.
- •16. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
- •17. Орыс философиясының ұстанымдары.
- •18. “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім” афоризмінің мағынасы.
- •19. Н.Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары.
- •20. Антикалық философияның классикалық кезеңі.
- •22. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •25. Гегельдің абсолюттік идеализмі.
- •26. Ортағасыр христиан философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •27. “Бір өзенге екі рет түсуге болмайды” афоризмінің анықтамасы.
- •28. Марксизм философиясы.
- •29. Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
- •30. Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы.
- •31. Жаңа заман философиясының бағыттары.
- •33. Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы.
- •34. Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері.
- •35. Ренессанс философиясының бағыттары.
- •36. Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
- •37. Ортағасыр араб-мұсылман философиясы.
- •38. Хіх ғ иррационализм философиясы: а.Шопенгауэр, с.Кьеркегор.
- •39. Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
- •40. Философияның негізгі мәселесі.
- •41. Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.
- •42. Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.
- •43.Платон және Аристотель философиясы.
- •44. Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.
- •45. Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.
- •46. Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.
- •47. Утопиялық философия: т.Мор, т.Кампанелла.
- •48. Абайдың “қара сөздерінің” философиялық мәні.
- •49. Ахмет Йассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.
- •50. Үнді философиясындағы астика және настика.
- •51. Платонның “эйдос әлемі”-“үңгір туралы аңыз”.
- •52. Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.
- •53. Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.
- •54. “Адам-барлық заттың өлшемі” афоризмін талдау.
- •55. Хх ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.
- •56. Антикалық философияның эллинистік кезеңі.
- •57. Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм.
- •58. Психоанализ философиясы: з.Фрейд, к.Юнг ілімдері.
- •59. Ибн Рушдтың қос ақиқат ілімі.
- •60. Диалектикалық және тарихи материализм.
- •62. Ақын-жыраулар философиясы.
- •63. Танымдағы ақиқат мәселесі.
- •64. Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.
- •65. Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.
- •67. Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазалиттер.
- •68. Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
- •69. Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.
- •70. Диалектика заңдары,категориялары.
- •71. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.
- •73. Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену.
- •75. Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.
1.Философия пәні,негізгі мәселесі, функциялары.
Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, келесі сатыда оның пәнін анықтау керек. Жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылымдардың пайда болуы философия пәнінің керек болмай қалуы мүмкін деген ой тудырады.Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық,(theos-грек сөзі,-Құдай), метафизикалық (meta phisika-грек сөзі,-табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method-грек сөзі,-әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? Ақиқат, ізгілік,әсемдік дегенімз не? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия, практикалық және көркемөнерлік. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр сырын атап өту керек.Оған мына сұрақтарды жатқызуға болады: Дүниенің негізінде не жатыр? Ол мәңгілік, я уақытша ма? Адамзат не үшін жаратылды? т.с.с. Философия пәнінің екінші мәселесі- гносеологиялық жақтары. Оған мына сұрақтарды жатқызады: Біз кімбіз және дүниеде алатын орнымыз қандай?Ақиқат,шындық дегеніміз не? т.с.с. Философияның ажырамас мәселелерінің бірі- ол аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау.Осы тұрғыда философияда мына сұрақтар бар: шындық,әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Құндылықтар қандай орын алады? т.с.с. Философия пәнінің келесі жағы- ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері. Философияның праксеологиялық мәселесіне бүкіл адамзат тарихындағы материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжірибесі, соларға жеткізген сан-алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. ХІХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге келуіне әкеліп соқты.Маркс пен Энгельс дүниеге деген материалистік көзқарасты қрғам өміріне дейін көтеріп біртұтастық материалистік ілімнің негізін қалады. Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы қараама-қарсы бағыт- идеализм. Идеализм адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Материализм адамның ішкі өмірінен гөрі сыртқы дүниені танып білуге бағытталса, идеализмнің негізгі мәселесі-адам оның ой-өрісі мен өмірі, тағдыры мен үміті т.с.с. Идеалистік философияның негізгі екі түрін ажыратуға болады: Ол объективті және субъективті идеализм.Объективті идеализмнің негізгі қағидалары Орта ғасыр заманында монотеистік діндердің қалыптасуына зор әсерін тигізді.(monos- грек сөзі,-біреу; theos-құдай).Субъективті идеализмнің негізгі қағидалары жан-дүниенің өмір сүруін мойындау.Субъективті идеализмнің өкілі Дж.Берклидің айтуынша “Өмір сүру-қабылдауға келетін нәрсе ғана”.Қорыта келгенде, философияның негізгі мәселесінің бірінші-онтологиялық жағы “Бұл дүние не?”,-деген сұраққа жауап берсе, екінші-гносеологиялық,праксеологиялық,аксиологиялық жақтары “Бұл дүниені қалайша танып-біліп,өзгертуге болады?”,-деген сұраққа жауап береді. Философия-дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің негізгі функцияларының бірі.Философияның функциясы-оның методологиялық қызметінде. Әр түрлі методтар жеке,жалпы, ең жалпылық болып бөлінеді.Методтар жөніндегі жалпы ілімді методология дейміз.Бірде-бір таным, саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір методтар, әдістемелерсіз, методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы қолданылатын методтарын қараңғыда жолды көрсететін шамшырақпен салыстырған.Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов “ғылымда қолданылатын методтармен көбінесе зерттеудің нәтижелілігі тығыз байланысты.Жақсы методтар арқылы өте талантты емес ғалымда көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын методтар нашар болса онда гениалды ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды”,-деген болатын.
2. “У-вэй”, “есімдерді өзгерту” концепцияларының мәні.
У-вэй- Қытай философиясының әсіресе, даосизмнің термині. “әрекетсіздік, болмағандық” деген мағынаны білдіреді.Терістеудің рөлін атқаратын “У”- “жоқтық”, “болмыстың жоқтығы” және күйдің табысына, қызметтің үдерісіне бағыттауды білдіретін “вэй”- “әрекет”, “жүзеге асыру” мағынасын білдіретін иерогилфтерден тұрады. Мо-Цзыдың тікелей дефинациясына сәйкес “вэй-бұл жеткілікті білім негізінде қалағаныңа жету”.“У-вэй”- спецификалық белсенділік түріндегі “әрекетсіздікті іске асыру”,“әрекетсіздік ісімен айналысу” немесе сондай әмбебап нәтижеге тән “үнемі әрекетсіз,бірақ бәрін іске асырады”. Дао ілімі бойынша өмір сүргініз келсе, «У - вей» қағидасын ұстаныңыз.«У - вей» - заттар мен болып жатқан құбыластарды өз мәнінде қабылдау,салқынқандылық таныту. Білім – барлық адамға беріле беретін құбылыс емес,ол тек ерекше данышпан адамдарға ғана тән. Дао ілімі бойынша білімділіктіңкөрінісі - үндемеуде. «Үндемеген адам – білімді, сөйлеген адам - білімсіз».