
- •Азаматтардың конституциялық құқықтарын атаңыз
- •Азаматтық іс жүргізудің түсінігі және негізгі белгілері.
- •Азаматтық құқықтың қатысушылары
- •Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық билiктiң ерекшелiктерi
- •Әкімшілік жаза түсінігі және түрлері
- •Әкімшілік жауапкершілік түсінігі
- •Әкімшілік құқықбүзушылықтың түсінігі және белгілері.
- •Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •Әкімшілік құқықтың субъектілері
- •Деликтқабілеттілік дегеніміз не
- •Демалыс уақыты түсінігі және түрлері
- •Еңбек дауларының түсінігі.
- •Еңбек құқығының субъектілері
- •Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны
- •Еңбектік құқықтық қатынастардың белгілері
- •Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлері
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлерін талдаңыз
- •Зейнетақы ұғымы және зейнеткерлік жастар
- •Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары.
- •Конституциялық құқық дегеніміз не
- •Қазақстан зайырлы мемлекет түсінігі
- •Қазақстан құқықтық мемлекет түсінігін талдаңыз
- •Қр азаматтарының құқықтық мәртебесі
- •Қр азаматтығын алу және тоқтату негіздері
- •Қр атқарушы билік органдарын атаңыз
- •Қр Конституциясы бойынша Президенттің өкілеттігі
- •Қр Конституциясына сипаттама
- •Қр Конституциясының құрылымы
- •Қр сайлау жүйесі
- •Құқық бұзушылық және заңды жауапершілік.
- •Құқық қорғау органдарының бағыттары
- •Құқықтық катынастардың объектілерін атаңыз
- •Құқықтық сана дегеніміз не
- •Құқықтың негiзгi мақсаты
- •Қылмыс құрамы.
- •Қылмысқа қатысу түсінігі және түрлері
- •Қылмыстық жазалардың түрлері, талдаңыз
- •Қылмыстық жауапкершіліктен босататын мән жайлар.
- •Материалдық құқық нормалары.
- •Мемлекет нысаны
- •Мемлекет түсiнiгi және оның функциялары
- •Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері
- •Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не
- •Мемлекеттің белгілері.
- •Мемлекеттің функциялары.
- •Мәміле түсінігі және түрлері
- •Неке шартының түсінігі
- •По алфавиту
Демалыс уақыты түсінігі және түрлері
Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу және тамақтану үшін үзіліс белгіленген.Еңбек туралы заңдарда демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген:күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы демалыс күндері;апта сайынғы демалыс күндері;жыл сайынғы мереке күндері;жыл сайынғы еңбек демалысы.«ҚР еңбек туралы» заңының 53-бабы.Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс:1.Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.2.Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді.
Еңбек дауларының түсінігі.
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардыңорындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады. Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелеген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.Бұл субъективтік сипаттағы себептер: өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.Еңбек дауларының жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) еңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; немесе басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу немесе қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.Талап қоятын еңбек даулары еңбек туралы заңды, ұжымдьық шарттар мен өзге де еңбек туралы келісімдерді қолдану жөніндегі алауыздықтарды шешуге байланысты болады. Бұл жағдайда дауласушы қызметкер өзінің бұзылған құқығын тану немесе оны қалпына келтіру туралы талап қояды. Талаптық сипаты бар еңбек даулары көбінесе жеке адамдардың даулары болып келеді. Талап қоймайтын сипаттағы еңбек даулары жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдар) талап қоймаушылық сипатта болып келеді және айрықша тәртіппен қаралады (әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия). Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдар) шешудің негізгі қағидаттары мыналар:тараптардың тең құқықтылығы;дауды қарау рәсімінің келістірушілік-серіктестік сипаты;әлеуметтік-еңбек қатынастарын қарайтын комиссияда тараптар өкілдерінің тең құқықтылығы;қабылданған шешімдердің дауласушы жақтар үшін міндеттілік сипаты; кабылданған шағымдану жөніндегі кассациялық инстанцияның болмауы.
Еңбек құқығының жүйесі.
Еңбек құқығыньщ жүйесі деп құқықтық нормалардың маз-мұнды негізде реттеліп, бөлінуін айтады.Барлық қүқық салалары құкықтық нормаларды— жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөледі.Жалпы бөлімде құқық саласына тұтастай қатысты болатын институттар қарасрылыда. Еңбек құқығының мұндай институттары еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары, еңбек құқығының қағидаттары (принциптері)еңбек құқығының субьектілері жалпы бөлімде зерттеледі.Еңбек құқығының ерекше бөлімінде еңбек құқығының пәнін құрайтын дербес институттар зерттелген. Ерекше бөлімде жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, еңбек шарты, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі, еңбекті қорғау, еңбек даулары қарастырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланысты,осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары, еңбек құқығының кағидаттары (прин-циптері), еңбек құқығының субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; матери-алдық жауапкершілік, енбекті қорғау, еңбек даулары қарас-тырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланыс-ты, осы екі белімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жал-пы белімнің ережелері мен институттары Ерекше болімдегі накты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыкқа алынады.Еңбек құқығы кұқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің аткаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салала-рынан оқшауланып, ажыратылады.Еңбек кұқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қам-сыздандыру кұқыктарымен тығыз байланысты.