- •Азаматтардың конституциялық құқықтарын атаңыз
- •Азаматтық іс жүргізудің түсінігі және негізгі белгілері.
- •Азаматтық құқықтың қатысушылары
- •Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық билiктiң ерекшелiктерi
- •Әкімшілік жаза түсінігі және түрлері
- •Әкімшілік жауапкершілік түсінігі
- •Әкімшілік құқықбүзушылықтың түсінігі және белгілері.
- •Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •Әкімшілік құқықтың субъектілері
- •Деликтқабілеттілік дегеніміз не
- •Демалыс уақыты түсінігі және түрлері
- •Еңбек дауларының түсінігі.
- •Еңбек құқығының субъектілері
- •Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны
- •Еңбектік құқықтық қатынастардың белгілері
- •Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлері
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлерін талдаңыз
- •Зейнетақы ұғымы және зейнеткерлік жастар
- •Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары.
- •Конституциялық құқық дегеніміз не
- •Қазақстан зайырлы мемлекет түсінігі
- •Қазақстан құқықтық мемлекет түсінігін талдаңыз
- •Қр азаматтарының құқықтық мәртебесі
- •Қр азаматтығын алу және тоқтату негіздері
- •Қр атқарушы билік органдарын атаңыз
- •Қр Конституциясы бойынша Президенттің өкілеттігі
- •Қр Конституциясына сипаттама
- •Қр Конституциясының құрылымы
- •Қр сайлау жүйесі
- •Құқық бұзушылық және заңды жауапершілік.
- •Құқық қорғау органдарының бағыттары
- •Құқықтық катынастардың объектілерін атаңыз
- •Құқықтық сана дегеніміз не
- •Құқықтың негiзгi мақсаты
- •Қылмыс құрамы.
- •Қылмысқа қатысу түсінігі және түрлері
- •Қылмыстық жазалардың түрлері, талдаңыз
- •Қылмыстық жауапкершіліктен босататын мән жайлар.
- •Материалдық құқық нормалары.
- •Мемлекет нысаны
- •Мемлекет түсiнiгi және оның функциялары
- •Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері
- •Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не
- •Мемлекеттің белгілері.
- •Мемлекеттің функциялары.
- •Мәміле түсінігі және түрлері
- •Неке шартының түсінігі
- •По алфавиту
Әкімшілік құқықтың субъектілері
ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.Оның мынадай түрлері бар:1) жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық ұйымдар және олардың қызметкерлері)Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да «азамат» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның мемлекетпен тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден, «азамат» деп құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары да оның субъектісі болып табылады. Азаматтар өмір бойында барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде мемлекеттік басқару органдарымен соқтығысады, өйткені олар азаматтар үшін көбінде мемлекет өзі сияқты көрінеді. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынасқа түскенде азаматтардың көптеген құқықтары жүзеге асырылады, және керісінше, олардың қызметтерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары декларация болып қалыптасуына әкеледі. Қазақстанның қазіргі уақыттағы дамуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға, құқықтық мемлекетті орнатуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесі алдында басымдылығын тануға ұмтылуымен сипатталады. Адамның құқықтарын қорғау үшін өмір сүретін мемлекет рөлін қайта ойластыру азаматтардың мүдделеріне қызмет ету керектігін көрсетеді, мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынастарының мәнін түбірімен қайта өзгерту қажеттілігіне әкеледі. Бұл жерде әкімшілік құқықтың маңызы өте зор болмақ, өйткені әкімшілік – құқықтық нормалар ғана мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді; азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын дамытады және бақылайды; адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін құрастырады, мысалы, адамның өмір сүруге құқығы сияқты табиғи құқығының өзі де кейбір жағдайларда әкімшілік – құқықтық нормалармен байланыстырылады: өмірдің басталу сәті мен аяқталу сәті Денсаулық сақтау органдарымен анықталады; білім алу сияқты конституциялық құқықты жүзеге асыру білім туралы заңнамада және басқа да нормативті – құқықтық актілерде бекітілген бірқатар әкімшілік құқық нормаларымен байланыстырылған.
Деликтқабілеттілік дегеніміз не
Герман азаматтық құқығының Француз және Ағылшын құқығынан ерекшелігі Германияда үш термин қолданылады «әрекет қабілеттілігі», «құқық қабілеттілігі», «деликтік қабілеттілік».Деликтік қабілеттілік- бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірген шығынға азаматтық құқықтық жауапкершілікте болу қабілеттілігі.Деликтік қабілеттілік Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал РФ- да құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен басқа мәміле қабілеттілігі мен деликт қабілеттілігі терминдері қолданылады.Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы тұлғаның жеке заңы арқылы анықталады.Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына азаматтық заң (lex potriaie) және тұрғылықты жерінің (lex domisilii) заңы болып бөлінеді.Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға әр түрлі көзқараста қаралады.Мысалы, «жалпы құқық» мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания) азаматтың тұрғылықты жер заңы қағидасы қолданылады.Ал, континенталдық құқық жүйесі мемлекетінде (Франция, Германия, сонымен қатар ҚР-сы) азаматтық заң қағидасын басшылыққа алады. ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстандық азаматтармен тең азаматтық әрекет қабілеттілікке ие.Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллезиялық мәселелері көбінде әртүрлі мемлекеттердің заңдары әрекет қабілеттілігі жасын, яғни кәмелетке толу жасын әртүрлі белгілеу салдарынан туындайды.Мысалы, Франция АК-нің 488- бабына сәйкес, толық әрекет қабілеттілігі 18 жастың соңғы күні біткен кезде пайда болады. Ал, Англияның 1969 жылғы «Отбасы құқығын реформалау туралы» заңда адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі.АҚШ штаттарында кәмелетке толу жасы әртүрлі белгіленген, ол 18-21 жас аралығы.ҚР-да ҚР-ның АК-нің 17- бабына сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа толғанда ие болады.Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеуде мемлекеттерде бірдей бола бермейді.Мысалы, Германия Азаматтық заңына сәйкес 7 жасқа толған бала толық түрде әрекетке қабілетсіз болып есептеледі. 7 жастан 18 жасқа дейін әрекет қабілеттілігі шектеулі.
