Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Әкімшілік құқықбүзушылықтың түсінігі және белгілері.

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару;2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы;3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет;4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.;5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқықтық қатынастар

Әкімшілік-құқыктық катынастар құкықтық катынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтык қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құкықтық қатынас тиісті кұкыктык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған зандык нысан беретін, ретгеушілік ыкпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдармн (мінез-құлықтарын) кұқыктық нормамен реттеу: құкықтык нормамен белгіленетін құкыктық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен қүқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с. Сонымен, әкімшілік-қүкыктық катынастар — бұл әкімшілік құқык нормаларымен реттелінген басқарушылык коғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құкыктык нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен кұкықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік-құкықтык катынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылык пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құкыктың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық кызметтен ту-ыңдайтын ерекшеліктері бар. Бұл құқыктық катынастардың катысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одактар т.с.с.); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі баскару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер. Әкімшілік-кұқыктық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әркашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-кимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады. Әкімшілік-құқыктық катынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:1.Басты ерекшелік — тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа тарапқа катысты әркашанда зандық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, баскару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі коғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінін биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтык катынастар болуы мүмкін емес.2. Әкімшілік-қүкықтық катынастар тараптардың қайсысының болса да — басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың — ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтык-құкыктык қатынастардан ерекшелейді.  Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-кұқыктык қатынастарға түсуі тек кана мүмкіндігі емес, сонымен катар, көпшілігіне, олрадың тікелей міндеті екендігін ескеру керек. 3.Тараптардың арасындағы әкімшілік-құкыктык даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті баскару органының немесе лауазымды адамның тікелей зандык биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.4. Әкімшілік-құқықтык нормалардың талаптарын әкімшілік-құкыктық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың аддында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамнын) алдында пайда болады.  Әкімшілік-құкыктық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген зандарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-қүқыктық даулар тобының кеңейе түсуі занды тенденцияға айналып келеді. Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының зандык сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу кұкықтық катынастар бөлінеді. Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шын-дығында тіке қатынаста бір тараптың заңдык-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, баскарудың төменгі органында). Көлбеу әкімшілік-құқықтык қатынастар болып, солардын шеңберінде тараптардың шындығында және занды түрде тен құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды. Көлбеу катынастары мемлекеттік баскару саласында, тікелік қатынастар сиякты, соншалыкты кең қолданылмайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]