- •Азаматтардың конституциялық құқықтарын атаңыз
- •Азаматтық іс жүргізудің түсінігі және негізгі белгілері.
- •Азаматтық құқықтың қатысушылары
- •Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық билiктiң ерекшелiктерi
- •Әкімшілік жаза түсінігі және түрлері
- •Әкімшілік жауапкершілік түсінігі
- •Әкімшілік құқықбүзушылықтың түсінігі және белгілері.
- •Әкімшілік құқықтық қатынастар
- •Әкімшілік құқықтың субъектілері
- •Деликтқабілеттілік дегеніміз не
- •Демалыс уақыты түсінігі және түрлері
- •Еңбек дауларының түсінігі.
- •Еңбек құқығының субъектілері
- •Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны
- •Еңбектік құқықтық қатынастардың белгілері
- •Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлері
- •Заңды тұлға түсінігі және түрлерін талдаңыз
- •Зейнетақы ұғымы және зейнеткерлік жастар
- •Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары.
- •Конституциялық құқық дегеніміз не
- •Қазақстан зайырлы мемлекет түсінігі
- •Қазақстан құқықтық мемлекет түсінігін талдаңыз
- •Қр азаматтарының құқықтық мәртебесі
- •Қр азаматтығын алу және тоқтату негіздері
- •Қр атқарушы билік органдарын атаңыз
- •Қр Конституциясы бойынша Президенттің өкілеттігі
- •Қр Конституциясына сипаттама
- •Қр Конституциясының құрылымы
- •Қр сайлау жүйесі
- •Құқық бұзушылық және заңды жауапершілік.
- •Құқық қорғау органдарының бағыттары
- •Құқықтық катынастардың объектілерін атаңыз
- •Құқықтық сана дегеніміз не
- •Құқықтың негiзгi мақсаты
- •Қылмыс құрамы.
- •Қылмысқа қатысу түсінігі және түрлері
- •Қылмыстық жазалардың түрлері, талдаңыз
- •Қылмыстық жауапкершіліктен босататын мән жайлар.
- •Материалдық құқық нормалары.
- •Мемлекет нысаны
- •Мемлекет түсiнiгi және оның функциялары
- •Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері
- •Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не
- •Мемлекеттің белгілері.
- •Мемлекеттің функциялары.
- •Мәміле түсінігі және түрлері
- •Неке шартының түсінігі
- •По алфавиту
Әкімшілік жаза түсінігі және түрлері
Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:1) ескерту;2) әкімшілік айыппұл;3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;5) арнайы құқықтан айыру;6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу;9) әкімшілік қамау;10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару; Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:ескерту жасау;әкімшілік айыппұл салу;әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.; жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;әкімшілік қамауға алу;шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі
Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырылмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 - 43 бабарында қарастырылған:1) қажетті қорғану;2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;3) аса қажеттілік;4) негізді тәуекел;5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;6) бұйрықты немесе өкімді орындау;7) ақыл есінің кемдігі (33 бап). Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):1) кінәлі адамның өкінуі;2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
