Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Мәміле түсінігі және түрлері

Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады. Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.1)Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.2)Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.3)Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.4)Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.5)Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу,айырбасрента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.