Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Мемлекет түсiнiгi және оның функциялары

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.Мемлекет оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:1. Бұқаралық биліктің болуы.2.Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.3.Салық жүйесі.4. Егемендік..5. Құқық.Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады. Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:1. Бұқаралық  (көпшілік ) билік.2. Аппараттық билік.3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні — бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:- таптық;- жалпы әлеуметтік.Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған  мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат — міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары — өзгеріп отыратын категория.Мемлекет функцияларының  классификациясы:а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;б) маңызына байланысты  - негізгі және қосалқы;в) қоғамдық өмірдің қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты —  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Мемлекет  функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.Құқықтық нысандарына  мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.

Мемлекеттік қызмет қағидалары

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар мағынада да түсінуге де болады. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылатын. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік -  басқару   қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы өкім етушілік (мемлекеттік – басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналады.Әкімшілік – басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін объектісі болды.1995 жылға дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты – бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші шормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 – шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.Аталған заң бойынша    мемлекеттік қызметші   — мемлекеттік қызметшілердің   мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.1999 жылғы 23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда былай белгіленген:«а)мемлекеттік қызмет кәсіби  негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекуеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;б) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. (мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің лауазымдары). Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты;в) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады – заңда оларды мемлекеттік органның   құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік   лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі;д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды; ж) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшалай ақы алады.  Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекет құратын лауазымдарға орналасқан және шындығында мемлекетте қызметте болатын адамдардың жұмысына қолданылмайды. 1999 жылғы 23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3 – бабы бойынша принциптері берілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: 1)Заңдылық; 2)Қазақстандық патриотизм; 3)Мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; 4)Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; 5)Жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6)Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіругінің еріктілігі; 7)Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі; 8)Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу; 9)Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттілігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;