Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Құқықтың негiзгi мақсаты

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады

Қылмыс құрамы.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» — делінген.Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес. Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық – құқықтық үлгі. Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті  мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.). Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында – кінә.Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық; Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.