Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Құқық қорғау органдарының бағыттары

1. Құқық қорғау қызметі дегеніміз - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің атынан оның арнаулы өкілетті органы  жүзеге асыратын қызмет.Құқық қорғау қызметінің төменде  көрсетілген бағыттарын бөліп қарастыруға  болады: 1) конституциялық бақылау;2) сот төрелігі;3) соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;4) прокурорлық қадағалау; 5)қылмыстарды анықтау және тергеу;6)заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.Құқық қорғау қызметінің негізгі  бағыттарын құқық қорғау органдары  жүзеге асырады, олардың қатарына:1.соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы сот әкімшілері);2.прокуратура органдары;3.қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Әділет Министрлігі, Қаржы полициясы қызметінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);4.құқықтық көмек пен  құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыратын  органдар (адвокатура, нотариат).2. Құқықтық қамтамасыз  ету саласында мемлекеттің саясатын  іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы билік органы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі болып табылады. Әділет органдарының біртұтас жүйесіне:- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің комитеттері;аумақтық әділет органдары мен мекемелері;қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары;мекемелер және өзге де бағынышты ұйымдар кіреді.

Құқықтық катынастардың объектілерін атаңыз

ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ – құқықтық қатынасты туғызатын, құқық нормаларымен реттелетін нақтылы қоғамдық қарым-қатынас. Адам тек құқықтық қатынастың субъектісі болады, ал адам құқықтары мен бостандығы және міндеттері Құқық объектісіне жатады. Құқықтық қатынастар мен қоғамдық қатынастардың ортақ объектілері: мүліктік құндылықтар, жеке бастың игіліктері, субъектілердің іс-әрекеті, рухани шығарм. туынды, құнды құжаттар мен ресми қағаздар.Азаматтық құқық қатынастар объектілеріне әр түрлі түсініктер беріледі және олар мыналар:-азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетеріне  бағыталатын объектілері;- азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебебі болатын материалдық және рухани игілік; - объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық.Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.«Жылжымайтын мүлік» — Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады.«Кәсіпорын» азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда «кәсіпорын» туралы «Заңды тұлға» тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады.  Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады. Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген.Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз.Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады.