Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Қр Конституциясының құрылымы

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдай мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады. Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және оны қабылдаған ерекше субъект – Қазақстан халқына сілтеме жасайды. «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бөлім Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер мемлекеттік құрылымның негіздерін құрайды. 2-бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Баптарда адамның құқықтық мәртебесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде республикада адам және азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері мен нормалары құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді (12-бап). 3-бөлім Қазақстан Республикасы Президентіне арналған. Басқарудың президенттік нысаны конституциялық түрде бекітілді. Осы орайда жаңа Конституция бойынша Қазақстан мемлекетіндегі басқару жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институтын барынша нығайту болып табылады. 4-бөлім заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретіндегі Парламенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сөйтіп, халық атынан заң шығару билігін өкілетті жүзеге асырушы идея ретінде парламентаризм одан әрі дамуда.5-бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негіздерін белгілейді. Үкіметтің және Премьер-Министрдің құзыреті конституциялық түрде бекітіледі. Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады. 6-бөлім Конституциялық Кеңестің құқықтық жағдайын айқындайды. Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді (72-баптың 4-тармағы). 7-бөлім сот жүйесіне және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің негізгі принцптеріне арналған. Тұңғыш рет Конституцияда соттардың тұрақтылығы принциптері (79-баптың 1-тармағы), сондай-ақ соттардың нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгінуге мүмкіндігі барлығы бекітілді (78-бап). 8-бөлім жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың негізгі бастауларына анықтама береді. Конституцияның 85-бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті жергілікті маңызды мәселелерді шешкен кезде тұрғылықты халықтың дербестігін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы 9-бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды. Бұл Конституцияға екі рет 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. 

Қр сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция,Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]