Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Қр Конституциясы бойынша Президенттің өкілеттігі

ҚР Президенті - жеке дара ең  жоғарғы мемлекеттік  орган болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес  ҚР Президенті  Қазақстан Республикасының  ел басы болып табылады және адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағыттарын  белгілейтін, Қазақстанды ел ішінде, сондай-ақ халықаралық қатынастарда  білдіретін ең жоғарғы  лауазымды тұлға болып табылады. ҚР Конституциясында белгіленген тәртіпте ҚР егемендігін, оның тәуелсіздігін және мемлекеттік біртұтастығын  қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Мемлекеттік  биліктің барлық тармақтарының келісімді қызмет етуін,  билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді. ҚР Президенті конституциялық заңға сәйкес рспубликаның  кәмелеттік жасқа толған  азаматтарымен жалпы, тең және тура  сайлау негізінде  құпия дауыс беру жолымен 7 жылға  сайланады. ҚР Президенті болып 35 жасқа толған республикада туған,  мемлекеттік тілді жетік меңгерген,  Қазақстанда ең кемінде 15 жыл тұрған  азамат бола алады. Бірақта азамат екі реттен артық сайлана алмайды.  ҚР Президенті  ауырған жағдайда  ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болған кезде  лауазымынан өзінің міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Жаңа ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы  ҚР Президентінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын  тоқтатылған сәтінен бастап екі ай мерзімінде өткізілуі тиіс.ҚР Конституциясы, 1995  жылғы 26 желтоқсандағы "ҚР Президенті туралы"  конституциялық заңында  құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік кепілдіктер белгіленген.Президенттің  қызмет етуінің құқықтық кепілдіктері оның мынаған өкілеттілігінен көрінеді:- халық пен мемлекет атынан қатысуы;-халық пен мемлекеттік биліктің  бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының кепілі болуына;- мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының  келісімді қызмет етуін қамтамасыз етуі.-  ҚР егемендігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді; - халықаралық қатынастарда және  ішкі саяси өмірде ҚР атынан қатысады;- мемлекеттік билік пен басқару органдары мен институттарын құрады;-ҚР бүкіл территоиясында міндетті күші бар   жарлықтар мен өкімдер шығарады;ҚР Президентінің  қызмет етуінің ұйымдық кепілдіктеріне мыналар жатады:- Парламентке кезекті және кезектен тыс  сайлауды белгілейді;- атқарушы және өзге де билік тармақтарының ұйымдық жүйесіне ықпал етеді;- Конституцияда қарастырылған  жағдайда және тәртіпте Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін  мерзімінен бұрын  тоқтатуға құқылы;- аса маңызды сұрақтар бойынша Үкіметтің отырыстарында  төрағалық етеді;-Президенттің әкімшілігін  құрады. Әлеуметтік кепілдіктері мыналарды қамтамасыз етеді:- Президентті және оның отбасы мүшелерінің ар-намысын мен абыройын қорғау, мемлекет есебінен қызмет көрсетуді және  қорғауды  қамтамасыз ету;- сайлау институттары арқылы халықпен, белсенді сайлау құқығы бар азаматтармен, реферндум және жыл сайын халыққа жолдау жіберу арқылы тікелей,  үнемі байланыс  жасайды.ҚР Президентінің жауаптылығы  оның  әкімшілік - құқықтық мәртебесі ретінде өзінің ерекшеліктері болады. ҚР Президенті  ҚР Конституциясының 47 бабына сәйкес өзінің міндеттерін атқару кезінде  жасаған әрекеттері үшін жауапты, мемлекетке опасыздық  жасаған жағдайда ғана  Парламент орынан алып тастауы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]