Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Қр азаматтарының құқықтық мәртебесі

ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.Әкімшілік құқық сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде нақтыланады.Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.Ұйымдық – құқықтық кепілдіктерге соттық және соттан тыс кепілдіктер жатады.Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.

Жалпы әкімшілік шағым жасауға құқық ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы «Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес шағым азамататрдың шағмыдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар) және олардың құқықтарын бұзу фактісімен байланысты.Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері:- мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды;- мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;- әскери міндетті емес;- құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;- тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады;- ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады;- шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады;- шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет.- шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

Қр азаматтығын алу және тоқтату негіздері

10-бап. Азаматтық алу негiздерi: Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша;  2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесiнде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; 4) осы Заңда көзделген өзге де негiздер бойынша алынады. Ескерту. 10-баптың 3) тармақшасына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматыболып табылатын баланың азаматтығы:Бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болғанжағдайындағы баланың азаматтығы:Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:   1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;  2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бiрақ, ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуiнiң де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жерi болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде бiлдiрген келiсiмi бойынша анықталады.  Бала туған кезде ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екiншiсi азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгiсiз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.   Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.  Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.13-бап. Ата-анасы белгiсiз баланың азаматтығы:Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының ҚазақстанРеспубликасы азаматтығын алуы:Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен. 15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау:Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтiнiштерi бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкiн.   Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.  Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынақабылдау шарттары:Қазақстан Республикасының азаматтығына:  1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негiзде кемiнде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемiнде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.  Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.  Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.  Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, өзгерту  енгiзiлдi- Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322, 2004.10.04. N 600, 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.17-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдауданбас тарту негiздерi:Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш жасаушы адам:  1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы iс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекетi үшiн сотталған болса; 6) сот ерекше қауiптi баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттiң азаматы болса, оның өтiнiшi қабылданбайды.  Осы баптың бiрiншi бөлiгi 7) тармақшасының ережелерi осы Заңның 16-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген және шетелдiк азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшпен iшкi iстер органдарына жүгiнген адамдарға қолданылмайды. Жүгiнген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай жүгiну фактiсi туралы ақпарат, олардың шетелдiк паспорттары шет мемлекетке жiберiледi. Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.18-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпынакелтiру:Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Осы Заңның 16-бабының бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының ережелерi бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамдарға қолданылмайды. Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.Азаматтықты тоқтату:19-бап. Азаматтықты тоқтату негiздерi:Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.20-бап. Азаматтықтан шығу:Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгiленген тәртiппен жасаған өтiнiшi негiзiнде рұқсат етiледi.  Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерi байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкiн.  Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адам айыпкер ретiнде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берiлмейдi.21-бап. Азаматтықтан айырылу:Қазақстан Республикасы азаматтығынан:  1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттердi қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауiпсiздiк қызметiне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;  2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса; 3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттiң азаматтығын алған болса, айырылады. Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322, 2004.10.04. N 600Заңдарымен.