Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Конституциялық құқық дегеніміз не

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция,прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:міндеттеу әдісі;тыйым салу әдісі;ерік беру әдісі;мойындау әдісі.

Қазақстан зайырлы мемлекет түсінігі

ҚР Конституциясының 1 бөлімі, 1 бабы: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.« Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады және бірде-бір дін міндетті немесе мемлекеттік болып белгіленбейді»  - Дін істері жөніндегі агенттік басшысы Қайрат Лама Шариф.Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.«Мемлекеттiң  зайырлылығы» деген тақырыпты қозғағанда, бұл ұғымға не кiретiнiн ашып айту қажет. Зайырлылық -- дiни бiрлестiктердiң мемлекеттен бөлiнгенiн және мемлекеттiк саясатқа араластырылмайтынын бiлдiретiн мемлекеттiң конституциялық сипаты. Мемлекеттiң зайырлылық сипаты ол дiни бiрлестiктермен мүлде байланыспайды, бiрлесе жұмыс жүргiзбейдi дегендi бiлдiрмейдi. Дiн iстерi агенттiгi азаматтардың дiни сенiм бостандығын  қамтамасыз етудегi дiн саясатын түсiндiрумен, дiни бiрлестiктер жөнiндегi заңнаманы  жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеумен  айналысады. Сонымен қатар қоғамдағы  тұрақтылыққа ықпал ететiн рухани ағартушылық шараларды өткiзедi. Дiни экстремизмнiң алдын алу шараларына ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Мемлекеттiң  зайырлылығы — iшкi тұрақтылық пен  өркендеудiң басты тiрегi. Бүгiнгi таңда зайырлылықты ортақ күш  қосып, бiрлесе қолдап, орнықтыра  түсу қажет. Елде руханилықтан ажырап қалу, дiни көзқарастардың радикалдануы секiлдi ымырасыз жағдайлардың белең алмауы үшiн күш бiрiктiру керек.Сонымен қатар дiннiң зайырлы қоғамның ажырамас бөлiгi екенiн, сондықтан Қазақстанда  дiндердi дамыту iсiне мемлекеттiң әрқашан көңiл бөлiп отыратынын атап айтқымыз келедi.Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, көптеген зайырлы  мемлекетте тұрғындардың басым көпшiлiгi белгiлi бiр дiндi ұстанатын болса, сол дiнге басымдық берiледi. Мысалы, конфессиялық құрылымы Қазақстанға  бiршама сәйкес келетiн бiрқатар ТМД елдерiнде кейбiр дiни бiрлестiктерге дәстүрлi конфессиялар мәртебесiн беру механизмi бар. Олар дiн саласындағы саясат мәселесiн нақты шешiп алған, соған сәйкес өз аумағында ежелден дамып келе жатқан, өз мәдениеттерiнiң негiзiн құрайтын дiндерге қолдау көрсетедi.Көптеген  зайырлы еуропалық мемлекетте де жағдай осындай. Мысал ретiнде көпконфессиялы қоғам бола тұра дәстүрлi дiндерге басымдық берiлген Германия, Франция, Италия мен  Бельгия мемлекеттерiн атауға болады. Олардың ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрасы сол дәстүрлi дiндер негiзiнде қалыптасқан.Бiздiң  елде Ислам мен Христиан дiнiнiң  Православие тармағы  санғасырлық тарихқа ие, оларды халықтың көп бөлiгi ұстанады.Мәдениетiмiздiң  маңызды құраушысы саналатын дәстүрлi Исламның қайта өркендеуi қазақ халқының рухани дамуына елеулi серпiн бердi. Бүгiнгi таңда Қазақстан тұрғындарының 70 пайызын құрайтын қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар, қырғыздар, тәжiктер, түркiмендер, шешендер, ингуштер, түрiктер, күрдтер мен дүнгендер сунниттiк Исламды ұстанады. Елiмiздiң  көпұлтты тұрғындарының ширек бөлiгiн  құрайтын орыстар, украиндар мен  беларустарды бiрiктiретiн екiншi негiзгi конфессия – Православие болып  табылады.Сонымен қатар, елдiң жалпы тұрғындарының  екi пайызын құрап отырған поляктар, немiстер мен еврейлер ұстанатын католик, протестанттық, иудаизм дiн iлiмдерiнiң игiлiктi рөлiн де ешкiм жоққа шығара алмайды. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн бұл конфессиялар Қазақстанда өз қызметтерiн еркiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алды.