Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Зейнетақы ұғымы және зейнеткерлік жастар

Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Зейнетақы төлемдері бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар мен сақтандыру (жекеменшік зейнетақы) қорлары ретінде құрылған зейнетақы және сақтандыру қорларының есебінен жүзеге асырылады.Зейнетақының екі түрлі мінездемесі бар.Оны жұмысқа қабілеттілігін жоғалтып алған қоғам мүшесінің өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Және де зейнетақы жұмысқа қабілетсіздердің қоғамдық өндіріске жұмсаған еңбегі мөлшерінің көрсеткіші болып табылады. Зейнетақы әлеуметтік мінез - құлқы бар ақшалай төлемдерге жатады, бірақта, сонымен қатар, оны экономикалық категорияға жатқызатын бірқатар ерекшеліктері бар.Біріншіден, зейнетақы ел халқының белгіленген категориясына – жұмысқа жарамсыздарға арналған. Яғни, ұзақ уақыт аралығындағы жұмысқа қабілетсіздер (ауыруына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздерге қарағанда) - бұл жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жұмысқа жарамсыздар. Берілген жағдайда зейнетақы жұмысқа қабілетсіз болып қалған жағдайдан бастап тұрақты мінез-құлыққа ие және де өмірлік іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін материалды қайнар көз болып табылады, және де берілген материалды игілікті тұтыну жекелей түрде болып келеді (спорт, дене шынықтыру, білім беру сияқты қоғамдық әлеуметтік төлемдерге қарағанда). Зейнетақының ең басты ерекшелігі жұмысқа қабілетті уақыт аралығында жұмсалған еңбектің көрінісі. Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында «зейнетақы» түсінігі туралы айтылған. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорлар мен Орталықтан төленетін зейнетақының жиынтығы. Аталған Заңмен келесі зейнетақы төлемдері қарастырылады:-Орталықтан – 1998ж. 1 қаңтарына қарай ҚР-ң заңымен белгіленген еңбек өтіліне пропорционалды алты айдан кем емес еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға төленетін ақшалай төлемдер.-Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – ҚР-ң заңымен белгіленген тәртіпте іске асырылатын алушыларға төленетін зейнетақы жинақтаулары.Орталықтан зейнетақы төлемдерi: 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда; 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда; 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;  2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда; 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары.

Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді:1)Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды.Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды.Сот приставы — төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.Сот орындаушысы — бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымдм тұлға.2)Іске қатысушы адамдар— тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мілімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар.Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды.Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед:1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді,2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.3)Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдарБұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]