Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Еңбектік құқықтық қатынастардың белгілері

Қоғамдык еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белгілері бар: 1) қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді; 2) қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше занды фактінің көмегімен жүзеге асырылады; 3) қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міңдетті; 4) қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.Еңбек құкығы пәніне құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай қатынастарды жатқызуға болады: 1) жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар; 2) ұйымдастыру-басқару; 3) әлеуметтік-экономикалық; 4) өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі; 5) тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына келтіру; 6) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау жөніндегі; 7) еңбек дауларын қарау жөніңдегі қатынастар.Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі -еңбек шартыболып табылады. Еңбек шарты — қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының зандары мен өзге де нормативтік құкықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдык шартга, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады

Жек тұлғалардың құқықтық мәртебесі туралы мәселе тұлға бір уақытта екі мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді.Мысалы, әке-шешсі Қазақстандықтар болып табылатын жаңа туған бала шетелде, яғни бұл ел заңы бойынша өз жерінде туғандардың барлығын мемлекет өз атына жатқызады (jus solii қағидасы), бұл жерде Қазақстан заңы бойынша Қазақстандық ата-анадан туған бала Қазақстан азаматы болып табылады (jus sanguines қағидасы қолданылады).Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық жағдайы оның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады. Бірақ бұл екі қабілеттілікте кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшеленеді.Мысалы, Англия мен Францияда құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігіБір терминмен анықталады. Яғни «қабілеттілік» деген бір ғана терминмен анықталады.Герман азаматтық құқығының Француз және Ағылшын құқығынан ерекшелігі Германияда үш термин қолданылады «әрекет қабілеттілігі», «құқық қабілеттілігі», «деликтік қабілеттілік».Деликтік қабілеттілік- бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірген шығынға азаматтық құқықтық жауапкершілікте болу қабілеттілігі.Деликтік қабілеттілік Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал РФ- да құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен басқа мәміле қабілеттілігі мен деликт қабілеттілігі терминдері қолданылады.Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы тұлғаның жеке заңы арқылы анықталады.Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына азаматтық заң (lex potriaie) және тұрғылықты жерінің (lex domisilii) заңы болып бөлінеді.Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға әр түрлі көзқараста қаралады.Мысалы, «жалпы құқық» мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания) азаматтың тұрғылықты жер заңы қағидасы қолданылады.Ал, континенталдық құқық жүйесі мемлекетінде (Франция, Германия, сонымен қатар ҚР-сы) азаматтық заң қағидасын басшылыққа алады. ҚР-да шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстандық азаматтармен тең азаматтық әрекет қабілеттілікке ие.Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллезиялық мәселелері көбінде әртүрлі мемлекеттердің заңдары әрекет қабілеттілігі жасын, яғни кәмелетке толу жасын әртүрлі белгілеу салдарынан туындайды.Мысалы, Франция АК-нің 488- бабына сәйкес, толық әрекет қабілеттілігі 18 жастың соңғы күні біткен кезде пайда болады. Ал, Англияның 1969 жылғы «Отбасы құқығын реформалау туралы» заңда адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі.АҚШ штаттарында кәмелетке толу жасы әртүрлі белгіленген, ол 18-21 жас аралығы.ҚР-да ҚР-ның АК-нің 17- бабына сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа толғанда ие болады.Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеуде мемлекеттерде бірдей бола бермейді.Мысалы, Германия Азаматтық заңына сәйкес 7 жасқа толған бала толық түрде әрекетке қабілетсіз болып есептеледі. 7 жастан 18 жасқа дейін әрекет қабілеттілігі шектеулі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]