Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
По алфавиту кукык негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
568.83 Кб
Скачать

Азаматтардың конституциялық құқықтарын атаңыз

Азаматтың құқығы азаматы болып табылатын тұлғаға мемлекет тарапынан бекітілетін құқықтар мен бостндықтар жиынтығы. Кез-келген азамат адам, бірақ кез келген адам азамат емес. Адам мен азамат конституциялық құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің жүйесі төмендегідей жеке бастарының құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік құқықтары және мәдени құқықтары мен бостандықтары сияқты бес бөлшектен тұрады.Азаматтың жеке бастарының құқықтары төмендегідей: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (15-бап.). Ешкімнің өз бетінше екінші бір адамның өмірін қиюға хақысы жоқ. Тек аса ауыр қылмыс жасағанда, қылмысы дәлелденіп, кінәлі деп табылған адамды ғана заң бойынша, сот мемлекет атынан өлім жазасына кеседі. Ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өкініш ету хақы бар; әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16-бап.). Адамның еркіндігін, бостандығын заңда көзделмеген жағдайда ешкімнің шектеуге құқы жоқ. Адамды құлдықта, қамауда, тұтқында ұстауға болмайды. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады,тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы; адамың қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды (17-бап.). Біреуді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, жала жауып ар-намысына тиюге, не жазалауға тиым салынады; әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына, ар-намысы мен абыройына қол сұғып, атына кір келтіруге болмайды (18-бап.). Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталкына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңды тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі

Азаматтық іс жүргізудің түсінігі және негізгі белгілері.

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілеріа) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;2) талап қоюмен іс жүргізу істері;3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;4) ерекше іс жүргізу істері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]