Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
филл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.25 Кб
Скачать

XVII-XIX ғ.Ғ неміс классикалық философиясы

Фи

лософтар

Философия-лық көзқарастар

Таным процесіндегі трактаттар (гносеология)

Адам өмір сүруінің трактаттары

И.Кант

Объективті идеализм, агности-цизм

Біз өзіміздің танымдық әрекет аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды, яғни, олар «өзіндік заттар».

Адам табиғи мақұлық ретінде ақыл негізінде бекітілген заңдарға бағынады. Ал ақылды бола отырып адам заңдар формасындағы абсолюттік моральдік міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-оймен қатар ерікке ие болғандықтан этика ақылды мақұлық ретіндегі адамға негізделеді

И.Фихте

Субъектив-ті идеализм

Әлемнің негізінде қандай да бір нақты «Мен» жатыр. Әлемді интеллектуалды сезім арқылы тануға болады. Таным әдісі: тезис, антитезис, синтез арқылы ақиқатқа жетуге болады.

Субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді. «Еріктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең».

Ф.Шеллинг

Идеализм

Дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ой - иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, оның бостандыққа ұмтылуына негізделген.

Адам - әлеуметтік мақұлық, онда қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

Г.Гегель

Объективті идеализм

Таным саласында абсолюттік идея немесе Гегельдің сөзімен айтса, абсолюттік рух өз дамуының соңғы дәрежесіне жетеді. Ол дәреже – Гегельдің философиялық жүйесі, яғни Гегельдің абсолюттік, бъективтік ілімі абсолюттік идеяның дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады.

Гегель адам жанын, рухын құдайы сипатта түсіндіреді. Құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух философиясы субъективті, объективті, абсолютті рух болып бөлінеді. Бұл кезеңдер – рухани еркіндік сатылары, субъктивтік сатыда рух жалғыз өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ «жан». Объективтік кезеңде «жанда» еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірдің табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: «...біріншіден, жан өзінің, идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылым, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алдамшы өзіндік болмысынан азат етеді, екіншіден, адамдардың белгісіз көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдыра отырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады».

72.Философияның пәні мәселесі қызметтері

Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapіens (саналы адам) Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.

73.Материяның негізгі атрибуттары: қозалыс, өзіндік құрылым, бейнелеу

Материя латын тілінен зат дегенді білдіреді. Ол 3ке бөлінеді:

1.Тірі материя

2. Өлі материя

3.Әлеуметтік материя

1. ҚОЗҒАЛЫС - материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі.; Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алсақ, қозғалыс - кез-келген өзгеріс, материалдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

Қозғалыс түрлері: Механикалық,физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік

Қозғалыс типтері: Сандық және сапалық

2.Өзіндік құрылым- күрделі динамикалық жүйенің сыртқы күйлері мен себептерсіз ұйымдасу процессі.

Бұл ілімді синеэркетика д.а. Авторы биологиялық ғалым Илья Пригожен

3.Бейнелеу- өзара қатынаста болатын жүйелердің ерекшеліктерін өз қасиеттерінде көрсетіп енгізілетін материя болмысының формасы. Ол: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді.

Әлеуметтік – қоршаған әлемді бейнелей алатын жоғары ұйымдасқан материяның негізі ретінде сана категориясы алынады.

74. Қайта өреу дәуірі философияның ерекшеліктері.

Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.

Өдіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты.

X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз.

75.Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері

Философия ұғымын зерттеу үшін, ең алдымен, оның нені зерттейтінін, адам мен қоғам өміріндегі орны қандай екенін түсіну керек. Ол тек ғылымдардың бірі ме, әлде ол ғылымнан жоғары нәрсе ме?

Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл күй мен мақсат мүдденің, үміт пен ниеттің тағы басқа түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдардың жиынтығы деуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»1

Дүниетанымның төрт аспектісін бөліп алуға болады: онтологиялық, гносеологиялық (танымдық), аксеологиялық (құндылық) және праксио­логиялық. Онтология - болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Практикалық немесе праксиологиялық қатынас – адамның әлемге және өзіне адам қызметінің шегі, тәсілі мен мүмкіндік жағынан қатынасы. Құндылық қатынас (аксиологиялық қатынас) – адамның әлемге және өзінің тіршілік әрекетіне қатынасын өмірдің мәні арқылы көрсету. Бұл арқылы адам мен әлем туралы басқа дүниетанымдық білім өзгереді, адам өміріндегі құндылықтардың мәнін түсіну (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-саяси және т.б). Адам болмысының екі ажырамас бөлігі – рухани және практикалық кезең. Бір жағынан адамның практикалық қызметі (адамның табиғаты және адам өзгерісі) танылған және жете түсінілген қызметке негізделген, яғни адамның шындықты рухани меңгеруі. Екінші жағынан, сана (білім мен құндылық) шындықты рухани меңгеру секілді өндірістік пен қоғамдық-тарихи қызмет нәтижесінде пайда болады және дамиды.