
63. Таныдағы ақиқат міселесі.
Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса, адамзатқа тәуелсіз, яғни, заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.
Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда, Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар, дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түсіреді. Ол – шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.
Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егер де жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни, олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактылық, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дар асуға алаңға әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше-түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан "шіркін, қандай сұлу жігіт еді",- деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп "қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың ",- десе, екіншілер "қазіргі жастар бұзылған",- деген "терең" пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактылық тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені, алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса, кездейсоқтық жағдайда жасағанын білмейді.
64
65
66. Догматизм, релятивизм. Абсолютизм ұғымдарының анықтамасы.
РЕЛЯТИВИЗМ - танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.
67. Орта ғасырлық мұсылман ф-дағы Мутаккалиттер мен МТАЗИЛИТТЕР:
Орта ғасырлық мұсылман ф-дағы Мутаккалиттер мен МТАЗИЛИТТЕР:
Мутакаллимдер мектебі |
Мутазелиттер мектебі (араб. ерекшеленгендер) |
Радикалды исламның жақтаушылары діни догмаларды философия тұрғысынан негіздеді. Аль-Ашари (ашариттер). Ашариттердің ілімі бойынша табиғат құдайдың ғажайып туындысы. Табиғат – байланыссыз және Құдайдан жаратылған атомдар мен олардың қасиеттерінің жиынтығы. Әлемде себеп-салдарлық қатынас болмайды, өйткені Жаратушы кез-келген денеге кез-келген пішін және кез-келген қозғалыс бере алады. Барлығы да құдайдың қалауында. Ақыл ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды. Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылыады.
|
Құдай мен адамның өзара қатынасын түсіндіруде ежелгі грек логикасы мен философиясының пайымдау әдістерін қолданған. Теология бастамасы (калам), мұсылмандық құқық пен қатар ғылымның дербес саласы ретінде (фикх). Әлем мен адамның жаратылысы жайлы, әлемнің алдын-ала анықталуы жайлы, құдайды антроморфтық тұрғыда елестету жайлы исламның дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқаттығын жоққа шығарды. Рационализм, материализм. Адамның әлемді тануға қабілеті /Хасан аль-Басри, Васил-ибн Ата/. Адам еркінің бостандығы мен моральдік жауапкершілігі. Еркін ойлау идеясы. Білім мен әрекеттің бүтіндігі жайлы ілім. Әлем атомдардан тұрады, олардың әрбіреуін Құдай басқарады. |
68
69
70
71.Неміс классикалық философиясының ерекшкліктері
«Классикалық неміс философиясы» түсінігіне Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель және Фейербахтың философиялық жүйесі кіреді. Салыстырмалы аз тарихи кезең ішінде бірін-бірі сабақтастыра отырып, бұл жүйе кейбір ортақ белгілерге ие болды. Оған біріншіден, диалектиканың дамуы «таза зердені сынау» әдісі ретінде ғана емес (Кант), тұтас жүйенің логикалық категориясы ретінде де қарастыруға болады. Диалектика, логика және таным теориясының тепе-теңдік принципі Гегель философиясында кең таралған. Екіншіден, диалектика әдісін тарихи процессте қолдану, объективті идеализм негізінде қоғамның даму заңдарын тұжырымдауға тырысты. Үшіншіден, тарихи прогресске сену, нәтижелі ғылыми танымға, оның ішінде философиялық танымға сену. Қорыта келе гуманизм адам құрал ретінде емес, мақсат ретінде пайдаланғандықтан оған деген шексіз құрмет (Кант) және философияның әмбебап нәрсесі ретінде (Фейербахтың антропологиялық материализмі).