Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
филл.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.25 Кб
Скачать

54.Адам - барлық заттың өлшемі

Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға – Протагор (481-411 б.ғ.д.(. Оның “Еватл деген софизмімен танысайық.

Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл алғашқы рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс.

Бірақ, Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға “мен сені сотқа беремін деп қорқытады. Оған Еватл: “келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен әлі бір сотты да ұтқан жоқпын, - дейді.

Сонда Протагор айтыпты: “Егер мен сотта сені ұтсам, онда сен төлейсің соттың шешімі бойынша, егер сен ұтсаң - онда бәрібір төлейсің, келісім бойынша.

Оған Еватл былай депті: “Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін, - келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша.

Осындай софизмдердің негізінде Протагор мынандай тұжырымға келеді: әр нәрсе жөнінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі пікір айтуға болады. Олай болса, мәселенің бір жағына шығу керек, оның кепілі – адамның өзі. Сондықтан Протагор өзінің атақты нақыл сөзін айтады: Адам - барлық заттың өлшемі, олардың барының барлығын, жоғының жоғын көрсетеді. “Адам - өлшем дегеніміз, маған қандай болып зат көрінсе, ол – сондай, ал саған керісінше көрінсе, ол саған - сондай. Оны қазақ “біреу тойып секіреді, екіншісі – тоңып секіреді– деген.

55.Хх ғ.Батыс Еуропа философиясының бағыттары мен ілімдері

ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi мен соның негiзiнде оны қайта өзгертудiң тамаша жетiстiктерiн көрсете бiлдi. Изиданың жапқышының үстiндегi “ Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелi пәнде менiң жапқышымның етегiн ешқашанда көтере алмайды,- деп жазған сөздердi адамзаты ХХ ғасырда терiске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игiлiгiне жұмсала басталды.

ХХ ғасырда пайда болған өндiргiш күштердiң қуаты бүкiл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып тұседi ! Бұл айтылған деректердiң бәрi де болашаққа деген оптимистiк өмiрсезiмiн тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштерi ертелi-кеш игерiледi деген сциентистiк көзқарастарды тудырды.

Бiрақ, бiз бұл жерде “шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете тұседi,- деген нақыл сөздi естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электростанциялармен бiрге өмiрде атомдық бомбалар пайда болып Хиросима мен Нагасакидiң трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердiң көбейуiне, ол жердегi өмiр сүрiп жатқан адамдардың геноцидке ұшырауына әкелiп соқты. Чернобыль атомдық станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкәппарлығын су сепкендей басып: “Тоқта, сен Құдай емессiң, аяғыңды байқап бас,- деген сияқты болды.

ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға толы. Бiр жағынан адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған “жерұйығын - коммунизмдi дұниеге еңгiзуге бағытталған орасан-зор батыл да қайғылы әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкелiп тiредi. Дұниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi екi бұрынғы-соңды болмаған Дүниежүзiлiк соғыстарға әкелiп, миллиондаған қыршын жастардың өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған залымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван-Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты ! Мұндай жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең тебiренiстердi тудырып “өмiр философиясын», әсiресе, экзистенциализм бағытын күшейтiп, оның “дiни және “атеистiк бағыттарын дүниеге әкелді

Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы өрлеуiн тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бiр жағынан, жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған елдердегi “алтын миллиард, екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да “миллиард, ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бұгiнгi таңда ХХ ғ орта кезеңiнде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп, ғасырдың аяғына қарай пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi.

Неопозитивизм ( neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағна бередi) - Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық - танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789 - 1857ж.ж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет.

ықтарға толы. Ендi мiне, бiз ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.

ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.

Герменевтика

Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.

Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.

Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады.

Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]