
1) Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Философияның күре тамырын өмір мен таным мәселелері сипатындағы сұрақтар құрайды. Руханилық пен материалдылық қандай қатынастаболады деген сұрақтар - философияның басты мәселелері. Философия – бұл адам болмысының негізгі мәселелерін зерделеуге және сол болмысты дамытуға бағытталған адам іс-әрекетінің түрі. Философияның мәні ақиқатты, ізгілікті, әсемдікті іздестіруде. Философия - адам іс-әрекетінің және қалай жүзеге асатынынын зерттейтін рухани саланың түрі. Оың ерекшiлiктерi
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).
4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
2) «У-вэй» «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік,
3) Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялықғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі. Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды. “Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдіңілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольфсекілді философтар тұсында бұзылды.
4) Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты. Ежелгі үнді философиясының кезеңдерін үш буынға бөліп қарауға болады. Ол кезеңдер мыналар:
Ведалық кезең (б.з.д. 1500-600жж).
Эпикалық шығармалар дәуірі (б.з.д. 6-3 ғ.ғ.)
Философиялық сутралар кезеңі (б.з.д. 3 ғасыр – б.з.2 ғасыры).
5) Философияның функциялары
1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда өзiнiң орының табуға, құлықтылық жол табуға көмектеседi. Адамға адам болуға көмектеседi.
2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн топтастыра, жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял арарқылы дүниеге толық, тұтас, жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.
3.Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен жамандық,еркiндiк және тендiк,әсемдiк пен гармония және т.б.) құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан).
4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық зандылықтарың ашады.Социумнiң дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.
5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани феномен ретiнде қарастырып, адамның өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен қарау, басқа адамдармен қатынас орнату).
6.Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық аппараты мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық фундамент болып табылады.
6) “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейер бах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әцелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.
7) ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.д.д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Ежелгі Қытай философиясы практикалық өмірмен тығыз байланысты болды. Сол кездегі ойшылдардың қалыптастырған ақыл-кеңестері, ережелері, ұсыныстары, тегеуірінді талаптары (императивтері) адамдарды дұрыс өмір сүруге бағыттады. Ежелгі Қытай философиясының даму барысында алуан түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға ұсынып отырды. “Алтын ғасыр” (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады. Конфуций мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі: “тең орта”, “адамгершілік” және “өзара сүйіспеншілік”. Осы үш ұғым бірігіп, “дао” (“дұрыс жол”) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
8) Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.
9) Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді. Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
10) Антика философиясының дәуірі 13 ғасырға созылды. Б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырда аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз:
Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VІІ-V ғасырларды алып жатыр. Осы уақытта Милет мектебі пайда болған. Бұл мектептің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Сондай-ақ, бұл кезде философияда Эфес мектебі және Элей мектептері пайда болған. Эфес мектебінің өкілі Гераклит. Элей мектебінің өкілдері: Парменид, Ксенофан, Зенон. Пифагорлықтар мектебі. Оның өкілі Пифагор. Атомистік мектеп. Оның өкілдері: Демокрит, Эвклид.
Классикалық кезең (б.з.б. V-ІV ғасырларда). Бұл кездегі философиялық мектептер: Афиналық мектеп, Софистер мектебі, Мегар мектебі, Киникалық мектеп. Софистер: Протагор, Гипий. Афина мектебінің өкілдері: Сократ, Платон, Аристотель. Киникалық мектеп өкілдері: Антисфен, Диоген.
Эллинистік философия. (б.з.б. ІV-ІІ ғғ). Бұл кезеңде Перипотетикалық, Академиялық мектептер жалғастырылды. Сондай-ақ Эпикур мектебі, Стоицизм, Скептицизм (өкілі Перон), Эклектизм (өкілдері: Филон, Антиох)
Рим философиясы (б.з. V ғ.) Сенеканың Стоицизм мектебі, Тит Лукреций Кардың Эпикуреизм мектебі, Марк Пули, Цицеронның эклектиалық мектебі, неоплотонизм философиясы қалыптасты. Неоплотонизмнің өкілдері: Плотин, Прокл.
11) Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалардүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризміндеорын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.
12) Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды акторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және онын өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.
13) Таным-бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным-адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным-адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе гносеология-бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
14) Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне грек философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты. Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама – қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды. “Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдіңілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольфсекілді философтар тұсында бұзылды. Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 17 – 18 ғ-лардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы “қатаң ғылым” ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.
15) XVIII ғасырдағы Францияның әлеуметтік-тарихи дамуы ешқандай ымырашылдыққа жол қалдырмаған алпауыттар мен буржуазияның шиеленіскен күрес жағдайында өтіп жатты. Франциядағы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан дайындау ісінде жалпы ағартушылық қозғалыстың маңызы ерекше болды. Олар алпауыттар билігіне, шіркеудің үстемдігіне қарсы табанды күрес жүргізді.
16) Жаңа Заман философиясы,
16. Жаңа заман философиясының басты ерекшелік
Қайта өрлеу дәуірі (Renaissance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз ХІV-ХVІ ғ.ғ. белгілейміз.
Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан калаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (еmрегіа, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интеллигенцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әртүрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай суретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т.с.с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалык нәтижесі жок ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылык ізденістері діннің шеңберінен шығып, жана көзқарасты талап етеді.
Ал бұл айтылған ойлардьң айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды «Studia Humanitatis» (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен Қайта өрлеу заманының өшпес нәтижесі - гуманистік (Humanus - латын сөзі, адамгершілік, адамдық) ағымньң сол кездегі коғам мәдениетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатка, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның қүдіретін, ар-абыройын көрсету болды.
Философтар Негізі ойлары Шығармалары
Ф. Бэкон «Идолдардан тазарған» және фактілерді қайта өңдейтін шынайы білім теориясы
«Өнегелі және саяси тәжірибелер мен насихаттаулар»,«Жаңа Органон», «Ғылымның құндылығы және оның артуы»
Б. Спиноза Өзіне-өзі себеп болатын және өзінің өмір сүруі үшін ештеңені қажет етпейтін табиғат туралы ілім
«Этика», «Саяси трактат», «Ақыл-ойды жетілдіру жайлы трактат»
Р. Декарт Дедуктивті әдіс жайындағы ілім «Философия бастауы», «Тәсіл жайлы пікірлер»
Дж. Локк Бастапқы және кейінгі қасиеттер жайындағы материалистік сенсуализм«Дінге еріктілік туралы хат», «Мемлекеттік теңсіздік жайлы екі трактат»,«Басқару туралы екі трактат»
Г. Лейбниц Монадалар жайындағы ілім«Монадология», «Адамның ақыл-ойы жайлы жаңа тәжірибелер»
Т. Гоббс Мемлекеттің шарттасу негізінде пайда болуы жайындағы ілім Левиафан «Мемлекет жайлы», «Табиғи және саяси заңдылықтардың бастауы»
17) Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды. Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол үлттың рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интеллектуалдык әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттау-ды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат түтады. Орыс филосо фиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Орыс философиясы- бұл әлемдік мәдениеттін ажырамас бөлігі .Философиялық таным үшін де, жалпы мәдени даму үшін де оның маңызы осында. Бұл XIX және XX ғасырлар арасындағы орыс философиясының ерекшеліктері түбірі орыс дәстүрлері негізінде әуел бастан Ресей дамуының тілтумалығы идеясын жариялаумен сипатталады.Орыс философиясының тағы бір сипаты оның Ресей тілтумалығын «орыс идеясы» арқылы көрсетуінде, яғни бүкіл хрестиян әлемін православие негізінде біріктіруге тиіс Ресейдің ерекше мессияндық ролін жариялау арқылы білдіруінде болды. Басқаша айтқанда ,орыс философиясы өз ерекшелігінің алғышарты ретінде, оның діни бастауы ретінде тілтумалық идеясын дамытты.
18) Менің білетінім тек қана ештеңе білмейтінім²
Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика. Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.
Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге ақиқат келеді. Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.
19) Макиавелли Никколо (3.5.1469, Флоренция — 22.6.1527, сонда) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, И.бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет. Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі. Ерікті мемлекет халық пен ақсүйектердің ымыраласуына негізделуге тиіс; "аралас республиканың" мәні де осында — мемлекеттік органдар жүйесі аристократиялық және демократиялық мекемелерді қамтиды, олардың әрқайсысы халықтың тиісті бөлігінің мүдделерін таныта және қорғай отырып, сол мүдделерге басқа бөлігінің қол сұғуын тежеді.
20) Классикалық философия – антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл». Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
21) Креационизм – (латын creation – жаратушы, құрушы) бұл принципке сәйкес құдай шіріптің келіп кететін, өткінші үнемі өзгерісте болатын тірі және өлі табиғатты түк те емес жасады. Теоциетризм – (грек fheos - құдай) әлем туралы бұндай түсінікте барлық тіршіліктің көзі және себепшісі құдай. Ол әлем орталығы белсенді және оның басын жасаушы. Теоцентризм принципі - танымдылыққа таратылған, бұнда теология білім системасының ең жоғарғы сатысында орналасқан, онан төмен теологияда қызмет ететін философия, онан да төменірек – түрлі жеке және қолданбалы ғылымдар. Догматизм [ көне грекше: δόγμα - пікір, ой ] - тексерусіз, зертгеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік ойлау әдісі.
22) Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдікфилософиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мЕрекшеліктері:1)мифологиямен тығыз байланысты
2)басты проблемалары саясат және билік
3)Қытай ф-сы нақты жүйеде сақталмаған
4)Қытай ф-сы этика ритуал мәселелеріне көп мән береді
5)Қытай ф-сы әлемді біртұтас организм ретінде қарастырады және аспанға көп мән береді
6)Қытай ф-сы рәміздеріне иероглифтер мен гексограммалар жатады
Бағыттары:1)натурфилософтар.2)Конфуций мектебі.3)моизм.4)легизм.5)даосизм.6)атаулар мектебі
23.Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастарыәнін жоғалтты.
23) Әбу Насыр Әл-Фараби (Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне(хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
24) Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . Космоцентризм деп қоршаган ортаны, табиғат қүбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. Бұл көзқарас Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай басқа да Шығыс елдері және Ежелгі Грекия елдерінде дамыған. Перипатеттер мектебі, перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
25) Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770 ж. тамыздың 27-сі (Штутгарт, Алмания) — 1831 ж.қазанның 14-і) — неміс пәлсапашысы,немiс классикалық философиясы мен романтизм философиясы философтарының бiрі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильһельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы. Гегельдің ғылыми-шығармашылық қызметі Германиядағы саяси-әлеуметтік тұрмыстың елеулі өзгеріске ұшырап, елдегі ішкі қайшылықтардың күрт шиеленіскен кезеңіне тұстас келді. Сондықтан ол өзіне дейінгі ойшылдардың, әсіресе 17 — 18 ғасырлардағы ағылшын, француз ағартушыларының, дәстүрлі неміс ғылымы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің жетістіктерін мұқият зерттей отырып, дәйекті тарихилық жүйені ұсынды. Ол кез келген философиялық ілім нақты проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай жүріп келе жатқан тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болатынын айтты. Гегельдің бұл пікірі философия тарихында үлкен маңыз атқарды. Егер философия үнемі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның аясындағы нақты проблемалар ғылыми дамудың негізгі құрамдас бөліктері саналады. Тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп, жаңадан туындап отырады, ескілері заман талабына сай келмей, кейін ығыстырыла береді. Мұның барлығы саяси-қоғамдық өмірмен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының дамуымен, әсіресе, философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал әр ұрпақ, жаңа буын философияның алдында тұрған соны мәселелерден ғана емес, сондай-ақ, өткен дәуірден ауысқан проблемалардан да өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Гегельдің пікірінше, философия — өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды. Гегель өзінің “Рух феноменологиясы” (1807), “Логика ғылымы” (1812), “Тарих философиясы”, “Құқық философиясы” (1821), т.б. еңбектерінде тарихи даму иедясын тұтастай диалектика теориясына айналдырады. Қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне арналған алғашқы философиялық шығармаларының бірі — “Кім абстрактылы ойлайды” атты мақаласында, ал болашақ диалектикалық, зерделілік әдіске негіз қалады. Таным теориясының келелі мәселелерін көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан “сезімділік, пайым — нақтылықтық бейнесі, ал абстрактылық — ойдың жоғарғы даму үрдісімен тығыз байланысты” деген пікірге қарсы шықты. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нышаны екенін, тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана елігетінін сынай отырып, абстрактылы ойлаған адам өз ойына мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіздік танытатынын дәлелдеді.
26) Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды. Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі.
27) «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды...»афоризмінің анықтамасы.
Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық көрсетеді. Панта рей (pan ta rheі), бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, ешнәрсе қозғалмай тұрақты тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады,- деген терең пікір айтады. “Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз².
Ойшылдың бұл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен болып көрінгенмен оның суы үне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып отырады. Сондықтан, екінші реттей өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып кеткен. Сонымен қатар біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік.
Гераклиттің шәкірті Кратил біз бір реттей де өзенге түсе алмаймыз, өйткені, біз суға кіріп жатқанда олар сол сәтте ағып кетеді, оның орнына жаңа су толқындары келеді, біз өзімізде сол сәтте өзгеріп жатамыз,- дейді
28) Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. [1]
Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы,терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік жәнекоммунистік формациялардан тұрады.
29) Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Йасауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі.
30) Начало формы
Конец формы
Начало формы
30) Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады. Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.
31) Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
32) Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.Конец формы
33) Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам. Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі. Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы.[1] Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
34) Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Қазақ Философиясы[1] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын.
35) «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды. Қайта жаңғыру дәуірі [1] [2] Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды. Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша,Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
36) Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Материя дегеніміз кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқцылмас көп қасиеттері бар, алуан түрлі обьектілер мен системалардың сансыз көп жиынтығы біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады. Бірақ барған сайын жетілдіре түсіп отырған приборлар мен өлшеуіш құрылғылардың жасалуына байланысты адам таныған дүниенің аумағы ұдайы ұлғайып отырады.
37) Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Йасауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі.
38) Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында. Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан.
39) Рационализм [1](лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды. Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Эмпиризм - [[[Көне грек тілі|көне грекше]]: έμπειρία етрегіа - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Сенсуализм (лат. sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антик заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктер, эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризм солардан қалған.
40) негізгі мәселесінің шешімі жатыр. Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. Дүниенің біртұтастығын, бірлігін ой-өрісімен қамту үшін, біз мына сұраққа жауап беруіміз керек: Дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substantia - латын сөзі, негізінде, астында жатқан). Екінші жағынан, бұл Дүниені ең шегіне жеткен жалпылық тұрғысынан алып қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз: оның бірі материя(materia - латын сөзі, зат) - табиғат заты, екіншісі - сана - адамның ішкі жан-дүниесі, рухы. Жалпы айтқанда, жоғарыда көрсетілген үш ұғымда Дүниені зерттеудегі негізгі үш идея берілген. Ол - Дүниенің бірлігі, екіншіден - оның заттықсубстраты (substratum - негіз), үшіншіден қоғамның өз ішінен табатын материалдық емес, рухани тебіреністері. Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:
— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?
— Бізді қоршаған дүние таныла ма?
— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?
— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?
Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.
41) Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Осы принциптерді ұстанған еңбектің негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сұхбаты іспеттес жүргізіледі. Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясы әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар жайындағы» ойлармен ұқсас. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды. М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазған «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегі Орталық Азия өркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тайпаларының мұсылман әлеміндегі ірі әскери-саяси жетістіктері дәуірінде жазылды. Сондықтан түрік тайпаларының тілі мен мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетіп қана қоймай, оны насихаттау ретінде бұл еңбек өз жемісін берді. Еңбек мазмұнына, әсіресе, оның алғы сөзінде Аббасид халифы әл-Мұқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын көрсетеді.
42) Джон Локк /1602-1704 ж.ж/ ағылшын философ, психологы, педагогі. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады: 1) адамда «туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжіри арқылы пайда болады; 2) адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады; 3) ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік. XVII ғ. философ Джон Локк идеясынан басталады. “Нәресте таза тақтадай өмірге келеді, тәрбиелеушісі оған мазмұн жазады”.
43) Көне Греция философиясы — ежелгі пәлсапаның ірі екі тармақтарының бірі, Ежелгі Грекияда б.з.б. VI ғасырда пайда бола бастады. Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі. Аристотель – біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік – өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат – асыл қасиетке жетуде.
44) Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
45) Эпистемология - ғылыми таным теориясы. Танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейді. Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып — білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты — агностицизм деп атайды. таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді.
46) Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Конфуция адамды біріншіден әлеуметтңк өмірдің қатысушысы ретінде қарастыратын , көне философиялық мектеп . Бұл мектептің негізін қалаушы – конфуций болған , ол б.э.д. 551-479 ғ өмір сүрген . Ілімнің басты көзі –Лунь Юй шығармасы . Ерекшеліктері : Конфуцияның негізгі сұрағы : адамдарды қалай басқаруға болады және қоғамда өзін қалай ұстау. Бұл философиялық мектептің жақтастарына қоғамда бір біріне жұмсақ басқаруды жаөтайды , яғни бастық пен жұмысшы ара қатынасы әке мен баланыкіндей болу керек. Адамның қоғамдағы тәртібінің конфуциялық Алтын заңы өзіңе қаламағанды басқаға да қалама дейді. Конфуция ілімі Қытай қоғамының ұйымдасуына үлкен ықпал жасаған , әлі күйге дейін өз өзектілігін жойған жоқ. Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория. Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы»трактаттарда берілген. Легизм. Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады.
47) Бастапқы утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” – кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады. Кампанелла көптеген канцон, мадригал және сонеттердің авторы. Мордың айтуынша, беймәлім аралда әділетті қоғам орнатылған. Онда бай да, кедей де жоқ. Меншіктің түрі - қоғамдық ортақ меншік. Еңбек нәтижелері тең бөліске түседі. Алайда, Мор ортағасырлық қол еңбегінен басқа жұмыстың түрін білмеді. Сондықтан да оның "Утопиясы" қарабайыр, өнімсіз еңбекке негізделген қоғамды дәріптеген болып шығады. Әрине, Морды болашақ техникалық дамуды болжап біле алмады деп кінәлауға болмайды. Оның қияли социализмі еңбекші халық үшін тек арман болып қалған тоқшылыққа негізделген әдетті қоғам құруды уағыздайды, ол сонысымен ерекшеленеді.
4848.Абайдың Қара сөздерінің философиялық мәні
Ағартушылық философиясының аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 ж.ж.) - тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дұниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бұкiл адамзат көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi.
Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дұние, Адам - мiне, осы үш категория Абай философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжей талдайды. Дұние Жаратқанның құдiреттi күшi арқылы пайда болып өмiр сүрiп жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар - соңғылардың негiзi - Ғылымда. Жаратқанның үшiншi сипаты - Хаят, яғни Тiршiлiк (қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.) . Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 сипатын көрсетедi, бiрақ олар жоғарыда көрсетiлген негiзгi 3 сипатты нақтылайтын, тұсiндiретiн құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәмiг (сергектiк), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, барлыққа келтiрушi).
49) Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім – қәл ілімін игеріп, Құдайдың фазылымен берілетін – хәл іліміне жетуі керек. «Диуани хикметте» арифтердің Сұлтаны бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. «Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы» деген Ясауи р.ғ. Ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді. Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз – Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан. Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу. Суннаға негізделген дәстүрлі жолы: көппен бірге намаз оқу, таң сәріде ояу болу, дәретпен таза жүру, өзін үнемі Алланың құзырында сезіну.
50) Көне Үнді философия мектептері
.Көне Үнді философия мектептері
Астика Настика
Ортодоксалды Ортодоксалды емес
Ведалық ілім беделін Ведаларды терістейді немесе
мойындайды (Ведалар) олардың шындығына күмән келтіреді
1. Ньяя –қоршаған ортамен қарым- 1. Джайнизм (Джина – жеңіс) қатынасты үзе отырып, азап шегуді Шынайы жеңіс ол адамның өзін-тоқтату. өзі жеңуі, негізін қалаушы Вадхамана Махавира, адам
мәнін екі тұрғыдан қарастырады:
материалдық және рухани.
Карма концепциясы.
2. Санкхья –моральдік өзіндік 2. Буддизм – негізін қалаушы
сана Гаутама Будда – діни этикалық
«төрт даналық ақиқат».
3. Вайшешика – адам тұлғасының 3. Чарвака – локаята – материализм,
жетілуі феноменалдылықтан басқа, о дүниенің барлығын терістейді. Жердегі тіршіліктің соңғы максимасы осы нақты өмірде рахатқа бөлену.
51
Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.
407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.
389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.
367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.
Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:
себептілік;
заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
"Афиндік мектеп" фрескасында Платон
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
52.Буддизм ілімі. 4 ақиқат 8шарты
Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм.
Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.)
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді.
Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.
Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты:
Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын.
Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ. “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды, - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр.
Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне бұл мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жеккөруден арылса, ешнәрсеге байланбаса ғана әулиелік жолға түседі!
Зардапты тоқтатын жол бар – ол сегіз қырлы. Олар:
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеуде
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда
Міне осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол, дүниені көрсетіп, білім әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі.
53.Әл-Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі
Қауымдық, әлеуметтік мүдденің жекеден жоғары болуы - қайсыбір салауатты қоғамның рухани өмірі мен адамгершілік құндылықтары негізінде жатыр. Ол адамның әлеуметтік табиғатын көрсетіп, тұлға рухының іргетасын құрап, қоғамның шынайы бірлігін қамтамасыз ететін құндылық. Арам пиғылдық, пайдақорлық, Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, "динарды қуудың" негізінде ізгі қоғам орнату мүмкін емес. Ондай қоғам орнаған жағдайда адамдар мәңгі бітпейтін ұрыс-керіс, тартыс, бір-бірінен жаттану т.с.с. ақуалда болар еді.
Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі – бұл дүниеде алудан гөрі болуды жақтауы. Яғни, өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, "сегіз қырлы, бір сырлы" болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, еңбек етіп, самарқаулықтан арылуымыз қажет.
Әл Фарабидің ойынша, айналаңдағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: «...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді».