Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BBS wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293.78 Кб
Скачать

41Сұрак Консулдық қызмет

Консул – нағыз қара нардың жүгін көтеретін дипломат. Қандай да болмасын, шетелдерде жүрген еліміз азаматтары үшін тұрмыстық түйткілдерінен бастап, ірі мәселелеріне дейін шешіп отыратын консул қызметін қалай бағаласақ та сиятындай. Биыл қыркүйектің 27-сінде еліміздің Консулдық жарғысының Елбасы Жарлығы арқылы бекігеніне 10 жыл толды. Бұл нормативтік-құқықтық құжатты еш күмәнсіз консулдық қызметтің «конституциясы» деп атауға болады, өйткені онда еліміздің консулдық қызметінің мақсаттары, қызметтері, негіздері мен құрылымы және консулдық қызметтің көп қырлы аспектілері нақты айқындалғанКонсулдық Жарғы еліміздің консулдық құқығының негізі болып табылады. Консулдық жұмыс көпсалалы, егер бейнелі түрде айтар болсақ, консулдың бір өзі Сыртқы істер министрлігінің, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің кейбір бөлімдерінің қызметтерін, тіпті қажет тұсында атқарушы өкіметтің де қызметтерін қамтидыЖарғыға сәйкес, мемлекеттер арасындағы келісім бойынша жекелеген консулдық міндеттерді орындауды құрметті (штаттан тыс) консулдарға тапсыра алады. Сол ретте еліміздің азаматтары ғана емес, сонымен бірге шетелдіктер де құрметті консул бола алады.Жалпы, шетелдерде уақытша немесе тұрақты негізде тұратын Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау консулдық қызметтің басым міндеттері болып табылады. Шетелде тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде консулдық есепке тіркеуге тұрып, өздерінің тұрып жатқан жерлері, жұмыс және оқу орны туралы хабардар етулері қажет. Бұл мемлекет пен жекелеген азаматтардың мүдделерін түгендеу үшін қажет. Мысалы, форс-мажорлы жағдайлар туындағанда түйткілдің бәрін реттеу консулдың қызметіне тіреледі.

42

--Уақыт өте келе, дипломатиялық протокол нормалары да өзгеріске ұшырады.

Дипломатиялық протокол халықаралық категория оның нормалары барлық мемлекеттерде сақталуы тиіс, сонымен бірге әр елде дипломатиялық протоколдың өзіндік ерекшеліктері бар және де мемлекеттер оған өзгертулермен түзетулер енгізе алады.

Дипломатиялық протокол жаңа мемлекеттер танылғанда, дипломатиялық қатынастар орнатылғанда, дипломатиялық өкілдіктер басшылары тағайымдалғанда, сенім грамоталары тапсырылғанда, дипломатиялық сапарлар жасалғанда, сұхбаттар, келіссөздер жүргізілгенде, ресми делегациялар, халықаралық кеңесулер, конференциялар шақырылғанда, мерекелер және траурларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік әнұран ойнау және мемлекеттің туын көтеру этикеті, дипломатиялық хатал алмасулар және дипломатиялық корпуспен өкілеттілік жұмыс жүргізілгенде дипломатиялық протоколдың орны өте ерекше. [22]

Дипломатиялық протокол нормалары халықаралық сыпайылық ережесінен туындайды. Оны мемлекеттер мен дипломаттар сақтауға тырысады. Мәселен, халықаралық сыпайылық бір ел арқылы өткен дипломаттарға кедендік артықшылықтар мен иммунитеттер береді. Белгілі француз дипломаты Ж. Камбон айтқандай: «халықаралық сыпайылықты сақтамау шіркеуге бас киімді шешпеу немесе мешітке аяқ киім шешпеумен тең». [15]

Сонымен, дипломатиялық протокол нормаларын сақтау мемлекеттер арасында міндетті болып табылады, әйтпеген жағдайда мемлекеттер арасында күрделі шиеленістерге әкеліп соқтыратыны сөзсіз.

Өткен уақыттарда мемлекеттер протоколдын кейбір нормаларына заңи күш беруге және оларды халықаралық құқық нормаларына айналдыруға тырысқан тұғын. Осы мақсатта Наполеон соғыстарын аяқтаған 1815 ж Вена Конгресі және Қасиеті Одақтынң1818 ж Аахен Конгресінің орны ерекше. Олардын қабылдаған құжаттары халықаралық протокол нормаларын 150 жылдан астам реттеп, осы кезге дейін маңызды саяси құжаттар болып табылады.

Осы қаулыларға сәйкес, дипломатиялық өкілдіктер классы былай бөлінді: [1]

- елшілер-нунцийлер;

- уәкілдер-интернунцийлер;

- министрлер-резиденттер;

- тұрақты сенімді өкілдер.

43

--Дипломатиялық корпус -

берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;

дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.[2]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]