
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы бойынша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
1. Республика Президентi: 1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; 2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi; 3) алып тасталды 4) бекiту грамоталарына қол қояды; 5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; 6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi. 2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады. 3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
34
-- ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КАДРЛАРЫ,
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАҒАЙЫНДАУ
8-бап. Дипломатиялық қызмет кадрларының құрамы
1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарында жұмыс
iстейтiн дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн мынадай лауазымдар
белгiленедi:
1) Төтенше және Өкiлеттi Елшi, Қазақстан Республикасының
халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлi;
2) бас консул;
3) Кеңесшi-уәкiл (Тұрақты өкiлдiң орынбасары);
4) кеңесшi;
5) консул;
6) бiрiншi хатшы;
7) вице-консул;
8) екiншi хатшы;
9) үшiншi хатшы;
10) атташе;
11) референт.
2. Дипломатиялық қызмет кадрларын мыналар құрайды:
1) штаттағы дипломатиялық лауазымдарды, тұрақты негiзде атқаратын
қызметкерлер;
2) штаттағы әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды тұрақты негiзде
атқаратын қызметкерлер;
3) штаттағы дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды
келiсiм-шарт негiзiнде атқаратын қызметкерлер.
3. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық лауазымдар атқаратын адамдар дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi болып табылады.
Дипломатиялық қызмет органдары мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне жатпайды, олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен реттеледi.
4. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi дипломатиялық қызмет органдарынан Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарына ауыстырылған жағдайда Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервiне енгiзiледi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервi туралы ереженi Сыртқы iстер министрi бекiтедi.
5. Осы Заңның дипломатиялық дәрежелер беруге, дипломатиялық қызмет стажын есептеуге және әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелерiне қатысты бөлiгiндегi ережелер халықаралық ұйымдарға жұмысқа iссапармен жiберiлген, Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантура және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне қолданылады.
35
-- ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕР
10-бап. Дипломатиялық дәрежелер
Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне атқаратын лауазымы мен
бiлiктiлiгiн ескере отырып мынадай дипломатиялық дәрежелер берiледi:
1) атташе;
2) үшiншi хатшы;
3) II сыныпты екiншi хатшы;
4) I сыныпты екiншi хатшы;
5) II сыныпты бiрiншi хатшы;
6) I сыныпты бiрiншi хатшы;
7) II сыныпты кеңесшi;
8) I сыныпты кеңесшi;
9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
11-бап. Дипломатиялық дәрежелердi беру тәртiбi
1. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежелерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Басқа дипломатиялық дәрежелердi Сыртқы iстер министрi бередi.
Сыртқы iстер министрi беретiн дипломатиялық дәрежелердiң берiлу тәртiбi Сыртқы iстер министрi бекiтетiн ережемен белгiленедi.
2. Қызметкердiң дипломатиялық дәрежесi әдетте дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес немесе одан бiр саты жоғары не одан төмен болуға тиiс.
3. Дипломатиялық дәрежелердiң берiлуi тиiстi куәлiктер беру және қызметтiк тiзбеге (еңбек кiтапшасына) жазба жасау арқылы расталады. Дипломатиялық дәрежелер ғұмыр бойынша берiледi.
12-бап. Дипломатиялық дәрежелерде болу мерзiмдерi
1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi үшiн дипломатиялық
дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, II және I сыныпты екiншi хатшы үшiн -
екi жыл;
2) II және I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш
жыл.
I сыныпты кеңесшiден және одан жоғары дипломатиялық дәрежелерде
болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломатиялық
дәрежелерде болу мерзiмдерiне мыналар есептеледi:
1) Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппараты мен оған
бағынысты мекемелерде iстеген жұмыс;
2) шетелдiк мекемелерде iстеген жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы
аумағындағы өкiлдiктерiнде iстеген жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер
министрлiктерiнде iстеген жұмыс;
5) халықаралық ұйымдарда iстеген жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындары мен ғылыми
мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық қызмет;
7) Сыртқы iстер министрлiгi арқылы оқу орындары мен ғылыми
мекемелерiнде бiлiктiлiгiн арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлiгi уақытша жiберген жоғары оқу
орындарында, аспирантурада, докторантурада және ғылыми мекемелерде
оқу.
13-бап. Дипломатиялық дәрежелердi мерзiмiнен бұрын және
кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және
оны қалпына келтiру
1. Дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерi жекелеген жағдайларда, олар жұмыста елеулi табыстарға жеткен немесе ерекше еңбек сiңiрген кездерде дәрежесi жөнiнен белгiленген мерзiм бiткенге дейiн (мерзiмнен бұрын дәреже беру) көтерiлуi немесе оларды берудiң кезегiн сақтамай-ақ (кезектен тыс дәреже беру) өсiрiлуi мүмкiн.
2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен шығарылған адамдар Қазақстан Республикасының және болған елiнiң заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда, олар дипломатиялық дәрежесi жөнiнен төмендетiлуi немесе дипломатиялық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
Қызмет тәртiбiн бұзғаны үшiн не басқа да беделiне дақ түсiретiн әрекеттер жасағаны үшiн Сыртқы iстер министрлiгi жүйесiнен жұмыстан шығарылған жағдайда қызметкер сонымен бiрге дипломатиялық дәрежесiнен де айырылады.
Қызметкердi дипломатиялық дәрежесiнен айыру немесе оның дәрежесiн төмендету оның берiлген кездегiсi сияқты тәртiппен жүргiзiледi.
Қызметкердiң бұрынғы дипломатиялық дәрежесi қызметтiк аттестациялаудан өткеннен кейiн қалпына келтiрiледi.
36
—. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру
1. Дипломатиялық қызметке жоғары бiлiмi бар, өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкiлеттi елшiлерiн Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және керi шақырып алады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. (16-18-тармақтары)
Басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi жүргiзедi.
3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. Шет елдегi жұмыстан кейiн Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, бұрын Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.
5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш тұрған адамдар үшiн үш айға дейiн мiндеттi сынақ мерзiмi белгiленедi.
Сынақ мерзiмiнен өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
6. Бұрын сотталған және ақтала алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ ұнамсыз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
37--5. Өкiлдiктiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының өкiлдігі;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауды, оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық жолдармен және әдiстермен қамтамасыз ету;
орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау.
6. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының халықаралық саяси стратегиясын iске асыруға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетінде не халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының бiрыңғай саяси бағытын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Министрлiкке ұсыныстар табыс етедi;
орналасқан мемлекетiнiң мемлекеттiк органдарымен не халықаралық ұйыммен және оның шеңберiнде келiссөздер жүргiзедi және ресми байланыстарды қолдауға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы шеңберiндегi мақсаттары мен қағидаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға жәрдемдеседi;
Қазақстан Республикасының орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарына қол қоюды ұйымдастырады;
орналасқан мемлекетiне не халықаралық ұйымға iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкiлдерiне оларға жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетедi;
Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын iс-шараларды протоколдық-ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
орналасқан мемлекетi туралы ақпарат жинауды, орналасқан мемлекетiмен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасына, оның сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық қатынастар жүйесiндегi орнына талдау жасауды, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызметiн зерттеудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажетті ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасы мен орналасқан мемлекетiнiң не халықаралық ұйымның арасындағы экономика, мәдениет, ғылым саласындағы және басқа да салалардағы достық және өзара тиiмдi қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықтың нормаларымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпаратты орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда таратады;
Қазақстан Республикасы және орналасқан мемлекетi не халықаралық ұйым қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;
орналасқан мемлекетінде тұрып жатқан отандастарымызбен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетінде, сондай-ақ көршi мемлекеттерде төтенше немесе әскери жағдай орын алған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайда оларды қауiпсiз жерлерге шұғыл көшiруге дейiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының меншiгiн сақтау жөнiндегi қызметтi үйлестірудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7. Өкілдік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мемлекеттік ұйымдар) өкілдіктері (өкілдері) мен филиалдарының, және олардың қызметкерлерінің орналасқан мемлекетіндегі қызметін үйлестіруге;
2) орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардан толық ақпарат беруді және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын қызметті келісуді талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
38-- ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:
1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттiң сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге де құқылы.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;
2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;
3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;
4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттiк және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және мемлекеттiк қызмет туралы заңдарында көзделген шектеулер қолданылады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. ).
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу
1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;
2) бiржолғы ақшалай сыйақымен;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ведомстволық наградалармен;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.
2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
39
--1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;
2) ІІ және I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.
І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:
1) Сыртқы iстер министрлiгiндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс;
2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiндегi жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктерiндегi жұмыс;
5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;
7) Сыртқы iстер министрлiгiнiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiктi арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.
40
--Шетелдегi мекемеде жұмыс iстеген кезеңде кiшi жедел дипломатиялық қызметкерлер, (атташе, референт) лауазымда, қоса алғанда үшiншi хатшылыққа дейiн өсiрiлуi мүмкiн.
Атташе[1] (фр. attaché — сөзбе-сөз: бекітілген)
кіші дипломатиялық ранг;[2]
елшіліктер мен миссиялардағы дипломатиялық құрамның жауапты адамы;
басқа бір ведомствоның (дипломатиялық емес) өкілі, елшілікке немесе миссияға белгілі бір маман ретінде жіберілетін адам (мысалы, әскери атташе, сауда атташесі, пресс-атташе).
41Консулдық қызмет орта ғасырда сауда және теңізде жүзудің даму ықпалымен қалыртаса бастады. Консулдық мекемелер туралы алғашқы мағлұматтар шет елдік саудагерлердің қатысуымен территориялық саудамен байланысты болды. Саудадағы көпестерді консул деп атаса, олардың иеліктерін консулдық деп атап шет елдік көпестердің қатарынан арнайы консул тағайындалып отырылды. Еуропада алғашқа бас консулдық 1267ж орнады. Консулдар өз міндеттерін атқару үшін территорялық өкіметтің келісімімен жұмыс істеді. Олар консулдарға өздерінің келісімін растайтын құжаттар беріп отырды. Шығыста бұл құжатты берат деп атаса, батыста булла, диплом, атртықшылық деп атады.
20 ғасырда консулдық қатынасты реттейтін конвенциялық құжаттар пайда бола бастады. Бұл конвенциялар консулдық қатынастың шартты қайнар көздері ретінде енгізіліп, осыған мысал ретінде 1963 ж Консулдық қатынас жөніндегі Вена конвенциясын атап кетуге болады.[1]
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан жоғарыда атап кеткен халықаралық конвенцияға сүйеніп консулдық қызметін қалыптастыра бастады. Сыртқы саясатта шет елдермен қарым-қатынас орнату басты мақсат, осы мәселені көздей отырып шет елмен байланыс орнату СІМ жүктелген Осы бағытта СІМ ішінде сыртқы саясатты жүзеге асыратын әртүрлі бөлімдер құрылды. Соның бірі консулдық қызметті қамтамасыз ететін консулдық басқарманы атап кетуге болады. Кез-келген елдегі консулдық қызметке СІМ ң консулдық басқармасы мен консулдық бөлімі жетекшілік етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының СІМ консулдық басқармасы Қазақстанның барлық консулдық қызмет жетекшілігін және шет елдегі консулдық мекемелердің жетекшілігін іске асырады және оларға күнделікті тәжірбиеде көмек бере отырып, олардың қызметтерінің негізін өңдейді, қамтамасыз етеді.
Консулдық қатынасты орнату үшін әртүрлі формада келісім жүреді. Диплоаматиялық қатынасты орнату бір уақытта консулдық қатынасты орнатумен іске асырылып нота алмастырылады. Кей жағдайда консулдық қатынасты орнату дипломатиялық қатынасты оранатуға алып келеді. Сондықтан дипломатиялық қатынас үзілген жағдайда ереже бойынша консулдық қатынас сақталынады. Консулдық қатынас де-юре болмаған жағдайда де-факто ретінде танылады. Олар екі құжат негізінде құрылады: