Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BBS wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293.78 Кб
Скачать

102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.

Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР үшін маңызды ұйым БҰҰ Деп ойлаймын.Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым.1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

103-Дін және терроризм ұғымдарын байланыстыруға болмайды деген көзқарасқа не айтасыз?

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.

Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.

104-Интернет және ғаламдық жүйеның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы көзқарастар айтылуда. Осы туралы пікіріңіз?

Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. [1]

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. (Өз СӨЗІҢМЕН ЖАЗ)

105-ЮНЕСКО

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

106-жок

107 - БҰҰ-ның органдары, ресми тілдері, қызметіне сипат беріңіз

Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды. БҰҰ-ның ресми тілдерінің саны 6. Олар: араб, французский, русский, испанский, китайский, арабский. Оны қысқаша АФРИКА тілдері деп атайды.

БҰҰ-ның құрылымы 6 бас органнан тұрады:

  1. Бас ассамблея

  2. 2. Қауіпсіздік кеңесі

3. Экология және Әлеуметтік кеңес

4. Халықаралық сот

5. Қамқорлық жөніндегі кеңес

6. Секретарият

Мақсаты:

1. Халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2. Ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізгінде халық арасында достық қарым-қатынастарын дамыту.

БҰҰ принциптері:

1. Барлық мүшелері егемендi болу 192 мемлекет мүше.

2. Барлық халықтардың міндеттерін орындау.

3. Олардың арасында туындайтын дау жан-жалдарды бейбіт жолмен шешу

4. Басқа мемлекеттердің қарсы күш қолданам деп қоқан - лоққы көрсетпеу

Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну; 

2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентi үшін әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының іске асуына және халықаралық беделінің нығаюына ықпал ету; 

108-жок таппадым Айша

109 - Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру талаптарын атаңыз

 1. Дипломатиялық лауазымға жоғары бiлiмi бар, шет тiлiн меңгерген және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті іскерлік, моральдық, кәсіби қасиеттерге қол жеткізген әрі денсаулығы ойдағыдай Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.  2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады. Басқа қызметтерге тағайындау және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді. 3. Дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа тұру азаматтар міндетті арнайы тексеруден алдын ала өткен жағдайда жүзеге асырылады.  4. Шетелдегі жұмыстан кейiн Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық жұмыстың қызметкерi, осы Заңның 24-бабында көзделген жазаларға тартылмаған жағдайда, бұрын Сыртқы істер министрлігінде айналысқанынан кем түспейтін қызметке тағайындалады. 5. Дипломатиялық қызмет органдарына тұңғыш рет жұмысқа тұрған адамдар

110 - Халықаралық қатынастар ұғымына анықтама беріңіз

Халықаралық Қатынастар

Мемлекеттер, ұлттар, мемлекет одақтары арасындағы саяси экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық, байланыстары мен қарым-қатынасы.

Ықпал етуші факторлар

Әлемдік экономикалық; Әскери стратегиялық; Жекеленген мемлекеттердің ықпалы; Табиғи қорлардың шикізат және табиғат ресурсының ықпалы.

Халықаралық Қатынастардың ерекшелігі

Билік пен басқарудың біріңғай орталық ядросының болмауы; Полицентризм мен полицерархия негізінде құрылуы; Стихиялы процестері мен субъективті факторлардың үлкен роль атқаруы; Халықаралық Қатынастарды реттеуде заңдар емес, келісімдер, келісімшарттар үлкен роль атқарады.

Халықаралық Қатынастардың әдістері

Соғыс, Дипломатия, үміт - насихат

111 - 1919 жылғы Париж бейбіт конференциясы, мақсаттар мен державалардың ұстанымдары.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қаңтарында Парижде бітім конферен- циясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей қатыстырылмады.

Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім- шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті.

Француз делегациясы өзінің негізгі қарсыласы — Гер- манияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді.

Ұлыбританияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлы- ғын бөлісуде Ұлыбритания мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылшын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол Еуропада Франция күшейетін болса, оған қарсы Германия- ны пайдалануды ойлады.

Ұлттар Лигасын құру. Мандаттық жүйе. АҚШ пре- зиденті В. Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты рөл атқаруы ең қызу мәселелердің бірі болды. Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мем- лекет — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді.

Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919жылғы мамырда Ұлыбритания мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қам- қоршы ретінде мандат алды және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды.

112 - Мемлекеттік сапардың басқа сапарлардан ерекшеліктерін атап көрсетіңіз

Мемлекеттік сапарлар. Жалпы қабылданған дәстүрге сәйкес мемлекеттік сапарлар шет мемлекет Басшысының сапарының аса жоғарғы категориясына жатқызылады. Мұндай сапарды негізінен шет мемлекет Басшысының осы қызметте отырған уақытында, ерекше жағдайда және бір рет жасайды. Мемлекеттік сапар кезінде аса мәртебелі мейманды қарсы алу, кездесулер өткізу мен шығарып салу айрықша жоғарғы деңгейде өткізіледі.

Жалпы алғанда мемлекеттік сапарлар церемониалды және ресми іс-шараларының ұйымдастырылуы жағынан ресми сапардың форматына сәйкес келеді.

113 - Қазіргі таңдағы халықаралық саясаттағы бейбітшілікті сақтаудағы БҰҰ-ның іс-әрекеттері

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

Барлық уақытта кез келген мемлекет үшін көршілерімен жақсы қарым- қатынасты сақтау мәселесі басты міндет болғаны белгілі, ол өзара қолдау көрсету мен ынтымақтастықтың алғышарттары болып табылады. Бұл ретте, жылдың сыртқы саясатындағы басты нәтижесі деп бүгінгі таңда Қазақстанның шекара бойымен сенімді «тұрақтылық белдеуі» барын айтуға болады. Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны де- лимитациялау туралы келісімге қол қою, Ресей Федерациясымен шамамен 80% ше- кара сызығы бойымен делимитациялау жұмыстарының аяқталуы үлкен маңызға ие.

2002 жыл бірқатар халықаралық сәтті бастамаларға толы болды және олар Қазақстанның әлемдік аренадағы өсіп келе жатқан беделін айқындай түсті. Осы жылы Қазақстан белсенді сыртқы саяси қызметінің арқасында халықаралық сенім білдірудің жаңа деңгейіне шықты және беделді халықаралық форумдардың және жоғары деңгейдегі көпжақты кездесулердің орталығы ретінде бекіді.

Алматы қаласында өткен әлем елдерінің қолдауын тапқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) I саммиті қазақстандық дипломатияның маңызды серпілісі болды. Форум жұмысына АӨСШК-ке қатысушы 16елдің өкілді делегациялары, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, бақылаушы- елдер секілді халықаралық ұйымдар да қатысты. Мемлекет басшысы Азия елдері көшбасшыларының басын қосқан саммитті «Қазақстанның дипломатиялық доктринасының квинтэссенциясы», біздің мемлекеттің халықаралық ашық ынтымақтастыққа ұмтылысының бейнесі деп атады. Кездесуді

114 - ТҰК (ТНК)-ның жаңа әлемдік саясат жасаудың рөлі қандай?

Қазіргі заманғы ТҰК бар халықаралық тауар және көрсетуге қосымша,ХХI ғ. басында әлемде 83 мың халықаралық компаниялар болды.500 ең ірі халықаралық корпорациялардан 85-і шетел инвестициясының 70%Әлемдік шаруашылықта 400-500 ТҰК құрылды. Соның өзінде 300 корпорацияХалықаралық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ, ЕО және Жапония елдеріндеТҰК өндірісінің салалық құрылымы өте кең 60% материалдық компанияныңТҰК барлық үлкен деңгейде экономикалық халықаралық жүйесінде елдердің тағдырын– ТҰК өзінің жұмысын жүзеге асыратын елдерде экономикалық саясатын– келген елдерінің заңдылықтарын бұзуға, осылайша трансфертті бағалар саясатын– монополдық бағаларды; дектат талаптарын дамушы елдердің қызығушылығын қоюғаТолығымен ТҰК – ол қүрделі және үнемі дамушы феноменКурстық жұмыстың мақсаты Трансұлттық компаниялардың дүние жүзілік шаруашылық жүйесінКурстық жұмыс міндеттері: – Трансұлттық компанияны талдаудың динамикалық және сегментациялық әдісі тұжырымдамасы– ТҰК қызметі моделдері мен ұйымдық-экономикалық түрлерінің эволюциясын, ТҰК-ны– Әлемдік шаруашылық жүйесінде ТҰК орнын айқындау; – Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялардың ролін айқындау; – ТМД мемлекеттері мен Қазақстанның корпоративтік құрылымындағы трансұлттану әрекеттерін

Тәуелсіздік жылдарының басында еліміз үшін ТҰК-лар капиталы немесе өндірістің трансұлттануы дағдарыстан шығу үшін, экономиканы бір серпінге келтіру үшін маңызды болды. Қазіргі кезде бұл үрдіс өндірістің трансұлттану деңгейін көтеру тіпті оның әлеуметтік-экономикалық салдарының жағымдылығын аттыруды талап етеді. Қазіргі кезде отыз дамыған бәсекегеқабілетті елдер қатарына кіруді мақсат тұтқан отынымыз Қазақстан үшін шетелдік капиталды тарту мен пайдалану саясаты маңызды орын алып қана қоймай көптеген стратегиялық бағдарламаларда орын алып отыр.

Ішкі қаржылық мүмкіндігінің шектеулі жағдайында сыртқы капиталды тарту құрылымын қамтамасыз ету мен ішкі нарықта оны тиімді пайдалану мемлекеттің даму стратегиялық бағдарламаланың негізгі параметрлеріне жету рычагы бола алады.

Қазіргі таңда қарқын алған өндірістің трансұлттану үрдісі жетуге тиісті әлеуметтік-экономикалық салдардың жағымсыз жақтарын жою және жағымды нәтижелерін арттыру жолдарын әзірлеуге негіз болатын жан-жақты зерттеулерді талап етеді.

Сонымен бірге жалпы сипаттағы талдаумен бірге оның факторлары мен негіздерін, ТҰК негізгі феноменімен қатар олардың кең таралған теориялық және тәжірибелік маңызы сияқты ары қарай терең зерттеуді талап етеді.

Айта кету керек, өндірістің интерұлттануы және трансұлттануы мәселелері бойынша зерттеулерде оның экономикалық мәндері жеткіліксіз деңгейде көрсетілген және ол жеке талдауды қажет етеді.

Трансұлттық үрдістің ынталандырулар мен жағдайларын түсіндіретін «интернализация» тұжырымдамасы оны (ТҰК шеңберінде ғана емес, басқа да келісім-шарттық қатынастар түрлерінде, яғни қосалқы мердігерлер, лицензиялық келісімдер, стратегиялық альянстар және т.с.с.) жүзеге асырудың балама нұсқаларын қарастырады. Трансакциялық шығындардың мазмұны мен құрылымын, олардың сандық өлшемдерінің әдістерін нақтылау қазіргі жағдайлардағы өндірістің трансұлттануы ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

«Интернализация» тұжырымдамасының мәні туралы мәселені қарастыру кезінде өндірістің өркендеген трансұлттануын зерттеуге байланысты ең маңызды аспектіні ескеру қажет.

Сонымен, өндірістің трансұлттануын дамыту үшін «интернализация» тұжырымдамасының мәнін талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. a) «Интернализация» теориясы кеңейіп келе жатқан және күрделене

түскен трансұлттық қызмет жөнінде түсінік береді, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.

раларда қарсылығына тап болғанға дейін жасай беретін болады.

Қазіргі ТҰК-ларға бәсекелестерге түрлі қысымдар жасау тән, тіпті шектелген іскер тәжірибесін қолдануғадейін барушылық тән. Бұндай бәсекеге қарсы тәжірибе ұлттық және аймақтық деңгейлерде қарсылық көрсету үшін және шамалы да болса қайшы зардаптарын әлсірету үшін ескерілуі тиіс.

Сонымен, трансұлттық құрылымдардың қызметі, нарықтық экономикадағы барлық шаруашылық субъектілердің қызметтері де қарама- қайшы мүдделердің үздіксіз күресімен, оң және теріс жағдайлар мен Өндірістіүрдістердің көрінуімен байланысты болады. Өндірістің трансұлттануына бүтіндей елдер мен аймақтар қарсылықтар білдіруде, және де экономикалық факторлар бұндай жағдайларда жиі түрде саяси зардаптар тудыруда.

Көптеген басылымдар ТҰК мен ұлттық мемлекеттердің өзара қатынастарындағы трансұлттық мәселелерді баспа беттерінде жариялауда.

115 -116 вообще жоок

117 - ҚР –ның елдің аймақтық қауіпсіздік мәселесіндегі ұстанымын анықтап, өз көзқарасыңызды дәлелдеп көрсетіңіз.

Әлемге әйгілі болған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының өткен ғасырдың 90-жылдары ыдырағанынан кейін орталықазиялық елдері халықаралық қатынастар жүйесінде өз еркімен қарым-қатынастар жасау мүмкіндігіне ие болды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы да аймақтық деңгейде шектеліп қалмай, әлемнің басым бөлігімен тығыз қарым-қатынастарын дамытуға ұмтылды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстан әлемнің 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатса, солардың ішіндегі 73 мемлекетте қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер ашылған. Өз кезегінде, Қазақстанда 107 мемлекеттің дипломаты, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ұйымдардың өкілдері аккредитацияланған. Бұл мәліметтер Қазақстанның басты саяси ұстанымы барлық елдермен достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталғандығының айғағы. Әлеммен тепе-тең серіктестікті дамыта отырып, Қазақстан аймақтық мәселелердегі белсенді қатысушылардың бірі болып қала бермек. Аймақтық мәселелердің ішіндегі ең өзектісі – ол қауіпсіздік мәселесі болып табылады. Бүгінгі күні қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұрғыдан да жан-жақты сарапталуда. Бұл заман талабы. Сол орайда негізгі мақсатымыз да Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты ұстанған ұстанымы мен оны қамтамасыз етудегі рөлінің негізгі астарларын ашу.

Қазіргі кездегі қауіпсіздік мәселелерінің жиынтығының міндеттерін шешу жалпы қауіпсіздік теориясының негізінде құрылу қажет. Оның негізгі әдістері мен құралдары қауіпті жағдайларды жобалауы үшін кең түрде қолданылды. Сонымен бірге қауіпсіздік ұғымын айқындау – мәселені толыққанды сараптау үшін өте маңызды.  Қауіпсіздік теориясы- адам үшін қауіптердің толық ауқымын зерттеу үшін ұсынылған идеялар мен ұсыныстардың жүйесі, адамның қоршаған ортамен өзара ықпалы және қауіпсіздік шаралар жүйесін айқындау. Бұл жұмыстың жазылуы барысында бақылау, құжаттарды қарастыру, жүйелік, құрылымдық-функционалдық, мәселелік-хронологиялық және контент-сараптама сияқты жалпығылыми әдістер қолданылды. Сонымен бірге қауіпсіздік ұғымын айқындау – мәселені толыққанды сараптау үшін өте маңызды.  Қауіпсіздік теориясы- адам үшін қауіптердің толық ауқымын зерттеу үшін ұсынылған идеялар мен ұсыныстардың жүйесі, адамның қоршаған ортамен өзара ықпалы және қауіпсіздік шаралар жүйесін айқындау. Бұл жұмыстың жазылуы барысында бақылау, құжаттарды қарастыру, жүйелік, құрылымдық-функционалдық, мәселелік-хронологиялық және контент-сараптама сияқты жалпығылыми әдістер қолданылды. Яғни, оның көмегімен баспасөз хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.  Тарихи-саяси сараптау Қазақстан Республикасының аймақ шеңберіндегі ынтымақтастығының қалыптасуы және даму үдерісін түсінуге көмектесті. Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қауіпсіздік саласындағы қызметтеріне салыстыру әдісін қолдану арқылы олардың аймақ көлеміндегі тиімділігін айқындау мүмкіндігі туды. Ал, жүйелік тәсіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселесіндегі Қазақстан Республикасының саяси ұстанымы мен рөлін тұтастай  қарастыруға мүмкіндік берді. 

Азия құрылығының бір бөлігі ретінде Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шараларыТарихи даму заңдылығына сай әлемдік саяси және экономикалық жүйедегі Азияның рөлі де өсуде, сонымен бірге әлемдегі тұрақтылықты сақтау үшін аймақтағы кауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы да арта түсуде. Бұл ретте қауіпсіздікке төнетін қатердің екі үрдісін айқындауға болады: геосаяси ығыстыру мен аймақтың қарулануы. Геосаяси ығыстыру үрдісінің кең етек алуына «қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуы басты себеп болды.Ресейдің Азиядағы қатысуының күрт қысқаруы экономикалық тұрғыдан дами түскен Қытайдың кең шеңберде әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. Қытай сыртқы саясатын жаңа арнада қайта құрып, аймақтағы жетекші елге айналды. Қытайдың қазіргі кезде нығая түсуі аймақтағы америкалық ықпалды әлі де әлсірете түсері айқын. Қытай мен Үндістан, Қытай мен Жапония арасындағы бәсекелестік, сондай-ақ Ресей мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ұстанымы аймақтағы күштердің бөлінуіне өзіндік ықпал етуде.  Азияның қауіпсіздігіне жағымды әсер ететін екі үрдісті атайтын болсақ, бұл – экономикалық интеграция мен аймақтық біргелкіліктің қалыптаса бастауы. Интеграция бағытындағы аймақтық деңгейдегі өзара әрекеттестік бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, Орталық Азия мемлекеттері бірқатар қиыншылықтарға да тап болуда. Бұл экономика саласында да, саясатта да кездеседі, өйткені әр ел өзіндік ерекшелікке ие. Экономикалық кеңістікте Орталық Азия елдері толыққанды интеграциялық бірлестік құра алса, бұл аймақтағы беделді саяси қауымдастықтың құрылуына мүмкіндік туғызар еді. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатындай саяси бірлестік бүгінгі күні ауадай қажет.Өйткені, тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап аймақ әлемнің жетекші елдерінің геосаяси мүдделерінің түйіскен орталығына айналды. Яғни, аймақтағы экономикалық өзара әрекеттестіктің өзін әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етпей тиімді дамыту мүмкін емес. Қандай да саяси шиеленісу байқалса болды, сыртқы күштердің аймаққа қатысты белсенділігі де арта түседі. Сыртқы күштердің тікелей қатысуынсыз-ақ ішкі аймақтық мәселелерді барлық мүше елдердің мүддесіне сай тиімді шеше алатын саяси құрал тетігін іздеу маңызды мәселелердің бірі еді. Орталық Азия елдері тәуелсіз мемлекеттер ретінде аяқ басқан сәттен бастап осы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселесімен бетпе-бет келді.Аймақтың қауіп-қатердің тоғысқан өңіріне жақын орналасуы, яғни аумақтық талас-тартыс, лаңкестік, экстремизм, заңсыз есірткі айналымы сияқты құбылыстардың етек алуы - қауіпсіздік мәселесінде өте мұқияттылықты талап етті.Сол себепті аймақтағы қауіпсіздікті нығайту саласында аймақ елдерінің бірлесе әрекет етуі аса маңызды болды. Сол ретте, Орталық Азия аймағында бүгінгі күні қауіпсіздік саласында бірқатар халықаралық құрылымдар әрекет етуде. Аймақтағы мемлекеттердің жеке-дара аймақтық шаралары да бірлесе отырып қауіпсіздік мәселелерін шешуде өзінің тиімділігін көрсетуде.

Қауіпсіздік мәселесінде орталықазиялық өңірде Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүгінгі күні өзінің белсенділігімен ерекшеленуде. 1996 жылдың 26 сәуірінде Шанхай қаласында шекара аудандарындағы әскери сала бойынша сенімділікті арттыру туралы келісімге келу, аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың жаңа бастамасы еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]