Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BBS wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293.78 Кб
Скачать

60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз

Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы. Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа «Қырғи-қабақ  соғысы» деген атпен енді.

«Қырғи-қабақ»  соғысының алғашқы  насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.

Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды.  Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді.

Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ «соғыс жандандырушыларына» қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді.

Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.

1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді.

1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955 жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта жете алатын еді.

Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты.

Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы азаматтық соғыс.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.

Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады.  1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.

«Қырғи-қабақ»  соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды.

Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды.

Кеңес Одағы Корей  Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық  туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және  Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын  жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.

Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары  болып Англия мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды.  Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург  өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.

Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы жаугершілік мемлекеттерге қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. «Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді» деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына келтіруге бағыт алды.

1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің оккупацияланған аймақтарын Бизонияға (екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы оларға Францияның аймағы қосылды-үштік аймақ-Тризония құрылды.

Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады.  1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді.  Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ,  Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.

1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.

Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты.

Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.

«Қырғи-қабақ»  соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды.  Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды.

50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы  сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде  сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің  жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ  пен  Англия  өз  сынауларын  тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған  қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте  Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы  күштердің  таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді.

Қаруды жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б.

Стратегиялық тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады.

«Қырғи-қабақ»  соғысы  тек қана саясатта емес, сонымен қатар мәдениет, спорт облыстарында да жүргізілді.  Мысалға 1980 жылы Москвадағы Олимпиадалық ойындарға АҚШ және Батыс Еуропаның көптеген елдері байкот жасады. Оған жауап ретінде келесі 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға Шығыс Еуропа байкот жасады. «Қырғи-қабақ» соғысы кинематографияда да көрініс тапты. Екі жақ та насихаттаушы фильмдерді түсірді. АҚШ та ол: «Крассный рассвет», «Америка», «Рембо первая кровь, часть 2», «Железный орел», «Вторжение в США». КСРО да : «Ночь без милосердия», «Нейтральные воды», «Случай в квадрате 3680», «Одиночное плавание» және т.б.

«Қырғи-қабақ соғысына»  «Ыстық» ошақтардың үнемі пайда болуы тән болды. Әр бір оңаша жанжалды «Қырғи-қабақ» соғысының қарсыластары  оны қолдап  отырып, әлемдік аренаға шығарып отырды. Бұл жанжалдарды бәрін және жеке, дара қарастырса, кітап жазуға болар еді. Осы жұмыстың авторлары «Ыстық ошақтарға» қысқаша тоқталып өтті. Қарсыласудың біраз бәсеңдеуі 70- жылдардарда байқалды. Оның бастамасы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі саналады. Қатысушы мемлекеттер екі жыл келісім жүргізді. 1975 жылы Хельсинкіде бұл мемлекетер Кеңестің қорытынды актісіне қол қойды. КСРО жағынан бұл актіні Леонид Брежнев бекітті. Бұл құжат соғыстан кейінгі Еуропаның бөлінгенін заңдандырды. Бұны КСРО талап еткен болатын. Батыстың бұл келісіміне айырбас ретінде Кеңес Одағы адам құқығын қадірлеуге мәжбүрленді. Бұған дейін 1975 жылы шілдеде атақты Кеңес-американдық ғарыш кемелерінің «Союз» және «Аполлонның» бірге ұшуы болды. «Қырғи-қабақ» соғысы кезеңі өткен шақта қалған сияқты еді. Бірақ 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға КСРО әскерінің енгізілуі «қырғи-қабақ» соғысын жандандырды. Шығыс пен Батыстың арасындағы қатынастың шиеленісуі, ол Кеңес басшыларының шешімдерімен Кеңес әуе кеңістігінде Оңтүстік Корея бейбіт жолаушылары бар ұшқышты соғуы болды. Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті КСРО-ны «зұлымдық империясы және зұлымдық орталығы» деп атады. Тек қана 1987 жылдан бастап Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынас біртіндеп жақсара бастады.

1988-89 ж.ж. «қайта құрудың» басталуымен Кеңес саясатында шұғыл өзгерістер байқалды. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы өз өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава келісімі таратылды. Социалистік лагерь жойылды. Оның бұрынғы мүшелерінің бірқатар елдерінде демократиялық революциялар болып өтті. Бұл революцияларды КСРО қолдады. Кеңес одағы сонымен қатар үшінші әлем елдерінде өз ықпалын жүргізуден бас тартты. Мұндай кеңес сыртқы саясатындағы өзгерістерді Батыста КСРО президенті Михаил Горбачевтың атымен байланыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]