
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
1-Сұрақ.Қазақстан Республикасының дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардыңықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналдасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы – осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.
Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар.
Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономикалық даму үрдістердін жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тарихи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.
Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.
АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жекеменшік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конференциялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі.
2-Сұрақ. Дипломатия туралы жалпы түсінік
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:
Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
"Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.
Екіжақты дипломатия - деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конфере
Экономикалық дипломатия-1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.
Жариялық немесе халықтық дипломатия- осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Элем корпусы).
3-сұрақ. Дипломатиялық өкілділіктің негізгі функциялары
Өкiлдiктiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының өкiлдігі;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауды, оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық жолдармен және әдiстермен қамтамасыз ету;
орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау.
Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының халықаралық саяси стратегиясын iске асыруға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетінде не халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының бiрыңғай саяси бағытын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Министрлiкке ұсыныстар табыс етедi;
орналасқан мемлекетiнiң мемлекеттiк органдарымен не халықаралық ұйыммен және оның шеңберiнде келiссөздер жүргiзедi және ресми байланыстарды қолдауға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы шеңберiндегi мақсаттары мен қағидаттарын жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға жәрдемдеседi;
Қазақстан Республикасының орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарына қол қоюды ұйымдастырады;
орналасқан мемлекетiне не халықаралық ұйымға iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкiлдерiне оларға жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетедi;
Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын iс-шараларды протоколдық-ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
орналасқан мемлекетi туралы ақпарат жинауды, орналасқан мемлекетiмен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасына, оның сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық қатынастар жүйесiндегi орнына талдау жасауды, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызметiн зерттеудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажетті ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасы мен орналасқан мемлекетiнiң не халықаралық ұйымның арасындағы экономика, мәдениет, ғылым саласындағы және басқа да салалардағы достық және өзара тиiмдi қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықтың нормаларымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпаратты орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда таратады;
Қазақстан Республикасы және орналасқан мемлекетi не халықаралық ұйым қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;
орналасқан мемлекетінде тұрып жатқан отандастарымызбен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседi;
орналасқан мемлекетінде, сондай-ақ көршi мемлекеттерде төтенше немесе әскери жағдай орын алған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайда оларды қауiпсiз жерлерге шұғыл көшiруге дейiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының меншiгiн сақтау жөнiндегi қызметтi үйлестірудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Өкiлдiк негiзгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
қазақстандық мемлекеттік ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдарының (бұдан әрi - мемлекеттік ұйымдар) орналасқан мемлекетiндегі қызметiн үйлестiруге;
орналасқан мемлекетiндегi мемлекеттiк ұйымдардан толық ақпарат берудi және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қозғайтын қызметті келiсудi талап етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4-сұрақ. Дипломатиялық этикет дегеніміз не?
Дипломатиялық этикет – бұл өзінің мемлекетін танытатын қызметтегі адамдар, саяси және қоғамдық қайраткерлер арасындағы қатынастың жақсы үлгілері, ережелердің жиынтығы, әр түрлі дипломатиялық шаралар (келіссөздер, іс-сапарлар, қабылдаулар) барысындағы дипломатттардың және де басқа да арнайы адамдардың мінез- құлқы. Этикетке мінез - құлық мәдениетімен, тұрмыс, қарым-қатынас мәдениетімен байланысты әдет-ғұрып нормалары кіреді.
5-сұрақ. Дипломатиялық қатынастарды орнату тәртібі
Дипломатиялық қатынастар – халықаралық құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынастар тәжiрибесiне сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды қамтамасыз еудің негiзгi формасы.Дипломаттық қатынастар мемлекеттер арасындағы тату қатынастардың дамыту, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкті сақтауға жәрдемдеседі. 1961 жылғы дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық қатынастардың орнатылуы өзара келiсiм арқылы жүзеге асады.Дипломатиялық қатынастар орнатылуы алдында әдетте мемлекет пен оның үкіметі басқа мемлекет тарапынан іс жүзінде немесе заңды түрде мойындалады.Дипломатиялық қатынастар мүдделес мемлекеттер өкілдері арасында тікелей немесе үшінші жақ арқылы келіссөздер нәтижесінде орнатылып, мемлекет және үкімет басшылары немесе сыртқы істер министрлері арасында жолдау, хаттар, ноталар алмасу түрінде ресімделеді. Тараптар дипломатиялық қатынастардың орнатылу фактісі, дипломатиялық өкілдіктер деңгейі (елшілік немесе миссия), келісімнің күшіне ену уақыты, оны жариялау мерзімі мен тәртібі туралы келіседі.
6-сұрақ. Тұрақты дипломатиялық миссияларды ашу.
Дипломатиялық қатынастар дипломатиялық миссиялар ашылған жағдайда мойындалады.Олар өзара келісім бойынша және миссияға жүктелетін функцияларды өзара анықтау негізінде орнатылады.1961 жылы қабылданған «дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясында белгіленген бұл функциялар төмендегідей:
1)Бағыттаушы мемлекеттің атынан қабылдаушы мемлекетке өкілет етуі;
2)Қабылдаушы мемлекеттің үкіметінен келіссөздер жүргізуі;
3)Заңды жолдармен қабылдаушы мемлекеттегі жағдайлар мен оқиғалар туралы ақпарат жинап өз мемлекетіне хабарлау;
Дипломатиялық миссияның ашылуына рұқсат берген мемлекет бірқатар маңызды міндеттерді атқаруы тиіс.Ол шетелдік дипломатиялық миссиялардың дұрыс әрі жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін оларға қолайлы жағдайды қалыптастырып,артықшылықтар беруі тиіс.Сондай-ақ миссияның қызметкерлеріне өз функцияларын еш кедергісіз және қауіп-қатерсіз атқару үшін оларға жекелей артықшылықтар мен жеке бас қауіпсіздігін беруі қажет.
7-сұрақ. Дипломаттар мен елшілерді қызметке тағайындау тәртібі
1. Дипломатиялық лауазымға Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмi бар, шет тiлiн бiлетiн және жұмысқа қажеттi арнаулы бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.
2. Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Қазақстан Республикасының елшiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, Дипломатиялық академияның ректоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Дипломатиялық қызметтiң басқа да лауазымдарына Сыртқы iстер министрi тағайындайды.
3. Қазақстан Республикасында шетелде жұмыс iстегеннен кейiн
қайтып оралған дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, егер ол Заңның
21-бабында көзделгендей жазаға тартылмаған жағдайда, өзiнiң шетелде
атқарған лауазымына тең лауазымға тағайындалады.
1. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежелерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Басқа дипломатиялық дәрежелердi Сыртқы iстер министрi бередi.
Сыртқы iстер министрi беретiн дипломатиялық дәрежелердiң берiлу тәртiбi Сыртқы iстер министрi бекiтетiн ережемен белгiленедi.
2. Қызметкердiң дипломатиялық дәрежесi әдетте дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес немесе одан бiр саты жоғары не одан төмен болуға тиiс.
3. Дипломатиялық дәрежелердiң берiлуi тиiстi куәлiктер беру және қызметтiк тiзбеге (еңбек кiтапшасына) жазба жасау арқылы расталады. Дипломатиялық дәрежелер ғұмыр бойынша берiледi.
8-сұрақ. ҚР негізгі сыртқы саяси басымдықтарын анықтау және сыннан өткізу.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз — Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды.
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган — дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады.
9-сұрақ. Сенім грамотасы дегеніміз не Тапсыру тәртібі.
Сенім грамотасы – бұл елші немесе уәкілдік сыныбындағы дипломатиялық өкілдік басшысына оның өкілдік сипатын және шетелдік мемлекетте тіркелініп куәландыруға берілетін құжат. Сенім грамотасы- тұлғаның басқа елде дипломатиялық іс-әрекет жүргізуі туралы құжат; ол шетел мемлекеті басшысына осы лауазымға тағайындалуы сәтінде тапсырылады.Сенім грамотасына аккредиттелген мемлекеттің басшысы қол қояды және сыртқы істер министрінің қолымен бекітіледі. Сенім грамотасына елшіні тағайындаушы елбасы – елшіні қабылдаушы елбасынан елшінің (уәкілдің) өз мемлекеті және үкіметі атынан айтқанының бәріне сенуін (осыдан Сенім грамотасы деп аталды) сұрайды. Тағайындалған мемлекетке келгенде дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші немесе уәкіл) Сенім грамотасын жекелей елбасына тапсырады, ал іске сенімді адам сенім хатын-сыртқы істер министріне тапсырады. Әр елде Сенім грамотасын тапсырудың арнайы тәртібі орнатылған және ол салтанатты жағдайда өтеді. Қабылдаушы мемлекет басшысына Сенім грамотасын тапсырған кезден кейін немесе мекендік мемлекеттің сыртқы істер министріне Сенім грамотаның куәландырылған көшірмелерін тапсырғаннан кейін (мемлекеттегі қалыптасқан тәжірибеге сәйкес) өкілдіктің басшысы мекендік мемлекетінде өз міндетіне кірісті деп саналады.
10-сұрақ. Сыртқы қатынастардың ұлттық ведомствосын құру.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық). 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті. 1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды. Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция. 1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды. 1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді. 2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды. ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанның даму болашағы. Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.
11-сұрақ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің құрылымы.
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
2) Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы:
Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін шет елде қорғау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай саяси сыртқы және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіру;
9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру;
3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;
5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
9) шет елдер тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
10) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің және консулдық мекемелердің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
14) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысу;
16) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
17) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
18) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
19) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;
20) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
21) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
22) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
23) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
25) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
26) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жалпы қадағалау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
28) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
29) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету;
30) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;
31) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру;
32) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытындылар беру;
33) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
34) халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынаста болу;
35) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау;
36) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми басылымдарында жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарын ұсыну;
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру;
38) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;
39) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;
40) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен уағдаластықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
41) шет елде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
42) Қазақстан Республикасының елдік және әлемдік экономиканың даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ұсыныстар және ұсынымдар әзірлеу;
43) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
44) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;
45) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
46) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындаушы органдар мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы туралы шешім қабылдау және олардың көлемін анықтау;
47) дипломатиялық қызмет органдарының жүйесін және дипломатиялық қызметтің персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
48) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларды бекіту;
ведомстволардың функциялары:
1) сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
2) халықаралық жағдайдың мониторингі және экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік жаһандық трендтерді анықтау;
3) мақсатты мемлекеттер мен өңірлердің мамандандырылған зерттеулерін жүргізу;
4) сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу;
5) негізгі шетелдік әріптестермен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
7) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жалпылау;
9) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
10) Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, жобаларды іске асыру;
13) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
14) мемлекетiмiздiң оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), талдамалық орталықтармен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
15) өз құзыреті жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
16) өз құзыретi шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
17) шет елде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;
18) отандық БАҚ-тың материалдарын мониторингілеу және талдау, Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлiмшелерiн және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;
19) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БАҚ материалдарын мониторингілеу мен талдау және Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;
20) шет елде Бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
21) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
22) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлiк әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
23) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
24) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау;
25) Министрлiк басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
26) Министрлiк қызметiн БАҚ-тар жариялауды қамтамасыз ету;
27) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
28) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-тарда тұрақты түрде жариялау;
29) Министрлiк веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
30) шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiн аккредиттеу;
31) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
32) Министрлiктің бейне және фото мұрағатын қалыптастыру;
33) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiнiң ақшалай қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
№12
Персона нон грата - [лат. persona nоn grata - қалаусыз адам] - дипломатиялық өкілдік басшысы ретінде тағайындалғанына қабылдаушы елдің келісімі берілмеген дипломатиялық өкіл; немесе қабылдаушы елге кіруге рұқсат (кіру визасын) етілмеген дипломатиялық қызметкер. Елдің саяси үстанымдарына көзқарасы қайшы келетін, елге кіруі қолайсыз, қалаусыз деп танылып, жарияланған кез келген саясаткер немесе қайраткер
1961 ж Вена конвенсиясының 9 статьясында қабылдаушы мемлекет кез келген уақытта еш түсініктемесіз елшіліктегі кез келген адамды Персона нон грата –деп жариялай алады. Егер қарсылық білдірген жағдайда тіпті сол елменде байланысын үзе алады.
Дипломатиялық иммунитет тек белгілі бір дәрежеде миссионерлерді қорғай алады. Сондықтан да Вена конв. 41-42 статьясында көрсетілгендей қабылдаушы елдің заңын құрметтеу керек.
Мысалы; Қай жылы екенін білмедім осы 1-2 жылдың көлемі болды ҚР Германиядағы елшісі зансыз темекі саудасымен айналысқан. Сондықтанда балалар тыныш жүру керек кой!!!!!!!!!!!
№13
ҚР-ның сыртқы қатынастарының органдарының жүйесi.
Сыртқы қатынастардың органдары – бұл оның территориясы мен басқа да елдерде сыртқы саяси мақсаттарын бейбіт, халықаралық құқықпен ескертілген жолдармен жететін және мемлекетті оның басқа мемлекеттермен және басқа да субъектілермен ресми қатынасын, мемлекеттің және де мекемелер мен елден тыс жерлердегі азаматтарының құқық қорғау мен заңды мүдделерін көрсететін органдар.
Бүкіл елдердің сыртқы қатынастық органдары екі үлкен топқа бөлінеді – ішкі мемлекеттік(орталық) және шетелдік.
Сыртқы қатынастық ішкі саяси органдар әрқашан сол мемлекеттің территориясында болады және өзі екі топқа бөлінеді: конституциялық және мамандандырылған. Біріншісі жеке мемлекетпен автономды түрде пайда болады. Олардың бар болуы олардың өкiлеттiктерiнiң көлемiн анықтаған мемлекеттiң Конституциясымен тiкелей ескерiлген. Екіншісінің пайда болуы ішкі құқықтық актілермен рәсімделеді, бірақ та олардың шығуының өзі белгілі бір деңгейде сол халықаралық келісімдерге тәуелді, соның негізінде осы мемлекет, оның мүшесі бол тұра, сыртқы саяси қатынастарын бір нақты облыста жүзеге асырады. Кейде бұл органдарды «конвенционды» деп атайды, бірақ бұл сылтау болып табылмайды.
Сыртқы қатынастық ішкі мемлекеттік органдарға жоғарғы құқықтық орган(парламент), мемлекет басшысы, үкімет, үкімет басшысы, сыртқы істер мекемесі жатады. Бұл органдар түбегейлі сыртқы қатынастық саяси нұсқаларды, олардың ұйымдасуын және олардың әрекеттерін тәртіпке салуын жүзеге асырады.
Нақты ішкі саяси сыртқы қатынастық органдар азды-көпті оның тек қана бір сыртқы байланысын кең аймақта көрсетеді.
Мысал ретінде сыртқы сауда министрлігі бола алады. Бұл көп мемлекеттердің құрылымында бар. Бұл мемлекеттің сыртқы экономикалық экспорт-импорттық байланыстармен нақты басшылықты жүзеге асырады. Басқа да министрліктер мен мекемелер ішкі мемлекеттік заңнама қойған шектеулермен нақты сыртқы қатынастық ішкі мемлекеттік орган бола алады. Сыртқы қатынастық шетелдік мемлекеттік органдар екі топқа бөлінеді – уақытша және тұрақты. Біріншісіне дипломатиялық қатынастарды(елшiлiктер және тапсырмалар), консульдік өкілдікті, халықаралық ұйымның көзінше мемлекеттің сауда өкілдігін тұрақты қолдайтын мемлекеттің дипломаттық өкілдігі жатады.
Сыртқы қатынастың уақытша шетелдік органдарына әр түрлі нақты, басқа мемлекеттерге, салтанатты шараларда, келісімсөздер жүргізулерде және тағы да басқа шараларда қатысу үшін, бағытталған тапсырмалар жатады; халықаралық конференциялардағы делегациялар мен бақылаушы топтары; олардың органдарының және сессияларының жұмысына араласуы және тағы басқалар үшiн делегациялар.
№14
Президент сөзі латын тілінен аударғанда «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
Президенттік билік институты 1776 жылы АҚШ-та пайда болған.
Соңғы кезде әлемде президенттік институтқа деген қызығушылық артып келеді. Бұл саяси институт бойынша, яғни Президент мемлекеттің тұтастығын, заң шығарушы, атқарушы, сот билігінің тиімді және теңдестірілген қызметін қамтамасыз етеді және пайда болған қарама-қайшылықтарда төреші қызметін атқарады. Президенттік жүйенің басты артықшылығы, өз кезегінде президенттік саясатты жүргізетін және бірегей, тұрақты атқарушы биліктің қалыптасуына ықпал етуінде. Еуропа және Азия елдеріндегі мемлекет басшысы институтының тарихы тереңде жатыр. Басқарудың республикалық түрінің жоғарғы орган жүйесінде мемлекет басшысы – Президент бірінші заңды тұлға болып есептелінеді. Президенттің мәртебесі көптеген саяси-құқықтық мазмұндағы факторларға тәуелді. Жартылай президенттік аралас басқару түріндегі мемлекеттерде Президент орталық орган ретінде қызмет атқарып, елдің мемлекеттік өмірінде басты орын алады. Біздің Тәуелсіздігіміздің 21 жылының ішінде, ғалымдар мен саясаткерлердің арасында трансформация кезеңде посткеңестік республикалардың саяси жүйесінде президенттік институттың табиғаты жөнінде пікірталас әлі де жалғасуда.
Президенттік басқару үлгісін анықтау барысында көптеген мамандар Президенттің атқарушы билікке деген қарым-қатынасын басты өлшемдердің бірі ретінде атауда. Бұл жерде ескеретін мәселе, егер Президент тек мемлекет басшысы ғана болса, онда ол француздық үлгі, ал егер Президент бір мезгілде үкіметті басқарып, атқарушы билікке басшы болса, бұл американдық үлгі.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады7
Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
№15
Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
№16
Премьер-министр[1] (ағылшын тілінде prіme — бірінші, mіnіster — басқарушы) — үкіметті басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Премьер-министрді барлық елдерде ресми түрде мемлекет.[2] басшысы тағайындайды. Абсолюттік монархия, дуалистік монархияларда және президенттік республикаларда мемлекет басшысы жеке-дара өз қалауымен тағайындаса, парламенттік елдерде парламентте көп орынға ие болған партияның жетекшісі премьер-министр болады. Премьер-министр үкімет жұмысына жауап береді, үкімет отырысын ұйымдастырып, оған төрағалық етеді, үкіметтің күн тәртібін белгілейді, министрлерге тапсырма береді, олардың жұмысын бақылайды, үкімет қаулыларына қол қояды, өз атынан қаулы мен өкім шығарады. Премьер-министр қызметтен босаса, бүкіл үкімет мүшелері де қызметтен кетеді. Көп елдерде премьер-министр мәртебесі бойынша мемлекет басшысынан кейін екінші лауазымды тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның өкілеттігі уақытша премьер-министрге ауысады. Премьер-министр қылмыстық жауапкершілікке айрықша тәртіпте тартылады (мемлекеттің бас прокуроры ғана іс қозғай алады, ол істі тек жоғарғы сот қарайды, т.б.).
№17
ҚР Президентінің 2002 ж. 12 наурыздағы Жарлығымен[1] ҚР Мемлекеттік хатшысы —ҚР Сыртқы Істер министрінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындалды. ҚР Мемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ҚР лауазымды тұлғасы болып табылды. ҚРМемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі өз қызметін ҚРПрезидентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырды. ҚР Мемлекеттік хатшысы —[[ҚР Сыртқы Істер министрі]] ҚР Үкіметінің мүшесі болып табылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырды: Сыртқы істер министрлігінің жұмысын үйымдастыру және басшылық жасау; ҚР сыртқы саясатының түжырымдамалық негіздерін әзірлеуді қамтамасыз ету және ҚР Президентіне тиісті ұсыныстар табыс ету; ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатын үйлестіру және оны іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР атынан мемлекетаралық келіссөздер жүргізу; ҚР орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметін үйлестіру; Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекет Басшысының қарауына ұсынылатын нормативтік қүқықтық актілердің жобаларын келісу; ҚР-да қызметін қоса атқаруға тіркелген шет е л д е р д і ң елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау; мемлекет Басшысы жанындағы мынадай консультативтіккеңесші органдардың қызметін үйлестіру: Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия, ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру жөніндегі комиссия, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия, ҚР Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Құрмет дипломын тапсыру жөніндегі комиссия; мемлекет Басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзге қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі және Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырды. ҚР Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі Жарлығымен[2] ҚР Мемлекеттік хатшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындады.
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) сыртқы саяси қызметтi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
Министрлiктiң негізгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
2) өзiнiң құзыретi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде жаҢандық және өңiрлiк проблемаларды шешудегі ролін арттыруға жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын iске асыру;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының шет елдермен ынтымақтастық жөніндегi үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердiң) және олардың кiшi комиссияларының отырыстарын дайындау және өткiзу жөнiндегі бірлескен жұмысын үйлестiру;
6) Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң қалыптасуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;
8) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау,
Министрлiктiң негізгі мiндеттерiн іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды, анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, көрсетілген ұйымдарға ақпарат беруге;
2) Қазақстан Республикасының Президентiне шетелдік мекемелер құру туралы ұсыныстар енгізуге;
3) елдiң шет елдердегi оң беделін қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
4) өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдауға;
5) берiлген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасының жер учаскелерiне, ғимараттарына, құрылыстарына және өзге де мүлкiне иелiк етуге, оларды пайдалануға және басқаруға құқығы бар.
№18
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.
Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.
1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.
1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.
№19
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
2) Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
№21
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
№22
Қазақстан Конституциялық Кеңесі
Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.
Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
Конституциялық Кеңес:
Республика Президентінің сайлауы;
Парламент депуттарының сайлауы;
Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.
Конституциялық Кеңес:
Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.
Конституциялық Кеңес:
Конституция нормаларына ресми түсінік береді;
Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.
Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.[1]
Тарихы
ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді[2]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(2001-2005 жж.):[3]
ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына[4] сәйкес қүрылды.
Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды[5].
КР Конституцияльщ Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бүйрығымен[6] ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі,міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.
ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды.
ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты қүрылымдық бөлімшелері:ғылыми-қүқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім,қаржы-шаруашылық бөлімі.
ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасыньщ 2002 ж. 1 қаңгардағы бүйрығымен[7]
ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ қүрылымы бекітілді:үйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; қүқықгық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.
ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегібүйрығымен
ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының қүрылымына өзгертулер енгізілді: үйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім үйымдастыру және кадрлар жүмысы бөлімі болып, қүқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері қүқықтық сараптама бөлімі болып қайта үйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бүйрығымен қаржы-шаруа тттылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта қүрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.):