
- •43 Билет
- •2.Схема
- •3.Гормон-адреналин
- •2)Қорғаныш қызметін атқарады.Құрамындағы мицелла,муцин, кальцийфосфат т.Б ферменттер.
- •3)Сілекей түзілмесе ас қорыту бұзылады.Қызметтері төмендейді.Мицелла минералдаушы қызмет атқарады.
- •2)Қорғаныш қызметін атқарады.Құрамындағы мицелла,муцин, кальцийфосфат т.Б ферменттер.
- •3)Сілекей түзілмесе ас қорыту бұзылады.Қызметтері төмендейді.Мицелла минералдаушы қызмет атқарады.
31-сұрақ
Науқаста лактазаның жоқшылығы анықталды. Ол сүттің жақпауына шағымданды, бырақ айран ішкенде ондай шағым болмады. осы жағдай немен байланысты? Лактоза ыдраған кезде қандай моносахариттер тузіледі? лактозаның қорытылу өнімдерін өандай сапалық реакциялармен анықтауға болады? Сүттің құрамындағы лактоза ұйқы безінің немесе ішек сөлінің лактаза ферментінің әсерінен глюкоза мен гагактозаға ыдрайды
32-Сұрақ
Науқастың уйқы безунде зарарсыз ісігі бар. Қанында инсулин денгейі жоғарыланған. Ол ашық сезімініне (үнемі қарны ашатынына) тез шаршайтынына, әлсіздікке шағымданады. Уақыт өте келе бұған науқастың ми қызметінің бұзылу белгілері қосылды. неліктен осы сипатталған көріністердің дамуы байқалды? байқалған ми қызметінің бұзылыстарының механизмі қандай? Қанды қай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек? Ұйқы безінің гипер функциясы сирек кездеседі безде залалсыз ісік болғанда немесе инсулиннің мөлшері артық болғанда гипер функция пайда болады. Белгілері: гипогликемия, әлсіздік, тершендік. естен тану. бұл жағдайда венаға глюкоза немесе контиинсулярлы гормондар енгізіледі. Қандағы инсулиннің жоғарылауы глякозаның мөлшерін төмендетіп жібереді. Ал ми қызметі глякозаның жетіспеуінен бұзылады, себебі адам миы минутына 5мл глякозаны қажет етеді. Инсулин гликогенсинтетаза фосфофруктокиназа пируваткиназа ферменттерінің синтезін арттырып, бауырда гляколизді стимулдейді. Глюкозаның бір бөлігі аэропты жағдайда СО2 мен Н2О-ға дейн тотығып, синтездік процеске қажет коп коп мөлшерде АТФ түзеді. Бауырда және басқа тіндерде инсулин гликогенсинтетаза активтеп, глюкозаның бір бөлігін гликонеогенезге жумсайды, енді бір бөлігі липонеогинезге жумсайды. Инсулин фосфодиэстеразаны активтеп, цАМФ денгейін төмендету арқылы бауыр жасушаларында глюкогенолизді тежейді. Сөйтіп инсулин глюкозаны көп пайдалану нәтижесінде қандағы мөлшерін азайтады. Сол үшін қандағы глюкозаны биохимялық көрсеткішін анықтау қажет. қандағы қалыпты мөлшері: 3,4-6,1 моль/л
№36
Холестерин алмасуының бұзылуы, өт тас аурулары және атеросклероз дамиды. 90% - өт тас аурулары холестериннен дамиды. Хенодезоксихоль қышқылының пайдасы арқылы өт тас ауруларын емдеуге болады. Себебі ГМГ редуктазаны активтілігін ингибирлейді, осы арқылы холестерин синт.төмендейді, тастарды ерітеді. 1г хенодезоксихоль қышқылы холестерин қышқылын екі есе төмендетеді. Емделуде организмге тамақпен холестеринді көп мөлшерде түсірмеу керек.
№37
Май қышқылы синтезі мен май қышқылының бетта тотығуы жасушаның әртүрлі бөлімінде әртүрлі ферменттің қатысуымен жүреді. Май қышқылының синтезі цитоплазмада түзілетін өнім АТБ, тотықсыздандырғыш НАДН2 мультиферменттік комплекс. Бетта тотығу митохондрияда түзілетін өнім HSKoA, HAД, ФАД (дегидрогеназа). Артық түскен көмірсулар энергияға бос май қышқылына айналып қор ретінде жиналады.
39- билет
Науқаста қантты диабет. Инсулиннің жетіспеушілігі кезінде қаннан тіндерге глюкозаның тасымалдануы бұзылады. Көмірсулар алмасуының алғашқы бұзылыстары неліктен липидтер алмасуының өзгерістеріне әкеледі? Түсінідіріңіз.Осыжағдайда қанның биохимиялық көрсеткіштері қалай өзгереді? Зәрдің көрсеткіштері қалай өзгереді?
1.Инсулин жоқ кезінде жасуша мембранасының өткізгіштігі төмендейді.сонд глюкоза қаннан жасушаға аз мөлшерде түсіп қанда жиналады. Контринсулярлы гормондардың әсерінен нысана жасушаларда липолиз күшейеді. Қанда БМҚ ның концентрациясы артып, тіндерге глюкозаның түсуіне кедергі жасайды.БМҚқаннан бауырға өтіп, ТАГ синтезі артады.Бауырда липогенездің күшеюі бауырды май басуын және липемияны туғызады. Кантты диабет ауыруымен ауыратын адам ағзасы глюкозаны энергия көзі ретінде жұмсай алмайды.сондқажетті энергияны алу үшін липидтердің аралық өнімдерін пайд(кетон д)Кетон денелері көп мөлшерде түзіліп канға түсіп гиперкетонемиякетоацидоз кетонурияны туғызады.
2.Қанда глюкоза мөлшері артады. Яғни гипергликемия
3.Кант диабет полиурия , полидипсия байкалады. Ауыздың құрғауы,терінің босаңсуы , қанның тұтқырлығының артуы . Поиурия гипергликемия кезінде канда осмостық кысымнын көтерілуінен ,жасушадан судыңшығуы артады, глюкозанын сумен бірге көп мөлшерде зәрмен бөлінуінен пайда болады.Азотемияжәне азоты бар заттардың көп мөлшерде шығуы байкалады.
40-билет
Атеросклероз деген күдікпен наукастын липидтік спектрін зерттеді. Мынадай көрсеткіштер алынды: жалпы холестерин - 5,9 ммоль/л канның сары суы хилезді болғандыктан , В – ЛП аныктау мумкін болмады. Триглицеридтер – 6,2 ммоль/л , ХС – ТЖЛП -0,9 ммоль/л . Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасаңыз. Диагнозды кою мен емді тағайындау.
ЖХ – ТЖЛП/ТЖЛП = атерогенді коэф
Атерогенді коэф = 1,98 – 2,51
0,9/5=0,18
0,18 < атерогенді коэф. болғандықтан атеросклероздың дамуына алып келеді
д/з: атеросклероз
А –зды емдеуді диетотерапиядан және денешынықтырудан бастайды. Аскынған гиперхолестеринемия кезінде келесі препараттар колд:
Бауырдағы ХС синтезін тежейтін стантиндер ловастатин правастатин мевинолин
Ағзадн өт кышкылдарының шығуын күшейтетін анион алмасы смоласы
ЛПТ тежейтін пробукол Е вит
БауырданТӨТЛПсекрециялануын төмендететін жәнеТЖЛП деңгейін жоғарылататын никотин кышкылы және оның туындылары.
ТЖЛП деңгейін жоғарылататын этанолдын аз мөлшері
41.Науқас тамақтанғаннан кейін кекіру және эпигастрий аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөліндегі сүт қышқылына сапалық реакция оң болып шықты. Диагноз қоюда дәрігерге асқазан сөлінің қандай қосымша көрсеткіштері көмектеседі? Науқаста асқазан сөлінің қандай физика-химиялық қасиеттерінің өзгерістері байқалуы мүмкін? Науқаста сүт қышқылының бірден жоғарылауы немен байланысты?
Жауабы: Сүт қышқылы асқазанда асқазанның қатерлі ісігі кезінде, ахлоргидрияда және асқазаннан тағамның ішекке өтуі баяулағанда пайда болады. Науқастардың асқазанында тағам тұрып қалады да, көмірсулар ашып, сүт қышқылы түзіледі. Сүт қышқылын анықтау үшін Уффельман реакциясын жасайды.
Диагноз қоюда қосымша көрсеткіштер асқазан сөлінде өттің бар екенін анықтау үшін Петтенкофер реакциясын қою керек.
Ахлоргидрия – бос тұз қышқылының болмауы, жалпы қышқылдықтың төмен болуы.
42.Науқас эпигастрий аймағының ауырсынуына, іш өткеніне, тойымдылық сезімге шағымданды. Асқазан сөлін зертегенде күкіртсутектің иісі және бос тұз қышқылының мүлдем болмауы анықталды. Осы күй қалай аталады және асқазанның қандай ауруында байқалады? Бұл жағдайда асқазан сөлінің қандай патологиялық құрамдас бөліктері және қандай сынамалар арқылы анықталады? Асқазан сөлінің бір сынамасында асқазан сөлінің қандай қышқылдық түрлерін анықтауға болады?
Жауабы:
Ахлоргидрия – бос тұз қышқылының болмауы, жалпы қышқылдықтың төмен болуы. Күкіртсутектің иісі ұшқыш май қышқылдарымен байланыстырылады және микроорганизмдердің май қышқылдарын тотығудың күшеюмен байланыстырылады. Ұшқыш май қышқылдарының пайда болу себебі: асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі немесе тұз қышқылының мүлдем болмауы.
Егер асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ болса, асқазан сөлі сарғыш түсті болады. Сары болуы билирубиннің болуына байланысты. Тағы себебі гипоацидті гастрит болуы мүмкін.
Патологиялық құрамдас бөліктері: өт бар екенін анықтау үшін – Петтенкофер, сүт қышқылы – Уффельман реакциясы жасалады, қан-бензидин сынамасы жасалады.
Бір сынамадағы асқазан сөлі қышқылығын анықтау: Принципі: екі түрлі индикатор диметиламиноазобензол (рН 2,3-4,2 аралығында түсін өзгертеді) және фенолфталеин (рН 8,-10,0 аралығында түсін өзгертеді) қолдану арқылы асқазан сөлінің қышқылдық заттарын NaOH ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтауға негізделген әдіс. Индикатор – диметиламиноазобензолдың түсінің қызылдан, қызғылт-сарыға дейін өзгеруі арқылы бос HCL, ал фенолфталеиннің түсінің түссізден ашық қызғылтқа өзгеруі арқылы – жалпы қышқылдықты анықтайды.
Жалпы қышқылдық – 40-60 ТБ, ал бос HCL – 20-40 ТБ.
43 Билет
Науқас асқазан аймағының ауыратынына шағымданады.Асқазан сөліндегі қанды анықтауға жасалған реакция оң болып шықты,жалпы қышқылдық-90 Т.Б.Осы күй қалай аталады және ол асқазанның қандай ауруы кезінде байқалады?Қанға жасалған сапалық реакция қалай аталады және оның химизмі қандай?Асқазан сөлінің бір сынамасынан асқазан сөлінің қандай қышқылдық түрлерін анықтауға болады?
1)Гиперхлоргидрия-бос тұз қышқылы мен жалпы қышқылдықтың жоғарылауы.Мұндай жағдай асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасында кездеседі.
2)Асқазан сөлінің түсін анықтау үшін гемоглобинге тұз қышқылы әсерінен қара қоңыр түсті тұз қышқылдық гематинге тотығуы арқылы пайда болған қою кофе түсімен салыстырылады.
3)Бір сынамадағы асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау:2 түрлі индикатор диметиламиноазобензол және фенолфталеин қолдану арқылы асқазан сөлінің қышқылдық заттарын натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтауға негізделген әдіс.Индикатор диметиламиноазобензолдың түсінің қызылдан қызғылт сарыға дейн өзгеруі арқылы бос тұз қышқылын,ал фенолфталеиннің түссізден ашық қызғылтқа өзгеруі арқылы жалпы қышқылдықты анықтайды.
№ 53
Бір кісі көмірсуға бай түскі ас ішкен соң 30 минуттан кейін стрестік жағдайға душар болады (апаттан қашып құтылады). Осы жағдайда оның қаңқа бұлшық етінде қандай процесс өтеді? Осы процестің схемасын жазыңыз. Осы процесс қандай гормон арқылы стимулденеді?
1.Қаңқа бұлшықеттерінде гликолиз жүреді.Соңғы өнім энергия көзі ретінде қолданылады.Процесс адреналинмен активтенеді.Адреналин гликоген ыдырауын стимултдейді.Оның әсерінен липолиз,гликолиз,гликогенолиз процестері өтеді.Адреналин цАМФ түзілуіне қатысатындықтан,нысана жасушаларда гликогенолиз жоғарылайды.Бұлшық етте глюкоза , фосфат энергия көзі ретінде пайдаланылады.Глюкоза бұлшық етте сүт қышқылына дейін ыдырайды.(бауырға түсіп глюконеогенезге жұмсалады).Бұлшық етте адреналин әсерінен бұлшықет,тін ағзаларымен глюкозаның сіңірілуі төмендейді.Нәтижесінде инсулин секрециясы төмендейді.Тіндерде глюкоза жұмсалуы тежеліп,ол ми үшін сақталынады.
2.Схема
3.Гормон-адреналин
№54 Қанның сарысуында жалпы билирубин мөлшері 380 мкМоль/л құрады, сілтілі фосфатазаның активтілігі (ХБ-халықаралық бірлік) 510 ХБ/л, аспартатаминотрансфераза (АСТ) -80 ХБ/л, γ-глутамилтрансфераза (ГГТ)- 115 ХБ/л. Зәр – қоңыр түсті, нәжіс – түссізденген.
Норма: сілтілі фосфатаза - 30-90 ХБ/л, аспартатаминотрансфераза (АСТ) -10-50ХБ/л, γ-глутамилтрансфераза (ГГТ)- < 60 ХБ/л. Науқаста қандай патологиялық күй деп болжауға болады? Осы жағдайдағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістерін қалай түсіндіруге болады? Осы жағдайдағы қандағы ферменттердің активтілігінің және билирубин мөлшерінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады?
Паренхималық сары ауру.Бауыр клеткалары вируспен,улы гепотропты улы қосылыстармен зақымданғанда пайда болады.Бауыр клеткалары зақымданған,өттің түзуі нашарлайды.Өт тек қана өт каналдарына емес,қанға да түседі.Қанда байланысқан және байланыспаған билирубиннің концентрациясы артады.несепте байланыспаған билирубин кездеседі.Несепте тура билирубин пайда болып,уробилин төмендейді.Нәжіс түссіз және әлсіз боялған.
61. Емханаға тоқтаусыз көп құсқан және күні бойы іші өткен науқас түсті. Бұл оның организмінің сусыздануына әкелді. Организмдегі су тұз алмасуын реттейтін гормондарды ата. Бұл гормонлар қайда түзіледі. Осы белгілер байқалған науқаста қанынан қандай көрсеткіштер анықталуы мүмкін.
А)Ағзада осмостық қысым, жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтықтардың көлемі мен рН көрсеткіші су тұз гомеостазын реттеуші негізгі көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруі артериялық қысымның өзгеруіне, ацидоз бен алкалозға, сусыздануға, ісінуге әкелуі мүмкін. Су тұз балансын реттейтін гормондар: вазопрессин, альдостерин, натрий уретикалық фактор.
Б)Вазопрессин гипофиздің артқы бөлімінде түзіледі. Ол циклды нанопептидтер, тоғыз амин қышқылынан тұрады.
Альдостерин бүйрек үсті безінің түйірлі аймағында түзіледі. Ол белсенді минералокортикостероид.
Натрий уретикалық фактор жүрек аймағында түзіледі.
В)Осы гормондар қанда натрий мөлшерін арттырып, қан көлемінің ұлғайуына және артериялық қысымның жоғарлауына әкеледі. Су тұз алмасуының барлық көрсеткіштері анықталады.
62. Науқас диабеттік кома деген күдікпен емхананың қабылдау бөліміне түсті. Диагностикалау үшін қан мен зәрде қандай зертханалық көрсеткіштер жүргізу керек. Осы жағдайдағы науқастың естен тануы немен байланысты. Науқасқа қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керек.
А)Лабораториялық зерттеу кезінде гиперкликемия 20-55 ммоль\л,глюкозурия, ацетонурия табылады. Қанда кетон денелері, мочевина, креатин, натрий мөлшерлері азаяды. Нейтрофильді лейкоцитоз, қанның сілтілік резерві мен қаннын рНы төмендейді.
Б)Диабеттік команың негізгі себебі инсулин жетіспеушілігі. глюкозаның тіндерге жетпеуі бауырдың гликонеогенезін тудырып, гипергликемияның пайда болуына әкеледі. Органикалық қышқылдардың, ацетоацеттың, ацетонның жиналуынан қан рНы төмендеп, сілтілік резерв те төмендейді. Осыдан метаболиттік ацидоз дамиды. Метаболизмнің бұзылуы ми клеткаларына әсенр етіп естен тану пайда болады.
В) алғашқы көмек. Глюкоза мөлшер тексеру, диабнтпен ауыратын адам паспорт тексеру, кректі доза қабылданбаса инсулин енгізу, жедел жәрдем келгенше аурудың өмірін сақтау керек. Ауруды іш жағымен жатқызу керек. Ауаның дұрыс өтуін қамт етеміз. Егер ауру тыныс алуы қалып ты болса да оны арқамен жат болмайды. Сбебі жүрегі айнуы мүмкін.
70. Құрамында көп мөлшерде сахароза, мальтоза бар кока-кола, фанта, пиваны көп ішкенде кариестің (тіс жегісі) дамуына әкеледі.Осы шырындарды пайдаланғанда кариестің дамуының себебін түсіндіріңіз. Оған: а)Сілекейдің қалыпты жағдайдағы рН-ты көрсетіңіз; б)қандай жолмен осы шырынның құрамындағы сахароза, мальтоза рН-тың өзгеруіне ықпал етуін түсіндіріңіз; қатысы бар мүмкін болатын реакцияларды жазыңыз,Эмальдың гидроксиаптиті сілекейдің рН-ы төмендегенде мүмкін болатын өзгерістерін түсіндіріңіз.
Газдалған сусындардың құрамында әр түрлі қышқылдық заттар бар,сондықтанда бұл сусындарды пайдаланатын адамдарда Тіс жегі ауруы кездеседі.
А)Сілекейдің қалыпты жағдайдағы pH-6,8-7,4;
Б)
Эмальдің минералды негізін апатит кристаллдары құрайды. Гидроксилапатит кристалдары (75%) цементке,дентинге және сүйекке қарағанда эмальде ірірек болады.Олар өте берік,бір-біріне тығыз жанасқан,құрамында кальцийдің 12 атомы бар.Эмальде сонымен қатар бикарбонапатит (19%) бар: бикарбонат анионы кристалдық тордағы ортофосфатпен немесе гидроксилмен алмасқан.Егер ол көп мөлшерде түзілсе,онда эмаль кариеске жеңіл ұшырайды (көмірсулы тағамды көп пайдаланғанда).Шамамаен 4,4% хлорапатит бар.Гидроксил тобын фторға алмастырғанда фторапатит түзіледі.Фторапатит кристалдық тордың тығыздығын арттырып,эмальдің кариеске төзімділігін күшейтеді.Егер ауыз қуысының құр-да фтор көп болса-дақты эмаль,аз болса-кариес дамиды.
71.Түбір каналының энзимотерапиясын ұзарту үшін асқынған және созылмалы периодонтитте құрамында трипсин,химотрипсин,лизоцим бар профезим және иммозимаз препараттарын қолданады. Бұл препараттарды осы ауруларда қолдануына дәлел келтіріңіз Оған: а)ферменттің субстратқа әсерін схемамен көрсетіңіз, олардың топ,топшаларын атап реакцияның соңғы өнімін сипаттаңыз; б)ұл дәрілердің кездесуі түбір каналында 1-2 тәуләк шектелген. неге осы препараттармен бірге сульфаниламидті қолдану ұсынылған,бірақ спиртті қолдану шектелген.
Жауабы:Эндопептидазалар-белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіпоны полипептидтерге дейін ыдыратады. Өкілдері:пепсин,трипсин,химотрипсин,катепсиндер.Трипсин активсіз күйінде ұйқы безінен бөлінеді де, энтеропептидазалармен активтенеді, ол аргинин мен лизиннен құралған диаминомонокарбон қышқылдарындағы пептидтік байланыстады үзеді.Химотрипсин ұйқы безінде түзіледі, ол трипсинмен активтенеді.
Сульфаниламид-бактериацидтік препараттар.Спирт- белоктардың денатурациясына ұшыратады.
72. Соңғы жылдары стоматологияда жаңа ауру «сағыз ауруы» пайда болды. Сағызды дұрыс пайдаланбағандықтан сілекей бездерінде аторофия байқалады. Осы ауруда сілекей секрециясы қалай өзгереді? Сұраққа жауап үшін: а)сілекейдің негізгі қызметтерін атаңыз; б) тістің эмаліне және ауыз қуысының кілегей қабатына сілекейдің секрециясы қалай әсер етеді; в) қандай жағымсыз әсері болады.
Жауабы:Сілекей секрециясы азаяды. Негізгі қызметтері:ас қорытуға қатысу,құрамында ферменттер бар,бактериоцидтік.