
- •- 400 Грамнан
- •- 2 Айына
- •134. Ошақты пневмонияға қандай тыныс шулары тән:
- •135. Жаңа туған нәрестелер пневмониясында мейілінше тән ерте аңғарылатын белгі:
- •136. Миокардитке тән белгілердің бірі:
- •139. Іштен біткен жүрек ақаулары дегеніміз не:
- •141. Темір тапшылық анемияға қай синдром тән:
- •163. Пиелонефрит кезіндегі диетаның мінездемесіне сәйкес жауапты таңдаңыз:
- •164. «Нефриттік бет» дегеніміз қандай бет:
- •183. Күлге қарсы 1-ші және 3-ші вакцинация жүргізу үшін қай вакцина қолданылады:
- •188. Жұқпалы аурулардың арнайы алдын алу шарасына жатады:
- •193. Анафилактикалық шоктың еміне сәйкес шараны таңдаңыз:
- •194. Гипертермиялық синдромға тән:
- •334. Нәресте терісінің келесі ерекшелігі ірінді ауруларға бейімдейді:
- •335. Гломерулонефрит дегеніміз ненің қабынуы:
- •337. Жаралы стоматиттің емінде қолданылады:
- •343. Эндемиялық зобтың диагностикалық маңызы бар белгісі:
- •346. Қызылшаның продромалдық кезеңінде байқалатын белгілердің ішінен қызылшаға ғана тән белгіні таңдаңыз:
- •347. Қызылшаға тән бөртпені таңдаңыз:
- •357. Жел шешек бөртпесіне тән:
Балалық шақ неше кезеңге бөлінеді:
+ 6
- 5
- 4
- 3
Құрсақтағы даму кезеңінің ұзақтығы орта есеппен неше күн:
+ 270 күн
- 300 күн
- 200 күн
- 100 күн
Физиологиялық сарғаю, қызару, салмақтың кемуі, жыныстық криз, несеп қышқыл инфаркты балалық шақтың қай кезеңіне тән жағдайлар:
+ нәрестелік кезеңіне
- емізулі кезеңіне
- құрсақта даму кезеңіне
- мектеп жасына дейінгі кезеңіне
4.Жаңа туған нәрестенің дене салмағы орта есеппен неше грамм:
- 2500-2600г
+ 3200-3500г
- 1500-2000г
- 4200-4300г
- 2600-2800г
5. Жаңа туған нәрестенің дене салмағының физиологиялық кемуі неше %-дан аспайды:
- 5%-дан
- 20%-дан
- 15%-дан
+ 10%-дан
6. Өмірінің алғашқы жылының бірінші айында баланың дене салмағы неше грамм қосады:.
- 200г
- 900г
+ 600г
- 300г
- 1000г
7. Өмірінің алғашқы жылының екінші және үшінші айларында баланың дене салмағы неше граммнан қосады:
+ 800 грамнан
- 200 грамнан
- 100 грамнан
- 300 грамнан
- 400 Грамнан
1 жастағы баланың салмағы орта есеппен неше килограмм:
- 6-7кг
- 8-9кг
+ 9,5-10,5кг
- 12-14кг
Баланың туғандағы дене салмағы өмірінің неше айына таман екі есе көбейеді:
+ 5-6 айында
- 1-2 айына
- 9-10 айына
- 11-12 айына
Баланың туғандағы дене салмағы өмірінің неше айына таман үш есе көбейеді:
- 4-5 айына
- 5-6 айына
- 1-2 айына
+ 11-12 айына
Жаңа туған нәрестенің дене ұзындығы орта есеппен неше сантиметр:
- 30-32см
- 38-42см
- 40-45см
+ 48-52см
Алғашқы 1 жыл ішінде дене ұзындығы орта есеппен неше сантиметрге өседі:
- 15см-ге
- 10см-ге
- 50см-ге
+ 25см-ге
1 жастағы баланың бойы орта есеппен неше сантиметр:
+ 70-75см
- 100-105см
- 55-60см
- 90-95 см
14. Денсаулығы бойынша балалар контингенті неше топқа бөлінеді:
- 1
- 4
- 2
+ 5
- 3
Барлық критерийлер бойынша ауытқулары жоқ дені сау балалар және денсаулығына әсер етпейтін, коррекцияны қажет етпейтін морфологиялық ауытқулары бар қай денсаулық тобына жатады:
+ І
- ІІ
- ІІІ
- ІV
- V
16. Баланың неше жасына таман бас миы қыртыстары жетіледі:
- 10 жасына
+ 3 жасына
- 5-6 жасына
- 15-13 жасына
17.Баланың неше жасына таман нейрондарының толық жетілуі аяқталады:
- 12 жасына
+ 7 жасына
- 3 жасына
- 1 жасына
Неше айынан бастап бала анасын жақсы таниды:
- 1 айынан
- 8 айынан
- 12 айынан
+ 4 айынан
- 7 айынан
Неше айына таман бала түрлі түсті ажырата бастайды:
+ 3 айына таман
- 1 айына таман
- 2 айына таман
- 6 айына таман
- 5 айына таман
Бала естиді:
+ туғаннан
- 2 айдан
- 6 айдан
- 4 айдан
Баланың дыбыстарға алғашқы рет реакция беру мерзімі:
- өмірінің 6 айында
+ өмірінің 2-3 аптасында
- өмірінің 10 айында
- өмірінің 1 жасында
Неше айынан бастап бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрады:
+ 3 айынан
- 4 айынан
- 5 айынан
- 6 айынан
- 7 айынан
Бала бірінші буындарды неше айында айта бастайды:
- 4 айында
-12 айында
+ 6 айында
- 10 айында
- 3 айында
Неше айында бала қарапайым сөздерді айта бастайды:
- 5 айында
+ 10 айында
- 6 айында
- 3 айында
- 4 айында
1 жастағы баланың сөз қоры:
- 50 сөз
+ 8-10 сөз
- 300 сөз
- 100 сөз
- 1 сөз
2 жастағы баланың сөз қоры:
+ 300 сөз
- 8-10 сөз
- 1-2 сөз
- жоқ
Өмірінің неше айына таман баланың қол бұлшық еттерінің гипертонусы жойылады:
- 8 айына
- 4 айына
- 12 айына
+ 2 айына
Өмірінің неше айына таман баланың аяқ бұлшық еттерінің гипертонусы жойылады:
- 12 айына
- 8 айына
+ 4 айына
- 2 Айына
Неше айынан бастап бала басын жақсы ұстайды:
- 10 айынан
+ 2 айынан
- 7 айынан
- 4 айынан
- 6 айынан
32. Баланың бас сүйектері арасындағы тігістер өмірінің неше айына дейін жақсы байқалады:
- 6 айына
- 12 айына
- 10 айына
+ 3 айына
33. Үлкен еңбек қай сүйектердің арасында орналасқан:
+ төбе сүйектер мен маңдай сүйектің
- төбе сүйектер мен шүйде сүйектің
- төбе сүйектер мен самай сүйектің
- маңдай сүйек пен самай сүйектің
- төбе сүйектердің
34. Үлкен еңбектің пішіні не тәрізді:
- квадрат
+ ромб
- шеңбер
- үшбұрыш
35. Жаңа туған нәрестеде үлкен еңбектің ені:
- 3х4см
+ 2х2,5см
- 0,5х1см
- 5х6см
36. Үлкен еңбек баланың неше айына таман жабылады:
- 5-6 айына
+ 12-15 айына
- 2-3 айына
- 20 айына
37. Кіші еңбек қай сүйектердің арасында орналасқан:
- маңдай сүйек пен самай сүйектің
- маңдай сүйек пен төбе сүйектердің
+ төбе сүйектер мен шүйде сүйектің
- төбе сүйектер мен самай сүйектің
38. Мойын лордозы баланың неше айында пайда болады:
- 7-8 айында
- 5-6 айында
- 3-4 айында
+ 2-айында
39. Кеуде кифозы баланың неше айында пайда болады:
- 10-11 айында
- 3-4 айында
+ 6-7 айында
- 1-2 айында
40. Бел лордозы баланың неше айында пайда болады:
- 3-4 айында
- 6-7 айында
- 8-9 айында
+ 10-11 айында
41. Баланың алғашқы сүт тістері неше айында шығады:
+ 6-7 айында
- 10-12 айында
- 2-3 айында
- 3-4 айында
42. 1 жаста балада неше тіс болу керек:
- 4
+ 8
- 20
- 2
43. 2 жаста балада неше тіс болуы керек:
- 4
- 8
+ 20
- 10
44. Ерте жастағы балаларда инфекция кеңсіріктен ортаңғы құлаққа оңай енеді, өйткені евстахий түтігі:
- тар, ұзын
+ кең, қысқа, түзу және көлдеңен орналасқан
- тік орналасқан
- жоқ
45. Жаңа туған нәрестенің 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі:
- 20-30
+ 40-60
- 80-100
- 120-140
46. 5 жастағы баланың 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі орта есеппен:
- 40
- 10
+ 35
- 25
47. 12 жастан кейінгі балалардың 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі:
- 40-60
- 30-35
- 18-20
+ 20-22
48. 2 жасқа дейінгі дені сау балаларда жүрек ұшы соққысы қай қабырға аралықта анықталады:
+ ІІІ
- V
- IV
- VII
49. Жаңа туған нәрестенің 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі:
- 40-60
- 90-100
+ 120-140
- 30-40
50. Емізулі баланың 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі орта есеппен:
+ 130-135
- 80
- 60
- 50
51. 12 жастағы баланың 1 минут ішіндегі жүрек соғу жиілігі орта есеппен:
- 115
+ 80
- 50
- 40
52. Эритроциттердің негізгі қызметі:
+ тіндерді оттегімен қамтамасыз ету
- қорғаныс
- тромб түзу
- сіңіру
53. Лейкоциттердің негізгі қызметі:
- тыныс алу
+ қорғаныс
- ас қорыту
- қанды ұйыту
54. Тромбоциттердің негізгі қызметі:
- тіндерді оттегімен қамтамасыз ету
- қорғаныс
+ қан ағуына кедергі жасау
- сіңіру
55. Жаңа туған нәрестенің асқазан сиымдылығы:
- 200мл
+ 30-50мл
- 300мл
- 500мл
- 100мл
56. Асқазанның келесі ерекшелігі жаңа туған нәрестенің құсуына себеп болады:
- ферменттерінің белсенділігі төмен болу
- шырышты қабығы нәзік болу
- қан тамырлары көп болу
- бүлшықеттері нашар жетілу
+ асқазан аузы кең болу
57.Баланың неше айынан бастап несеп шығаруға шартты рефлексті дамыту керек:
+ 3-4 айынан
- 6-7 айынан
- 8-9 айынан
- 10 айынан
58.Дені сау адамның тәуліктік диурезі ішілген сұйықтықтың неше %-на тең:
- 10-15%
- 20-40%
+ 60-65%
- 40-45%
59. Нечипоренко бойынша жиналған зәрде лейкоциттердің қалыпты саны:
+ 2000-ға дейін
- 6000-ға дейін
- 7000-ға дейін
- 8000-ға дейін
60. Нечипоренко бойынша жиналған зәрде эритроциттердің қалыпты саны:
- 2000-ға дейін
+ 1000-ға дейін
- 7000-ға дейін
- 3000-ға дейін
61. Зимницкий әдісі бойынша неше порция зәр жинау керек:
- 4
- 5
- 6
- 7
+ 8
62. Табиғи тамақтандыру дегеніміз баланы 6 айға дейін немен тамақтандыру:
+ ана сүтімен ғана
- сиыр сүтімен ғана
- ана сүтімен және сиыр сүтімен
- бейімделген сүт қоспаларымен
63. Сүттің түзілуін қай гормон реттейді:
- альдостерон
+ пролактин
- инсулин
- соматотроптық гормон
64. Сүттің сүт безінен бөлінуіне қай гормон көмектеседі:
+ окситоцин
- вазопрессин
- адреналин
- норадреналин
65. Ана сүтінің майы тез қорытылады, өйткені құрамында қандай май қышқылдары көбірек:
+ қанықпаған
- қаныққан
- қанықпаған және қаныққан
- болмайды
66. Табиғи тамақтандыру принциптерінің бірі:
- түнде үзбеу
- әрбір 3 сағат сайын емізу
- емізу арасында қайнаған су беру
- баланың 3 айлығынан бастап шырын бере бастау
+ баланың сұранысы бойынша емізу
67. Гипогалактия дегеніміз не:
+ сүттің аз мөлшерде бөлінуі
- сүт безінің қабынуы
- сүттің еріксіз ағуы
- емізіктің жарылуы
- сүттің шамадан артық бөлінуі
68. Қосымша тамақ қай балаларға енгізіледі:
+ балалардың барлығына
- табиғи тамақтандырылған балаларға ғана
- аралас тамақтандырылған балаларға ғана
- қолдан тамақтандырылған балаларға ғана
69. Табиғи тамақтандырылғанда қосымша тамақты балаға неше айынан бере бастайды:
- 4 айынан
- 1 жасынан
- 10 айынан
+ 6 айынан
- 3 айынан
70. Қосымша тамақты қай мөлшерде бере бастау керек:
- 5 шай қасықтан
+ 1-2 шай қасықтан
- 10 шай қасықтан
- 15 шай қасықтан
71. Бірінші қосымша тамақ ретінде не берген жөн:
- сорпа
- сүтке піскен ботқаларды
+ көкөніс пюресін
- ет
72. Үшінші қосымша тамақ ретінде беріледі:
+ сүт, айран
- сүтке піскен ботқа
- көкөніс пюрес
- шырын
- тартылған ет
73. 1 жасқа дейінгі балаға аталған тағамдардың қайсысын беруге болмайды:
- буға піскен котлет
- жеміс-жидек пюресін
- жарма ботқасын
+ жұмыртқаның ақ уызын
- ірімшік
74. Үстеме тамақ ретінде беріледі:
- сорпа
+ сүт қоспалары
- сүтке піскен ботқалар
- шырындар
75. Бейімделген сүт қоспасын таңдаңыз:
- В-сұлы
- В-қарақұмық
- В-күрі
- айран
+ балбөбек
76. Балаға 3 ай. Ана сүті мүлдем жоқ. Баланы немен тамақтандыру керек:
- сорпамен
- көкөніс пюресімен
- тартылған етпен
+ сүт қоспаларымен
77. Баланы қолдан тамақтандыру түріне көшіру себептерінің бірі:
- анемия
- шала туылу
- салмағын шамадан артық қосу
- салмағын шамадан артық қосу
+ анасында ауыр жүрек ақауы болу
78. 2 айға дейінгі баланың бір тәулік тамағының мөлшері дене салмағының неше бөлігіне тең:
- 1/9
- 1/8
- 1/7
- 1/6
+ 1/5
79. Апгар шкаласы бойынша неше белгі бағаланды:
- 1
+ 5
- 4
- 3
80. Апгар шкаласы бойынша бағалардың қосындысы неше балл болса жаңа туған баланың халі қанағаттанарлық болып саналады:
+ 8-10 балл
- 5-6 балл
- 4-5 балл
- 2-3 балл
- 1-2 балл
81. Перзентханадан шығарылғаннан соң жаңа туған балаға алғашқы патронаж өткізу мерзімі:
+ 1-3 тәулік ішінде
- 1 апта ішінде
- 1 ай ішінде
- 10 тәулік ішінде
82. Жаңа туған балаға гигиеналық ванна өткізуге арналаған судың температурасы:
+ 37˚С
- 35˚С
- 33˚С
- 31˚С
83. Физиологиялық эритеманың себебі:
- дене қызуы көтерілу
+ жаңа ортаның әсерінен терінің тітіркенуі
- тері аурулары
- гипотермия
84. Аталған белгілердің ішінен қайсысы физиологиялық сарғаюға тән:
- бауыр мен көк бауырдың үлкеюі
- емуден бас тарту
- нәжіс пен зәрдің түсі өзгеру
- зәрде өт пигменттері пайда болу
+ тән белгі жоқ
85. Физиологиялық сарғаюда келесі шара қолданылады:
- қан алмастырып құю
- фототерапия өткізу
+ баланы жиі емізу
- баланы донорлық сүтпен тамақтандыру
86. Жаңа туған нәрестеде жыныстық криздің себебі:
- бактериалдық инфекция
- салмақ кему
- вирустық инфекция
+ анасынан сәбиге эстрогендік гормондар өту
- баланың жыныс гормондары жұмыс істей бастау
87. Несептің азаюы, несеп бөлгеннен кейін жөргекте құм тәріздес қоңыр-қызыл дақ қалу қай физиологялық жағдайдың белгілері:
+ несеп қышқыл инфарктының
- жыныстық криздің
- физиологиялық эритеманың
- физиологиялық сарғаюдың
- транзиторлық протеинурияның
88. Дені сау жаңа туған нәрестелерге вакцинация жүргізу мерзімі:
+ 0-4 күн аралығы
- 4-10 күн аралығы
- 10-15 күн аралығы
- 15-20 күн аралығы
89. БЦЖ қай ауруға қарсы вакцина:
+ туберкулезге
- В гепатитке
- полиомиелитке
- қызылшаға
90. БЦЖ вакцинасын егу мөлшері:
- 0,5мл
- 0,4мл
- 0,3мл
- 0,2мл
+ 0,1мл
91. В гепатитке қарсы вакцинаны енгізу әдісі:
- ауыз арқылы
- тері астына
- тері ішіне
+ бұлшық ет ішіне
92. Аталған жағдайлардың қайсысында «Кенгуру әдісін» қолдануға болмайды:
- босану жүктіліктің 30-шы аптасынан кейін
- туғандағы салмағы 1100 грамнан жоғары
+ тыныс алуы бір қалыпты емес
- нәрестенің жалпы денсаулық жағдайы жақсы
- ему рефлексі бар
93. Асфиксия дегеніміз қандай жағдай:
- жөтелу
- ентігу
+ дем алысының болмауы немесе тиімсіз болуы
- жиі дем алу
94. «Көк» асфиксияда Апгар шкаласы бойынша баланың халі неше балл:
- 8-10 балл
+ 4-6 балл
- 1-3 балл
- 7-8 балл
95. «Ақ» асфиксияда Апгар шкаласы бойынша баланың халі неше балл:
- 8-10 балл
- 4-6 балл
+ 1-3 балл
- 7-8 балл
96. Бас миының зақымдану белгілерінің бірі:
- бауырдың үлкеюі
- үлкен еңбектің ішке қарай түсуі
+ құрысып-тырысу
- көк бауырдың үлкеюі
97. Бас миы зақымданып туған бала қай маманның диспансерлік есебінде тұруы қажет:
- пульмонологтың
- ревматологтың
- аллерголоктың
+ невропатологтың
98. Кефалогематома дегеніміз не:
- нәрестенің жатқан жағы ісіну
- миға қан кету
+ бас сүйегі қабығы астына қан құйылу
- ми қабығы астына қан құйылу
99. Келесі жағдайда жаңа туған балада гемолиздік ауру дамуы мүмкін:
- анасы мен баланың қаны резус теріс
- анасы мен баланың қаны резус оң
- анасының қаны резус оң, баланың қаны резус теріс
+ анасының қаны резус теріс, баланың қаны резус оң
100. Гемолиздік ауру кезінде гемолизге қай қан элеменнтері ұшырайды:
- лейкоциттер
- тромбоциттер
+ эритроциттер
- барлығы
101. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруында сарғаюдың пайда
болу мерзімі:
- туғаннан кейін 2-3-ші күні
- туғаннан кейін 5-6-шы күні
- баланың 1 айында
+ туғаннан соң бірнеше сағат ішінде немесе сары болып туады
102. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруы кезіндегі шұғыл терапия:
- антибактериалдық терапия
- витаминотерапия
- десенсибилизациялаушы терапия
- спленэктомия
+ қан алмастырып құю
103. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруының ауыр түрінде алғашқы күндері баланы немен тамақтандыру керек:
- анасының сүтімен
- ботқалармен
- сорпамен
- шырынмен
+ донорлық сүтпен
104. Жаңа туған баланың гемолиздік ауруының емінде қолданылады:
- цитостатиктер
- қабынуға қарсы препараттар
+ бауыр функциясын жақсартатын дәрілер
- сульфаниламид препараттары
105. Аталған аурулардың қайсысы терінің ірінді емес ауруларына жатады:
- көпіршіктену
- везикулопустулез
- импетиго
+ баздану
106. Базданудың себептерінің бірі:
- бос жөргектеу
- күнделікті гигиеналық ванна өткізу
- ауа ваннасын өткізу
+ қымтап жөргектеу
107. Тері қатпарларының қызаруы, сулануы, сылынуы терінің қай ауруының белгілері:
+ базданудың
- везикулопустулездің
- импетигоның
- көпіршіктенудің
108. Омфалит дегеніміз ненің қабынуы:
- шырышты қабықтардың
- терінің
- ортаңғы құлақтың
- сүйектің
+ кіндіктің
109. Катаралдық омфалитке тән белгіні таңдаңыз:
- кіндік айналасындағы тіндердің некрозы
- кіндік жарасынан ірің бөліну
- кіндік айналасындағы тіндердін ісінуі
- кіндік тамырларының ісінуі
+ кіндік жарасынан сероздық, сероздық-геморрагиялық бөлініс
110. Кіндіктің іріңді ауруларында кіндік жарасын күту үшін қолданылатын дәрілердің бірі:
- новокаин
- глицерин
+ 3% су тегінің асқын тотығы
- глюкоза
111. Гипотрофияда ең алдымен ненің алмасуы бұзылады:
- майлардың
- көмірсулардың
+ ақ уыздың
- минералдық тұздардың
112. Гипотрофияның І дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:
- 25-30%
- 30-40%
+ 11-20%
- 20-25%
113. Гиптрофияның ІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:
- 10-15%
- 30-40%
- 15-20%
+ 21-30%
114. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:
- 15-20%
+ 30%-дан артық
- 21-30%
- 10-15%
- 5-10%
115. Мешел қай витаминнің жетіспеушілігінен дамиды:
- С
- А
- Е
- В тобының
+ Д
116. Краниотабес дегеніміз не:
- маңдай сүйектің дөңестенуі
- үлкен еңбектің кеш жабылуы
- саусақтардың жуандауы
+ бас сүйектерінің жұмсаруы
- төс сүйегінің алға қарай майысуы
117. Мешелде қай сүйектер жұмсарады:
- бас сүйектері ғана
- қол-аяқ сүйектері ғана
- кеуде қаңқасы ғана
- жамбас сүйектер ғана
+ барлық сүйектер
118. V-VIII қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне ауысар жерінің жуандауын қалай атайды:
+ «мешелдік таспихтар»
- «мешелдік білезіктер»
- «інжу жіптері»
- «етікші төсі»
119. «Інжу жіптері» дегеніміз қай сүйектердің жуандауы:
- қабырғалардың
+ саусақтардың
- бас сүйектердің
- білезік сүйектерінің
120. Бала тұрып жүре бастағанда мешелдің келесі белгісі пайда болады:
- мешелдік бүкірлік
- Гариссон сайы
- «етікші төс»
+ аяқ сүйектерінің «О» немесе «Х» тәріздес болып қисаюы
- краниотабес
121. Мешелдің арнайы емі мен алдын алуы үшін қолданылады: - кальций препараттары
- фосфор препараттары
- В тобының витаминдері
+ Д витамиін препараттары
- цитрат араласы
122. Мешел емінің негізгі курсының ұзақтығы:
+ 30-45 күн
- 6 ай
- 1 апта
- 2-3 күн
- 1 жыл
123. Мешелдің антенаталдық арнайы алдын алуын жүктіліктің келесі аптасынан бастайды:
- 35-36
- 12-24
- 32-34
+ 28-30
124. Мешелдің антенаталдық алдын алу үшін жүкті әйелге Д витаминін келесі дозада тағайындайды:
+ 400-500ХБ
- 4000-5000ХБ
- 100-200ХБ
- 1000-2000ХБ
125. Хвостек симптомы қай жердің бұлшық еттерінің тырысуымен сипатталады:
- қолдың
- бүкіл дененің
+ беттің мимикалық
- аяқ ұшының
126. Карпопедальдық спазм дегеніміз қай жердің бұлшық еттерінің тырысуы:
+ табан мен қол ұшының
- іштің
- беттің
- мойынның
127. Экссудативті-катаралды диатезде бала организмі көбінесе неге сезімтал келеді:
+ тамақ аллергендеріне
- бактерияларға
- вирустарға
- саңырауқұлақтарға
128. Экссудативті-катаралды диатездің алғашқы белгілерінің бірі:
- сулы есекжем
- қышыма
+ гнейс
- «сүт қабық»
129. Гнейс дегеніміз не:
- бұдырмақтар
- ойық жаралар
- іріңді бөртпелер
- геморрагиялық бөртпелер
+ шаш арасында сұрғылт немесе сарғыш себореялық қабыршақтар
130. Ринитке тән белгілердің бірі:
+ мұрыннан сұйықтық бөліну
- жөтелу
- тамақтың ауыруы
- ентігу
131. Үру тектес жөтел, демді ішке алудың қиындап, шулы болуы, дауыстың қарлығуы тән:
+ стеноздаушы ларингитке
- ринитке
- баспаға
- фарингитке
- пневмонияға
132. Стеноздаушы ларингит кезінде көрсетілетін көмектің бірі: - тілді шпательмен басы
- мүсәтір спиртін искету
- денеге салқын су бүрку
- салқын сусындар ішкізу
+ жылы сілтілі булы инголяция
133. Пневмонияда негізгі шағымдардың бірі: + ентігу
- дене қызуы көтерілу
- ұйқының бұзылуы
- тәбеттің төмендеуі
- көңіл-күйдің бұзылуы