Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

Гнейс кезінде бастың шашты бөлігін өңдеу алгоритмі

Көрсеткіші: 1) Себореялық қабыршықтарды тазалау

2) Гнейс кезінде тері қабатының зақымдануының алдын алу

Керекті құралдар: 1) стерильді өсімдік майы

  1. мақта тампондары

  2. қолданылған заттарға арналған лоток

  3. бас киім

  4. дәке салфеткалары 10x10 немесе 15x15

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  4. Баланы отырғызу немесе үстелдің үстіне жатқызу.

  5. Бастың шашты бөлігіндегі гнейстің көп мөлшерде орналасқан жерлерін стерильді майға матырылған мақта тампондарымен абайлап отырып өңдеу.

  6. Өңделген аймаққа дәке салфеткаларын салу, балаға бас киім кигізіп біраз уақытқа қалдыру (кемінде 2 сағатқа).

  7. Баланы анасына беру. Жөргекті алып кір киімдерге арналған қапқа салу және үстелдің үстін дезерітіндімен өңдеу.

  8. 2 сағат өткеннен кейін баланы шомылдыру, жуындыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау.

Ескерту.

  1. Шараны шомылдырудан 2 сағат бұрын өткізу.

  2. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.

  3. Егер қабыршықтарды тазарту мүмкін болмаған жағдайда шараны бірнеше күн бойы қайталап өткізу қажет.

  4. Шаштарға тығыз жабысып тұрған қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып тастау қажет.

Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу алгоритмі

Көрсеткіші:

  • кіндік жарасында қабынуы.

Керекті құралдар:

  • стерильді мақта таяқшалары - 3;

  • 3% су асқын тотығы;

  • 70% этил спирті;

  • 5% калий перманганат ерітіндісі;

  • немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі;

  • стерильді пипетка;

  • жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ;

  • резеңке қолғап;

  • қолданылған заттарға арналған лоток;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу, баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.

  5. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

  6. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы су асқын тотығын тамызу, 30-40 секунд тосып кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай).

  7. Кіндік жарасын (керек жағдайда) 5% калий перманганат немесе жасыл бриллианттың ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).

  8. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

  9. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту.

  10. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту. Шараны көрсеткіш бойынша тәулігіне 3-4 рет өткізу.

  1. жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай және киімге тимейтіндей етіп орналастыру.

Баланың қолын (аяғын) бекітіп