Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

Ана төсімен тамақтандыру ережелері

  1. Емізер алдында төстен сүттің бірнеше тамшысын сауып шығару.

  2. Сору кезінде бала тек емшек ұшын ғана емес, сонымен қатар емшек ұшы маңының айналмасыны еріндерімен қамтуы қажет.

  3. Анасының төс бездері баланың мұрын жолдарын жауып қалмауын қадағалау қажет.

  4. Әр емізу барысында мүмкіндігінше бір жақ төс безімен емізуге тырысу қажет.

  5. Төспен емізу жиілігін және ұзақтығын шектеуге болмайды (баланы «сұрауы бойынша» емізу).

  6. Тамақтану барысында баланың төсті белсенді түрде соруын қадағалау қажет. Ұйықтап қалған жағдайда баланы ояту қажет.

  7. Тамақтандырып болғаннан кейін төс бездеріндегі сүтті соңғы тамшысына дейін сауып тастау және төс бездерінің тазалығын сақтау.

Бақылаулы тамақтандыруды өткізу алгоритмі

Көрсеткіші: емшекпен емізу барысында баланың ана төсінен сорып алған сүт мөлшерін анықтау

Керекті құралдар:

  • памперсі бар жөргектеуге арналған жабдықтар

  • ананы емшекпен емізуге дайындауға арналған жабдықтар

  • таразы

  • дезерітінді, сүрткіш

  • қағаз, қалам

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  4. Балаға памперс кигізу және жөргектеу. Ананы бала емізуге дайындау.

  5. Таразыны дезерітіндімен өңдеп жұмысқа дайындау. Баланы өлшеп алынған қорытындысын тіркеу.

  6. Баланы анасына 20 мин көлемінде емізуге беру.

  7. Баланың салмағын қайталап өлшеу (зәрге және нәжіске отырса жөргекті ауыстырмаймыз).

  8. Алынған қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінгі және кейінгі салмақтары).

  9. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.

  10. Таразыны дезерітіндімен сүрту.

  11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

  12. Балаға бір реттік тамақтануға арналған сүт мөлшерін есептеу (көлемдік немесе каллориялық әдіспен)

  13. Баланың сорып алған сүтінің мөлшерінің қажетті мөлшерге сәйкестігін бағалау.

Ескерту. Тәулік бойында кемінде 3 рет бақылаулы тамақтандыру өткізу қажет, себебі тәуліктің әр мезгілінде анасының сүтінің мөлшері әр түрлі болады.

Нәрестенің алғашқы тазалығын өткізу алгоритмі

Көрсеткіші: 1) жаңа туған нәрестені алғаш рет өңдеу

2) нәрестеге жылу қорғанышын ұамтамасыз ету

Керекті құралдар: 1) стерильді жылы жөргектер – 2-3 дана

2) жылы көрпеше

3) нәрестеге арналған бас киім, шұлықтар

4) стерильді анатомиялық қысқыш

5) кіндік қысқышы (бір реттік)

6) стерильді қайшы

7) термометр

8) 1% көз тетрациклин майы

9) сантиметрләк жолақ

10) биркалар – 3 дана

11) жылытылған нәрестенің киімдері

1. Баланы стерильді жылы жөргекке қабылдап алу.

2. Стерильді жылы жөргекпен құрғатып сүрту (ішін – басын - арқасын).

3. Баланы анасының кеудесіне салу: тері теріге қатынасы.

4. Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.

5. Балаға бас киім және шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.

6. Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу):

а) кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші анатомиялық қысқыш салу;

б) екінші анатомиялық қысқышты кіндік сақинасынан 8 см қашықтықта, кіндікті стерильді қайшымен кесу.

7. 30 мин өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (N- 37,5-36,50С).

8. Гонобленореяның алдын алу шарасын өткізу(бала өмірінің алғашқы 1 сағатында): баланың көздерін 1% тетрациклин (эритромицин) майымен өңдеу, әр көзге жеке мақта шаригі қолданылады.

9. Баланы анасының төсінде кемінде 2 сағатқа қалдыру.

10. 2 сағат өткеннен кейін баланы жылытқышы және қосымша жылу көзі бар жөргектейтін үстелдің үстіне алу.

11. Кіндікті екіншілік өңдеу:

б) кіндік сақинасынан 0,3 см қашықтықта кіндік қысқышын салу;

в) кіндік қысқышының жоғарғы шетінен 0,3-0,5 см қашықтықта кіндік қалдығын стерильді қайшымен кесу.

11. Баланы дәрігердің тексеруі және антропометрия өткізу.

12. 3 бирканы толтыру: босану тарихының №, анасының тегі, баланың туған күні, мезгілі, жынысы, дене салмағы, бой өлшемі (2- қолдарына, 1-төсегіне).

13. Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлімге жеткізу.

Ескерту! 1. Босану бөлмесінің температурасы 250С кем болмау керек.

2. Барлық шараларды «Жылу тізбегінің» бөлімдерін сақтаумен өткізу.

3. Мед.қызметкерледің қолдары хирургиялық әдіспен өңделу қажет.