Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

Дене салмағын өлшеу алгоритмі (2 жасқа дейін) (табақшалы таразамен)

Көрсеткіші:

  • баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  • баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • табақшалы таразы;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • қағаз, қалам.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Таразы күршегінің жабық тұрғандығын тексеру.

  5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  6. Табақшаны дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

  8. Таразы тастарын нөлдік бөлікке орналастыру.

  9. Күршекті ашып таразыны салмаққа қарсылықпен теңестіру.

  10. Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу

11. Күршекті ашып таразының төменгі бөлігінде орналасқан килограммдық тасты штанганың төмен түсуіне дейін жылжыту, одан кейі тасты солға қарай бір бөлікке ауыстыру.

12. Тепе-теңдік орналасқанға шейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты жайлап жылжытады .

13. Күршекті жабу және баланы таразыдан алу.

14. Бала салмағының көрсеткіштерін жазу (тастың сол жағындағы цифралар алынады).

15. Таразыдан жөргекті алып тастау.

16. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

17. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту. Баланы ашқарынға, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Бой ұзындығын өлшеу алгоритмі (1 жасқа дейінгі балада)

Көрсеткіші:

  • баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • горизонтальды бой өлшегіш;

  • жөргек;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • қағаз, қалам.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Горизонтальды бой өлшегішті тұрақты жерге шкаласын өзіңе қаратып орналастыру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  5. Бой өлшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  6. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жақтауға қаратып жатқызу.

  7. Баланың тізесінен басып, аяғын түзеп жазу.

  8. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату.

  9. Бой өлшегіш шкаласы бойынша баланың дене ұзындығын анықтау.

  10. Баланы бой өлшегіштен алып қортындысын жазу және қортындысын анасына хабарлау.

  11. Өлшегіштен жөргекті алып тастап бой өлшегіштің үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту. Баланың бойын таңертеңгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22 - 240С.

БАС АЙНАЛЫМЫН, КЕУДЕ АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ, ҮЛКЕН ЕҢБЕКТІҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • сантиметрлік жолақ;

  • салфетка, спирт;

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  4. Сантиметрлік жолақты спиртке матырылған салфеткамен сүрту.

  5. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу:

- артқы жағында – желке шоғыры

- алдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы.

6. Алынған қорытындыларды баланың даму тарихына жазу.

7. Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу:

- артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы

- алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға).

8. Алынған қорытындыларды физикалық даму журналына немесе баланың даму тарихына жазу.

9. Үлкен еңбектің көлемін анықтағанда екі қарама-қарсы жақтардың ара қашықтығын өлшейді. Үлкен еңбектің шеттерінің жағдайына, еңбектің ісінуіне немесе төмен түсіп кетуіне назар аудару қажет.

10. Іштің айналымын кіндіктің қатарынан өлшейді.

11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

12. Сантиметрлік жолақты спиртке матырылған салфеткамен сүрту.

13. Қортындыны жазып қортындымен баланың анасыа (туыстарын) таныстыру.

Ескерту. 1. Бөлменің температурасы 230С-тан төмен болмау керек, өлшемдерді тәуліктің бірінші жартысында өткізген жөн.

2. Баланың әр түрлі бөліктерінің айналымын тыныштық жағдайында, мұқият, баланың көңіл күйі жақсы болғанда сантиметрлі лентамен өлшейді.