Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
487.94 Кб
Скачать

Қарағанды қаласының медицина колледжі педиатриядағы мейірбикелік шараларды орындау алгоритмдері

АЛҒЫ СӨЗ

Білім берудің Мемлекеттік стандарттарына сәйкес «Мейіркеш ісі», «Емдеу ісі» және «Акушер ісі» мамандықтары бойынша «Педиатриядағы мейіркеш күтімі» пәнін оқу барысында келесі біліктілік шараларын орындай білулері қажет:

  • сау және ауру балаларды бақылау және олардың күтім ерекшеліктерін;

  • әр түрлі аурулар кезінде балаларды тексеру;

  • шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету;

  • тағайындалған медициналық шараларды өткізуге дайындау және өткізу барысында сапалы көмекті қамтамасыз ету;

  • қажетті мейіркештік күтім жүргізу;

  • баланың жақындары және туыстары арасында алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

Жоғарыда белгіленген талаптарға және медицина қызметкерінің жұмысына деген қазіргі заманғы көзқарасқа сәйкес, жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша алгоритмдерді орындау реттілігін сақтау және шараның әр барысын орындалуының негізделуі қағидасы бойынша құрылған стандарттар қажетті біліктілікті игеруге өте зор көмегін тигізеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын қарқындату және тиімді болуы мақсатында стандарттарды клиникаға дейінгі тәжірибе сабақтарында, сонымен қатар емдік-алдын алу мекемелер жағдайында қолдануға кеңес беріледі.

Педиатриядағы мейіркештік технологиялар алгоритмдері педиатрия ЦӘК отырысында талданған және қарастырылған, сонымен бірге Қарағанды қаласының облыстық клиникалық балалар ауруханасының аға мейір бикесімен келістірілген.

Қарағанды қаласының Медицина колледжінің

«Педиатриядағы мейіркеш күтімі» пәнінің оқытушылары

Алгоритмдермен жұмыс істеуге әдістемелік ұсыныстар

  1. Барлық алгоритмдердің мәліметтік мазмұнымен мұқият танысыңыз

  2. Келесі жағдайларды ескере отырып машықтану сабағы күнделігіне көшіріп жазыңыз:

    • шараның мақсат-көрсеткішіне және керекті құралдардың ерекшелігіне;

    • алгоритмдердің теориялық бөлігін (бар болса) конспект түрінде жазып ал;

    • шараларды орындау сатыларын қайталап оқу және көшіріп жазу барысында әр бір қимыл-шараңды ойша көзге елестетуге тырыс;

    • қимылдардың реттілігін жақсы еске сақтау үшін оның қажеттілігін (түсініктемесін) біліп ал;

3. Алгоритмдердің өткізілу барысын қайталап оқып, ойша айтып шық

ДЕНЕ САЛМАҒЫН ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ (2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

(Электронды таразымен)

Көрсеткіші:

  • баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  • баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • электронық таразы;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • қағаз, қалам.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру.

  5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  6. Табақшаны дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

  8. Таразыны нөлдік көрсеткішке орналастыру.

  9. Баланы таразыға жатқызу.

  10. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу.

  11. Бала салмағының көрсеткіштерін жазу.

  12. Таразыдан жөргекті алып тастау.

  13. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  14. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту. Баланы ашқарынға, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.