Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ УМК МГГказ 18.042005.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.02.2020
Размер:
766.98 Кб
Скачать

5 Тапсырма

Мұнай-газ тұтқыштары мен шоғырлардың жоспарын және қимасын құрастыру

Әдістемелік ұсыныстар. Жер қойнауында табиғи резервуарлардың көп бөлігі сумен толы болады. Мұнай және газ сумен бірге резервуардың ішінде жылжылады. Мұнайдың орын ауыстырып жылжуы алдынан тосқауыл кездескенде ғана тоқтайды. Олар қақпанға түскен тәрізді - тосқауыл алдында мұнай мен газ жиналымы түзіледі. Бұл құрылымдарды тұтқыш (ұстағыш) деп атайды.

И.О. Брод бойынша тұтқыш – құрылымдық иілім, стратиграфиялық экран, литологиялық шектелген құрылым түріндегі табиғи резервуардың бір бөлігі. Бұл құрылымдарда флюидтердің қозғалуы бәсеңдеп мұнай жиналу мүмкіншілігі жоғары болады. Тұтқышқа жеткен флюидтер тығыздығына байланысты жіктеліп орналасады, тұтқыштың жоғары бөлігінде газ, одан төмен мұнай, ең астында су.

Өткізу түрі. Мұнай-газ тұтқыштары мен шоғырлардың жоспарын және қимасын құрастырып, оларды тапсыру. Пікір алмасу түрінде жүргізіледі

Әдебиеттер: негізгі 1 [42-45], 4 [67-70], 5 [49-68]

6 Тапсырма. Мұнайгаз кен орындарының типтерін талдау

Әдістемелік ұсыныстар. Мұнай мен газ кенорны (И.О. Брод бойынша) – бір алаңда орналасқан пайда болуы бір құрылымға бағынышты шоғырлардың жиынтығы. Мұнайгаз кенорны бір шоғырлы және көп шоғырлы болуы мүмкін. Жекеленген кенорнында газды және мұнайлы шоғырлар кездеседі.

Шығару қоры бойынша мұнай және газ кен орындары ұсақ (<10 млн. т мұнай, < 10 млрд м3 газ), орташа (10-30 млн.т, 10-30 млрд. м3), ірі (30-300млн.т, 30-500 млрд.м3), алып (>300млн.т, >500 млрд.м3).

Өткізу түрі. Мұнайгаз кен орындарының типтерін талдау арқылы, Қазақстан кен орындары туралы қысқаша сипаттама беру. Студенттер баяндама жасауы тиіс.

Әдебиеттер: негізгі 2, қосымша 11

2. 5 Студенттердің өздік жұмыстары

1 Тапсырма

а) Шөгінді тау жыныстарының жаралу тегі

ә) Шөгінді тау жыныстарының жіктелуі.

Әдістемелік нұсқау. Шөгінді тау жыныстар үш топқа бөлінеді:

1) кесекті тау жыныстар – механикалық бұзылу және кесектердің жинақталу нәтижесінде пайда болады; 2) сазды тау жыныстар – химиялық бұзылудың өнімі және сазды минералдардың пайда болу нәтижесінде түзіледі; 3) химиялық (хемогенді) және органогенді тау жыныстар – химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде түзіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі 6 [32-35]

2 Тапсырма

а) Көміртегі геохимиясы,

ә) Көміртегінің табиғаттағы айналымы

б) Органикалық және бейорганикалық қосылыстардағы көміртегі.

Әдістемелік нұсқау. Көміртегі сутегімен бірге мұнайдың басты элементтеріне жатады. Көміртегі Менделеев жүйесіндегі 4 топқа жататын элемент. Оның реттік нөмірі6, атомдық массасы 12. Табиғатта көміртегінің 3 изотопы кездеседі 12С, 13 С, 14С, ең кең тараған 12С. Көміртегі әдетте 4 валентті. Көміртегі атомдары бір-бірімен байланыса алады. Литосферадаға көміртегінің кларкы 0,23. Көміртегі органикалық қосындыларда, шөгінді тау жыныстарында, гидросферада және атмосфераларда кездеседі. Көміртегінің табиғатта айналымы тіршілік циклы, седиментациялық циклы белгіленеді.

Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі 4 [42-45], 6 [67-70]