Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.02 Mб
Скачать
  1. Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.

Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМ СУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС СУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.

Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.

Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік , ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.

Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Нефрон құрылысы:

Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.

ГЕНЛЕ ілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.

63.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.

Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМ КОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМ ЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.

64.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.

Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті . Олардың қабырғаларының құрылысы:Шырышты , бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында , оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.

Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.

Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас , несеп өз-бетімен ақпайды , ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады , олар жиырылу қабілетімен иемденеді.

Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында , күмбезден жағары М.ЛЕВАТОР ФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.

Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:

1 Систола , жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін

2 Диастола , босаңсу 10-15 сек

М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп , несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИС пен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып , оны босатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]