
- •I.7 пән бойынша алған білімдерін, үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш құралдары
- •Жасырын кезеңіне
- •Ауру туралы жалпы ілім
- •Тітіркендіргішке организмнің жоғары жауабы
- •Тітіркендіргішке организмнің сәйкесті жауабы
- •Аллергия
- •Жасушатектілік
- •Дерттік жағдай
- •Дерттік үрдіс
- •Дерттік әсерленіс
- •Дерттік жағдай
- •Дерттік жағдай
- •Қажым қорының азаюы
- •Антидене түзілуінің жоғарылауы
- •Интерферон өндірілуінің жоғарылауы
- •Гипофизде
- •Дерттік күшейген қозу ошағы
- •Ауыруға қарсы жүйе
- •Жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігінде
- •Бұлшық еттің бірлік салмағына нәруыз түзілуінің азаюы
- •Жұқпалық миокардит
- •Біріншілік артериялық гипертензия
- •Бронхтар шырышты қабаттарының ісінуінде
- •Эритроциттің орташа диаметрінің өзгеруі
- •Эритроцит пішінінің өзгеруі
- •Дерттік қоспалары бар эритроциттер
- •Микросфероцитоздық анемия
- •Шеткі қанда эритроциттер саны азаюы
- •Жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
- •Уытты түйіршіктену
- •Лимфоциттер
- •Лейкоциттердің антиденемен бұзылысымен
- •Қанда лейкоциттер санының 1109/л төмендеуі
- •Арнайы емес төзімділіктің жоғарылауы
- •Қалыпты гемопоэздің тежелуі
- •Аяқ астынан басталуы
- •Тромбоциттер адгезиясының бұзылуына
- •Патофизиология пәні бойынша «Стоматология» мамандығы 3 курс студенттеріне
- •2013-2014 Оқу жылына арналған қорытынды бақылау есептері
- •Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз? Осы жағдайдың даму тетіктері қандай?
- •3. Емтихан сұрақтары
Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз? Осы жағдайдың даму тетіктері қандай?
Берілген синдромның клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптама жасаңыз
Науқаста дамыған бұзылыстар күшейсе, қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
№ 52 есеп
20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті. Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде айналы белгіде. Қанда АСТ белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).
Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Дерттің бұл түрінде қанда АСТ, КФК-МВ, тропониндер Т және I, протромбиндік индекс жоғарылау, лейкоцитоздың патогенезін түсіндіріңіз.
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 53 есеп
45 жастағы науқас Т., жастық шағында басынан кешірген құздама салдарынан дамыған жүректің біріккен ақауларымен ауырады. Көптеген жылдар бойы өзін жақсы сезінген. Осы жылы баспамен ауырған соң жағдайы күрт нашарлады. Науқасты ентік, жүрек қағысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қан түкіру, ісінулер мазалайды.
Қарап тексергенде: Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары көгерген. Соғып тексергенде жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек қағысы жайылған, әлсіз. Жүрек ұшында систолалық және диастолалық шу естіледі. Өкпе артериясында екінші тон күшейген, ажыраған. Пульсі минутына 96 рет, ырғақсыз. Артериялық қысым 130/85 мм с.б. өкпеден ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, сипағанда ауырады. Аяқтарында айқын ісінулер. Қанда эритроцит мөлшері артқан. Айналымдағы қан көлемі артқан. Жүректің соққылық көлемі азайған.
Науқаста қанайналымы жеткіліксіздігінің қандай көріністері бар?
Қанайналымы жеткіліксіздігі көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 54 есеп
Науқас Д., 35 жаста, 15 жыл бойы гломерулонефритпен емделіп келеді, сол жылдар бойы артериялық қысымы 170/ 120 мм с.б.
Науқаста артериялық гипертензияның қай түрі дамыды?
Науқаста артериялық қысымның жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз.
Науқаста дамыған артериялық қысымның жоғарылау патогенезін қандай тәжірибелік үлгімен алуға болады?
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.
№ 55 есеп.
Науқас С., 47 жаста, троллейбус жүргізушісі, бас ауыруына, жүрек айнуына шағымданады. Соңғы жыл бойына АҚ 160/95-ке көтерілгенін бірнеше мәрте байқады.
Науқаста артериялық гипертензияның қай түрі дамыды?
АГ патогенезін нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізіледі?
Артериялық гипертензия туындауында науқастың мамандығы қандай рөл атқарады? АГ-ның тағы қандай қауіп-қатер жайттарын білесіз?
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 56 есеп
Науқас Г., 30 жаста, дене салмағының айтарлықтай артқандығына шағымданады. Қарап тексергенде беті айтәрізді, май ішінде, мойнында көбірек жиналған, аяқтары ісінген. Тексергенде: АҚ 160/100 мм с.б. Глюкоза 7,5 ммоль/л, гипокалиемия, қанда және зәрде глюкокортикоидтар көбейген, УДЗ-де бүйрекүсті бездерінің өспесі анықталды.
Науқаста артериялық гипертензияның қай түрі дамыды?
Науқаста артериялық қысымның жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз
Әйгіленімдік артериялық гипертензияларға мысал келтіріңіз
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 57 есеп
Науқаста бронх демікпесі ұстамасы дамыды. Ол ауа жеткіліксіздігі сезімі қинағандықтан, иығын көтеріп, отырған қалыпта. Тынысы шулы, дем шығару қиындаған. Тыныс алуға қосымша тыныстық бұлшықеттер қатынасады. Ұстаманың соңында аздаған жабысқақ қақырық бөлінеді.
Қақырық анализінде –Куршман спиралдары.
1 Патогенезі және қанның газдық құрамының өзгерісіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
2 Науқаста дамыған тыныстық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз науқаста ентіктің қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндір. Бронхоспазмның патогенезі қандай?
3 Қанның жалпы анализі мен қақырықтан нені анықтауға болады?
4 ӨТС, ӨЖС, ӨҚК, Тиффно индексі, пневмотахограмма қалай өзгереді?
№ 58 есеп
Науқас 32 жаста, клиникаға «Қауырт пневмония» диагнозымен келді. Ауру қауырт басталды. Бас ауыру, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 390С. Терең дем алғанда кеудедегі ауыру сезімі күшейе түседі. Жөтелгенде аздаған жабысқақ қақырық шығады. Тынысы минутына 30 рет. Қанында нейтрофилді лейкоцитоз, ЭШЖ 20 мм сағ.
1 патогенезі және қанның газдық құрамының өзгерісіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
2 Науқаста дамыған тыныстық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
3 қақырықтан нені анықтауға болады? лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдау патогенезін түсіндіріңіз
4 ӨТС, ӨЖС, ӨҚК, Тиффно индексі, пневмотахограмма қалай өзгереді?
№ 59 есеп
Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
1 патогенезіне қарай тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
2 Артериялық қанда газдық құрам және рН қалай өзгеруі мүмкін?
3 Тыныс орталығына афференттік серпіннің бұзылуымен байланысты тыныс жеткіліксіздігіне мысал келтіріңіз
4 Ми қыртысы мен жұлынның мотонейрондарымен байланыс бұзылғанда тыныс алу қалай өзгереді?