
- •I.7 пән бойынша алған білімдерін, үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш құралдары
- •Жасырын кезеңіне
- •Ауру туралы жалпы ілім
- •Тітіркендіргішке организмнің жоғары жауабы
- •Тітіркендіргішке организмнің сәйкесті жауабы
- •Аллергия
- •Жасушатектілік
- •Дерттік жағдай
- •Дерттік үрдіс
- •Дерттік әсерленіс
- •Дерттік жағдай
- •Дерттік жағдай
- •Қажым қорының азаюы
- •Антидене түзілуінің жоғарылауы
- •Интерферон өндірілуінің жоғарылауы
- •Гипофизде
- •Дерттік күшейген қозу ошағы
- •Ауыруға қарсы жүйе
- •Жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігінде
- •Бұлшық еттің бірлік салмағына нәруыз түзілуінің азаюы
- •Жұқпалық миокардит
- •Біріншілік артериялық гипертензия
- •Бронхтар шырышты қабаттарының ісінуінде
- •Эритроциттің орташа диаметрінің өзгеруі
- •Эритроцит пішінінің өзгеруі
- •Дерттік қоспалары бар эритроциттер
- •Микросфероцитоздық анемия
- •Шеткі қанда эритроциттер саны азаюы
- •Жүре пайда болған жедел гемолиздік анемия
- •Уытты түйіршіктену
- •Лимфоциттер
- •Лейкоциттердің антиденемен бұзылысымен
- •Қанда лейкоциттер санының 1109/л төмендеуі
- •Арнайы емес төзімділіктің жоғарылауы
- •Қалыпты гемопоэздің тежелуі
- •Аяқ астынан басталуы
- •Тромбоциттер адгезиясының бұзылуына
- •Патофизиология пәні бойынша «Стоматология» мамандығы 3 курс студенттеріне
- •2013-2014 Оқу жылына арналған қорытынды бақылау есептері
- •Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз? Осы жағдайдың даму тетіктері қандай?
- •3. Емтихан сұрақтары
Патофизиология пәні бойынша «Стоматология» мамандығы 3 курс студенттеріне
2013-2014 Оқу жылына арналған қорытынды бақылау есептері
№ 1 есеп
Бала 3 жаста, жіті ауырып, әлсіздік, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсты, бала ішінің және басының ауыратындығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарап, ұртынан, терісінің қатпарларынан, денесінің екі жанынан, ішінің төменгі жағынан ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, мұрын ауыз үшбұрышы бозарғантілі өңезденген, бадамша бездері қызарған, ұлғайған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) байланыста болған. Балаға жәншау диагнозы қойылды. Пенициллин тобы антибиотиктерімен ем бастады. Бір аптадан соң бөртпелер жойылды, саусақ ұштарында, алақаны мен табандарында жалпақ пластиналы терілердің түскені анықталды.
1 Науқастағы жұқпалы аурудың сатыларын көрсетіңіз
2 Осы жұқпалы аурудың сатыларын сипаттаңыз
3 Аурудың арнайы белгілерін көрсетіңіз. Жедел кезең жауабына сай симптомды көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз
4 Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз
№ 2 есеп
Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Берілген есепте ауруды табыңыз. Ауруға анықтама беріңіз Ауру нышандарын көрсетіңіз
2 Берілген есепте дерттік серпілісті тауып, анықтама беріңіз
3 Берілген есепте дерттік үрдісті тауып, анықтама беріңіз
4 Берілген есепте дерттік жағдайды тауып, анықтама беріңіз
№ 3 есеп
Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Туристің өкпесі қабынуына қандай себеп әкелді? Осы аурудың жағдайы қандай?
2 Ауру себебі мен жағдайына анықтама беріңіз
3 Ауру себебіне сипаттама беріңіз
4 Ауру туындауында себеп пен жағдайдың маңызы қандай, монокаузализм және кондиционализм түсініктерін сипаттаңыз.
№ 4 есеп
Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе өткізілді: суының температурасы 10 °С аквариумға № 1 егеуқұйрықты отырғызды. 5 минөттен кейін жануарды алып, бақылау егеуқұйрықпен (№2 егеуқұйрық) және 10 минөт бұрын 2,5 мг/кг мөлшерде психостимулятор фенамин еңгізілген егеуқұйрықпен (№3 егеуқұйрық), барокамераға орналастырады. Сосын барокамерадағы барометрлік қысым 180 мм с.б.деңгейге дейін азайтылды. Өмір сүру ұзақтығы (барокамерадағы барометрлік қысымның 180 мм с.б. бойынша төмендеген уақыттан тыныстың толық тоқтауына дейін) №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 — 7 минөт және №3 егеуқұйрықта — 4 минөтке созылды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігне қалай әсер етті?
2 Берілген тәжірибеде қандай реактивтілік туралы ойлауға болады?
3 Биіктік ауруының патогенезін құрастырыңыз.
4 Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз
№ 5 есеп
1 жастағы балада, 35 жастағы әйелде және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты?
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқастардағы жауаптың түрін анықтаңыз
2 Организм реактивтілігі мен төзімділігіне анықтама беріңіз
3 Науқастағы реактивтілікке жауап түрін анықтаңыз, жауапты негіздеңіз
4 Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз
№ 6 есеп
Аурудың алдын алу мақсатында пациент емханаға келді. Шағымы жоқ, қарап тексергенде қандай да бір дерттік ауытқулар анықталған жоқ. Қорытынды шешім қабылдау үшін қаны мен зәрін тапсыруға клиникалық зертханаға жолдама берілді. Зертханада дәрігер лаборант эритроциттерінің айқын гемолизін анықтады, қан жағындысындағы бұзылмаған эритроциттердің пішіні сфералық түрде болды. Істің мән жайын анықтау барысында белгілі болғаны қан алу кезінде оны сұйылту үшін натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданған.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Жасуша мембранасы зақымдану тетіктері
2 Науқаста эритроцит ыдырауының патогенезін көрсетіңіз
3 Эритроциттер не себепті шартәрізді күйге айналды?
4 Жасуша зақымданғандағы бейімделу тетіктері (10-нан кем болмасын)
№ 7 есеп
Науқас Т., 29 жаста, қол саусақтары, денесінің алдыңғы бөлігі мен беті 2-дәрежелі күйікке шалдықты. Зақымдану аймағы 30%. Науқас қозу жағдайында, айқын ауыру сезімі, қалтырау, дене қызымының көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: есі сақталған, есі бұзылмаған, кеңістік пен уақытты бағдарлайды. АҚ 150/90 мм с.б. 15 минуттан соң АҚ 90/60-қа дейін төмендеді, есі тежеле бастады.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Алғашқы 15 минут берілген жағдайдың қай сатысына сәйкес келеді? Оның даму патогенезін түсіндіріңіз
15 минуттан соң берілген жағдайдың қай сатысына сәйкес келеді? Оның даму патогенезін түсіндіріңіз
Патогенездік емдеу ұстанымын ұсыныңыз
№ 8 есеп
Науқас Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста қандай жағдай дамыды?
2 Берілген жағдайдың даму сатыларын көрсету
3 Глюкозаның жасушада тапшылығынан нейрон зақымдану патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру
4 Берілген жағдайда нейрондардың осмостық зақымдануы бар ма? Жауапты негіздеу
№ 9 есеп
Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырау, «құстың терісіндей», тамыр соғысы 98 рет мин, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста дене қызымы көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?
2 Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
3 Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?
4 Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 10 есеп
Миокард инфарктымен ауыратын науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары анықталды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
2 Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары пайда болу патогенезін түсіндіріңіз
3 Қызбаның сатысын атаңыз, әр сатыда жылу реттелу өзгерістерін көрсетіңіз
4 Миокард инфарктында дене қызымы көтерілуінің қорғаныстық маңызы бар ма?
№ 11 есеп
Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?
2 Науқаста су-электролит алмасуы бұзылыстарының патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз
3 Анықталған клиникалық-зертханалық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
4 Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 12 есеп
42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, цианоз, аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез төмендеген. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?
2 Плевра мен іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?
3 жүректік ісінудің даму тетіктерін келтіріңіз және патогенездің негізгі тізбегін көрсетіңіз
4 Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз
№ 13 есеп
Науқасқа өкпені жасанды демалдыруды қолдану арқылы операция жасалынуда. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,24
рСО2 69 мм с.б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген)
2 ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз
3 ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?
4 Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының теңгерілу тетіктерін түсіндіріңіз
№ 14 есеп
Науқас Г., 34 жаста, жалпы әлсіздікке, іштің төменгі жағындағы толғақтәрізді ауыру сезіміне, ішінің ұдайы өтуіне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі бозарған, тілі өңезденген. Іш қабырғалары түскен. Копрологиялық тексеруде: нәжісі сұйық, ірің араласқан шырышты-қанды. Бактериологиялық тексеру: сатқақ (дизентерия) қоздырғышы табылды.
ҚСҮ көрсеткіштері: рН - 7,26, рСОз - 36 мм рт.ст., ВВ - 24 ммоль/л, SB - 14 ммоль/л, ВЕ= - 8,0 ммоль/л. Диагнозы: сатқақ (дизентерия)
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста ҚСҮ бұзылысының қай түрі дамыды?
2 Науқаста ҚСҮ бұзылысының даму тетіктерін түсіндіріңіз.
3 ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?
Қанның буферлік жүйелерін атаңыз.
4 Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының теңгерілу тетіктерін түсіндіріңіз
№ 15 есеп
Ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шеккен 45 жастағы науқас К., асқазанынан қан кетуінен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түсер кезінде үдемелі әлсіздікке, басының айналуына, құлағындағы шуға, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Науқас бозарған. Айқын ентігу байқалады. Эпигастр аймағында аздаған ауыру сезімі. Тамыр соғысы — 95 рет/мин, тыныс жиілігі 25 рет мин
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
2 науқаста гипоксияның қай түрі кездесуі мүмкін? (4) жауапты негіздеңіз
3 науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді (қанның оттегіге сыйымды-лығы, оттегі бойынша артерио-веналық айырма)?
4 Этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз
|
№16 есеп
Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері - 98%, веналық қанда - 45%, эритроцит саны - 4,9х1012/л; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) - 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі - 40 мм с.б.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста гипоксияның қай түрі дамығандығын ойлауға болады?
2 Науқастағы оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз
3 Бұл гипоксияда басқа оттегілік көрсеткіштер (раО2, pvO2, оттегі бойынша артерио-веналық айырма, қанның оттегіге сыйымдылығы) қалай өзгеруі мүмкін? жауапты негіздеңіз
4 Гипоксия патогенезінің негізгі тізбегін анықтаңыз
№ 17 есеп
Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқаста тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, эритроцит - 4,5х1012/л, қанның оттегіге сыйымдылығы – 12 көл.%. Жүректің минуттық көлемі - 4 л.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста гипоксияның белгілерін атаңыз, патогенезін түсіндіріңіз
2 Науқастың қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?
3 Науқастағы оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз
4 патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз
№ 18 есеп
25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
2 Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз
3 Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?
4 Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 19 есеп
25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
2 Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз
3 Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?
4 Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 20 есеп
Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
2 Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз
3 Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?
4 Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 21 есеп
Науқас А., 7 жаста, стоматологиялық клиникаға жоғары жағындағы алтыншы тісі аймағындағы қатты ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: тісінде қабынған тіннің қуыстануы, тісін түрткенде ауырады, алвеолярлық өсіндінің шырышты қабаты ісінген, ауырған тіс аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі. Клиникалық диагнозы: жіті периодонтит
1. Берілген үрдістің бөлшектерін және олардың патогенезін атаңыз.
2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ағымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды? Дерттік үрдіске анықтама беріңіз
2 Берілген дерттік үрдістің этиологиялық жайтын атаңыз
3 Осы үрдістің құрамбөлшектерін атап, патогенезін түсіндіріңіз
4 Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндерінде өту ерекшеліктерін сипаттаңыз
№ 22 есеп
Науқас Б., 9 жаста, диспансеризациядан өту кезінде стоматологқа жіберілді. Қарап тексергенде: төмендегі алтыншы тісінде терең емес қабынған кеңістік, қызыл иегі ісінген, тісті басқанда ауырады, ауналасындағы тіндер ісінген, шеткері лимфотүйіндері ісінген.
Клиникалық диагноз: созылмалы периодонтит.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?
2 Жергілікті белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз
3 Осы үрдістің құрамбөлшектерін атап, патогенезін түсіндіріңіз
4 Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндерінде өту ерекшеліктерін сипаттаңыз
№ 23 есеп
Науқас М., стоматологқа түнгі уақыттарда басталатын, сонымен бірге ыстық және қатты тағамды қабылдағанда дамитын, тез басылатын төменгі жағы аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі 3 күн бұрын басталған. Тексергенде: 16-тісінде терең кариозды кеңістік бар, зондтағанда және соққанда қатты ауырады. Мұндай әрекеттерден соң ауыру сезімі ұзақ сақталады, тісі бұрын емделмеген. Қанында: лейкоцитоз, жедел кезең жауабы нәруыздары көбейген. Қойылған диагноз: 16-тістің жіті пульпиті.
1 Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?
2 Бұл аурудың патогенезінде қандай қабыну дәнекерлері қатысады?
3 Дәрігердің әрекетінен кейін ауыру сезімі не себепті қарқындады?
4 Қабыну кезінде организмдегі жалпы және жергілікті белгілерді бірізділікпен және патогенезін беріңіз
№ 24 есеп
Науқас С., 54 жаста, алынбайтын металл протезді бекіткеннен кейін пайда болған ауыз аймағы шырышты қабаттарындағы күйдіретін ауыру сезіміне шағымданды. Қанды in vitro сынауымен тексеру үшін никель тұзын қосқанда базофилдердің түйіршіксізденуі дамыды.
1 Аллергияға анықтама беріңіз. Науқаста сезімталдық жоғарылауының қай түрі дамыды?
2 Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз
3 Металлдың организмге теріс әсері әруақытта аллергиялық серпіліспен байланысты ма? Жалған аллергиялық серпіліс деген не?
4 Металға аллергиялық серпілістің болуы протездеуде металл қолдануға қарсы көрсеткіш бола ма?
№ 25 есеп
Латекс қолғапты алғаш кигенде стоматологтың саусақтарының терісінде көпіршік және күлдіреуіктермен қабаттасқан айқын эритема пайда болды. Білезіктің ішкі жағына латекс қолғаптың бөлшегімен жасалған аппликациялық сынау 72 сағаттан соң оң болды. Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын баспады. Қабыну глюкокортикоидтар қолданған соң ғана емделді.
1 Медицина қызметкерінде қандай аллергиялық серпіліс дамыды? Оның даму тетіктерін көрсетіңіз.
2 Не себепті глюкокортикоидтар осы аллергияда қабынуға қарсы әсер етті? Гистамин қабылдағыштарының тежегіштерін қолдану серпілістің қарқынын неге баспағандығын түсіндіріңіз?
3 Осындай серпілісті теріде сенсибилизацияланбаған адамда қан сары суы немесе лимфоциттер арқылы туындатуға бола ма?
4 дамыған дерттің клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 26 есеп
Манго сусынын ішкен 7 жасар балада 40 мин соң жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну тез дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста қабынулық ісіну дамыды деп ойлауға бола ма? Егер жоқ болса, ісіну дамуы неге байланысты, және ол қалай аталады?
2 Осы дерттің патогенезін құрастырыңыз
3 Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
4 Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
№ 27 есеп
Науқас Л., 65 жаста, от жағушы, жақында зейнеткерлікке шыққан, әлсіздікке, дене салмағының тез азаюына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, тынысының қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданды. Ларингоскопияда кеңірдегінен бұдырлы, жараланған кеңірдегін жартылай қамтыған өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына енген, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда тығыз, ауырмайды.
Есепті алгоритм бойынша шешіңіз:
1 Науқаста дамыған өспенің мүмкіндік себебі қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады?
2 Бұл канцерогендердің өспе дамуындағы рөлін тәжірибеде кім дәлелдеді? Осы тәжірибе туралы айтыңыз
3 Лимфа түйіндерінің ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз
4 Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз
№ 28 есеп
14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%; тромбоцит - 28 х109 лейкоцит -1,5 х109/л; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%; эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
№ 29 - есеп
38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6 ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109/л нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65% эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%
Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, тромбоциттер, қан жағындысындағы өзгерістерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
№ 30 есеп
Науқас Н., 35 жаста, ауруханаға әлсіздікке, қатты шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде жүрегінің қағатындығына шағымданып келді. Ауру тарихынан оның жас кезінен әлсіздік пен қатты шаршағыштық байқалған. Науқастың әкесі мен баласы анемиямен ауырады.
Қан талданымы: гемоглобин – 70 г/л; эритроциттер – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6
ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер - 295 х109/л; лейкоциттер – 3,9 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролылар - 4%; сегментоядролылар - 44% эозинофилдер -1%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 46%; моноциттер – 5%.
ЭШЖ - 30 мм/сағ
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, гипохромды эритроциттер.
Сүйек кемігінде сидеробластар мөлшері жоғарылаған. Қан сары суының темір байланыстыратын қабілеті төмендеген. Қанда билирубин мөлшері қалыпты.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
№ 31 есеп
Науқас М., 55 жаста, ауруханаға үдемелі әлсіздікке, жүрек қағуына, физикалық жұмыс жасағанда ентікке, тәбеттің төмендеуіне, тіліндегі күйдіру сезімі мен ауыру сезіміне, аяқ-қолдарының жансыздануына шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 60 г/л; Эритроцит – 1,5х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 90 х109/л; Лейкоцит -3,4 х109/л; Нейтрофил: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; Сегментоядролы –62%; Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Лимфоцит – 35%; Моноцит – 2% ЭТЖ 29мм/сағ;
Қанда тура емес билирубин көбейген.
Қан жағындысында: айқын (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоцит, мегалобласт, базофильді нүктеленген эритроцит және басқа дерттік қосымша, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоцит-0,4%.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
32 - есеп
Науқас Л., ауруханаға әлсіздікке, тершеңдікке, жүрек қағуына, ішінің сол бөлігіндегі ауыру сезіміне, ентікке, дене температурасының 37,5 0С көтерілуіне, сүйектердегі ауыру сезіміне, қанағыштыққа шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 70 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,3%; Тромбоцит - 80 х109/л; Лейкоцит - 450 х109/л; Миелобласт – 4%; Промиелоцит – 7%; Нейтрофил: миелоцит -17%; метамиелоцит -24%%; таяқшаядролы -19%; сегментоядролы – 13%
Эозинофил -8%; Базофил – 7%; Лимфоцит – 1%; Моноцит – 0%
Қызыл сүйек кемігінің миелоидты гиперплазиясы
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен қан жағындысындағы өзгеріске патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
33 - есеп
Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық тексерулер: қанның ұю уақыты мен әсерленген үлесті тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған, қан ұюының тромбиндік және протромбиндік уақыты қалыпты. Қан сары суында ІХ жайт - 1%
1 Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз
2 Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз
№ 34 есеп.
Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.
Зертханалық тексерулер:
Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.
Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%
1 Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз
2 Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз
№ 35 есеп
Науқас А., 72 жаста аурухананың қабылдау бөлімшесіне денесінің оң бөлігіндегі әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл құбылыстар ас ішу кезінде аяқ астынан пайда болды. Науқас оң қолы мен оң аяғын қозғалта алмай, сөйлеуі қиындады. Ауру тарихынан науқас артериялық гипертензиямен, ЖИАмен ауыратындығы, холестериннің жоғарылағандығы анықталды. Тексергенде: АҚ 190/100 мм.с.б., айқын оң жақты гемипарез, оң жақтан Бабинский рефлексі оң. Компьютерлік томографияда миға қанқұйылу белгілері жоқ.
Науқаста қандай дерт дамыды? Диагнозын аңғарымдау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет?
Науқаста дамыған салданудың түрін көрсетіңіз, оны сипаттаңыз
Науқаста аталған патологияның дамуына әсер ететін қандай қауіп қатер жайтты анықтауға болады?
Осы дерттің тағы қандай қауіп қатер жайттарын білесіз?
№ 36 есеп
Науқас Д., 38 жаста, жұлыны жарақаттанған соң саны мен балтыр бұлшықеттерінің межеқуаты төмендеген, бұлбұлшықеттердің рефлекстік серпілісі жойылған. Дерттік серпілістер анықталмайды. Аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы, тырнақтары мен терінің дистрофиялық өзгерістері байқалады.
Науқаста салданудың қай түрі дамыды? Жауапты негіздеңіз.
Науқаста жұлынның қай бөлігі зақымданған? Қозғалыстың осы түрі дамуына әкелетін жұлын зақымдануының мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.
Тырнақтары мен терінің дистрофиялық өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.
Орналасуына, таралуына, бұлшықет межеқуаты өзгерістеріне қарай гипокинездердің түрлерін атаңыз.
№ 37 есеп.
Стоматологқа науқас тісінің ауыруына байланысты келді. Қарап тексергенде 16-тісінде қуыс анықталды. Науқасқа тіс жегі диагнозы қойылып, ем жүргізілді.
Науқаста дамыған тіс ауыруының патогенезін түсіндіріңіз.
Ноцицепциялық және антиноцицепциялық жүйелерді сипаттаңыз
Ауыру түрлерін көрсетіп, оларға сипаттама беріңіз
Науқасқа қандай ем ұсынуға болады?
№ 38 есеп.
Клиникаға науқас Н., 60 жаста, мұрт - сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздікке, бас ауыру, арқасы мен аяқтарындағы ауыру сезіміне шағымданды. Тексергенде:
Терісі жұқа, құрғақ, іші мен сандарында қоңыр қызыл жолақтар
Бетінде, мойнында, ішінде, төсінде май айқын жиналған
Артериялық қысымы 150/105 мм с.б.
Жамбас сүйектерінің рентгенограммасында – айқын остеопороз
Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
Кортизол мөлшері жоғарылаған
Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді? Жауапты негіздеңіз
Бұл ауру гипофиздің, не бүйрекүсті безінің дерті екендігін анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
Эндокрин жүйесі қызметі бұзылыстарының жалпы механизмдерін көрсетіңіз
№ 39 есеп.
Клиникаға 5 жасар бала алыс ауданнан келіп түсті. Бойы мен ақылы дамуының қалыс қалғаны анықталады. Беті ісіңкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тісінің іздері бар. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, іші жиі қатады. Тамыр соғысы 60 рет минутына, АҚ 95/60.
Науқаста эндокрин жүйесінің қандай ауруы бар?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
Осы аурудың алдын алу мен емдеу әдістерін ұсыныңыз.
№40 есеп
Стоматологиялық клиникаға науқас Ф., 50 жаста, тіс жегі дамуы салдарынан тістерінің ұдайы зақымдануына шағымданды. Қаны мен зәрін тексергенде кальций мөлшерінің жоғарылағандығы анықталды. Науқасты эндокринологтың кеңесіне жіберді.
Эндокринологтың кеңесіне жіберуі дұрыс па? Жауапты негіздеңіз
Науқаста эндокрин жүйесінің қандай ауруы туралы ойлауға болады?
Қаны мен зәрінде кальций мөлшерінің артуы мен тістерінің зақымдану патогенезін түсіндіріңіз
Тістерінің жиі зақымдануынан науқаста асқорытылуы қалай бұзылады?
№ 41 есеп
Науқас М., 22 жаста, университет студенті, соңғы кездері эпигастр аймағының сол бөлігінде төс өсіндісіне және кеудесінің сол бөлігіне таралатын тесіп ауыру сезімін байқады. Ауыру сезімі тамақтан соң 30 мин-1 сағаттан соң пайда болады, қышқылмен кекіру, күйдіру сезімі, іш қатулар қосылды. Ұйқысы нашар, тез шаршайды, университеттегі сабағы нашарлады, ашыланшақ болды..
Тексеру нәтижелері: дене бітімі нормостениялық, тері асты май қабаты қалыпты. Тілі өңезденген, аузынан жағымсыз иіс шығады, сипағанда – эпигастр аймағында сол бөлігінде ауыру сезімі байқалады. АҚ -139/80 мм с б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәрі мен нәжісінің анализі қалыптыдан ауытқымаған. Асқазан сөлінің негізгі және түрткілік секрециясы жоғарылаған.
Асқазан сөлінде уреаза анықталды. Рентген суретінде асқазанның кардиалды бөлігінде «үңгір» симптомы анықталады.
Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
Осы аурудың этиологиялық және патогенездік емдеу әдістерін ұсыныңыз.
№ 42 есеп.
46 жастағы Науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Тарихы: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын соң кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); осыдан кейін тағы 2–3 рет ішінде,қатты ауыру оқиғалары болды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болған кезде), айқын стеаторея, ұлтабарды, түрткілік сынаманы,яғни көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
Науқаста қандай ауру дамыды деп ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 43 есеп
Стоматологиялық клиникаға келген ана 2 жастағы баласының тәбеті төмендегенін, жылауықтығын, сілекейдің көп ағатындығын, дене қызымының жоғарылағандығын байқады.
Баланы қарап тексергенде ұрты қызарған, көптеген бөртпелер, ерін айналасындағы терісі қызарған, терісі түседі. Диагнозы: афтозды стоматит.
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
Қатты сілекей ағуды медициналық атаусөзбен атап, оның салдарын көрсетіңіз
Аурудың жалпы және жергілікті симптомдарының патогенезін атаңыз
Сілекей көп аққанда қанның рН мен электролиттік құрамы қалай өзгереді?
№ 44 есеп
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. АҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ, Алт, сілтілік фосфатаза - қалыпты. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық.
Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.
Олардың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 45 есеп.
Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ, Алт – жоғарылаған, сілтілік фосфатаза - жоғарылаған. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс.
Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.
Олардың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз
№ 46 есеп
Науқас К., 58 жаста, клиникаға ауыр халде түсті:уақыт пен кеңістікті бағдарлауы қиын. Пирамидалық бұзылыстар (Бабинский рефлексі оң, гиперрефлексия) байқалды. Бұлшықет гипертониясы, бұлшықеттердің қатаюы, гипомимия, дизартрия, қозғалыс тепе-теңдігі бұзылған, теріде геморрагиялар, аузынан «бауырдың» иісі шығады. Іш шемені, аяқтары ісінген.
Ауру тарихынан: науқас К. бауыр циррозынан бұрын емделмеген.
Биохимиялық зерттеулер: қанда глюкоза - 2,8 ммоль/л, жалпы нәруыз - 30 г/л, -альбумин - 10 г/л
фибриноген - 1 г/л, жалпы билирубин - 100 мкмоль/л, тура емес ббббилирубин- 50 мкмоль/л, тура билирубин- 50 мкмоль/л, холестерин - 1,2 ммоль/л. Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,1 х 1012/л, гемоглобин - 100 г/л, ЦП - 0,79, ЭТЖ- 22 мм/сағ, тромбоцит - 180 х 109/л, лейкоцит - 2,8 х 109/л. Науқас қанында протромбин мөлшері азайған. Қан сары суында және зәрде кетон денелері мөлшері жоғарылаған.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқаста дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 47 есеп
Иық сүйегі сынған 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, көз ағының көгілдірленуі, ортаңғы және ішкі құлағы сүйектерінің бұзылысы, кереңдік байқалған.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз. Осы топтағы басқа ауруларды мысалға келтіріңіз
Науқаста сүйек тіні зақымдану патогенезін түсіндіріңіз
Сүйек тінінің үлгіленуі деген не? Үлгілену үрдісінің реттелу тетіктерін түсіндіріңіз.
№ 48 есеп
К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.
Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Бүйрек қызметі туралы қорытынды жасаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі бар деуге бола ма?
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 49 есеп.
Пациент К. 48 жаста 5 жыл бойы созылмалы диффузды гломерулонефритпен ауырады. Соңғы аптада жүрегінің шаншып ауыратынына, жүрек қағуына, әсіресе жүргенде пайда болатын аяғындағы ісінулерге шағымданады. Зәрі: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: түйіршікті және балауызды цилиндрлер көп мөлшерде. АҚ 170/95 мм с.б. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, альбумин 1,5 г%, глобулин 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.
1. Науқастағы симптомдар қандай дерттің дамығаны туралы мәлімдейді?
2. Мұнда май алмасуының қандай бұзылыстары дамуы мүмкін және оның даму тетіктері қандай?
3. Ұзаққа созылғанда гиперлипидемияның мүмкіндік салдарлары қандай?
4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның қандай белгілері бар?
№ 50 есеп
Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертең бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – жоғарылаған.
Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы және зәрдегі креатинин жоғарылаған. Эндогенді креатинин клиренсі төмендеген.
Зимницкий сынауы:
Уақыт |
Зәр көлемі |
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы |
9 12 15 18 21 24 3 6 |
80 100 70 80 150 200 100 150 |
1030 1020 1025 1020 1021 1025 1025 1021 |
Зимницкий сынауын сараптаңыз
Анықталған клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптама жасаңыз
Дамыған бүйрек жеткіліксіздігінің даму себебін және БСЖ сатыларын көрсетіңіз
№ 51 есеп
Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.
Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмен.