Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бур маш и механизмы каз УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

2 Сурет. Шарошкалы қашаулар және олардың қозғалысы.

Сырғанау коэффициенті бұрғылау үрдісіне және қашаудың қажағыштығына әсер етеді. ао сызығы бойынша тістердің орналасуы кезінде тістердің желінуі арты бойынша, ов сызығы бойынша алды бойынша желінеді. Қашауда жуу тесіктерінің орналасуынан тәуелді болады, ортадан және бүйірінен ұңғының түбін жуу байқалады.

Ортадан жуу кезінде саңылау шарошка корпусының центрінде үңгіленеді. Жуу сұйығының ағыны ұңғы түбінің центріне бағытталған және өте жақсы тазартады, сол сәтте периферийлі аймақ өте нашар тазаланады және қашаудың периферийлі бөлігінің үдемелі қажағыштық болады. Сондықтан қашауда ұңғының түбін жуу үшін саңылау болуы қажет, ол саңылауларда шарошка орналасқан. Осы жағдайда жуу сұйығының ағыны шарошка арасымен бағытталып өтеді және шламнан ұңғы түбін тағалау дәрежесі ұлғаяды. Осыдан басқа, ағынның жалдамдығын ұлғайту үшін жуу саңылаулары сопламен армирленеді, олар шығарда ұлғаяды. Аталған сопла гидромониторлы сопла. Осындай жуу гидромониторлы жуу деп аталады. Мынадай қашау құрылымдары бар, саңылаулардың біраз бөлігі ұңғы түбіне бағытталған, қалғаны құбырдың сыртындағы кеңістік ұңғының түбіне бағытталған. Осындай жуу эжекторлы деп аталады.

Шарошка корпусын құрамында никель, хром, марганец және вольфрам бар, яғни өте үлкен жүктемені көтеретін берік (12ХН2; 12ХН3; 18ХН2В; 20ХНМА) болаттардан жасайды.

Тістері және гидромониторлы сұғындырмалары вольфрам карбиді мен титан негізіндегі материалдардан жасалынады.

Қалақшалы қашаулар

Қалақшалы қашаулар екі қалақшалы-2Қ, үш қалақшалы-3Қ және алты-6Қ болып шығарылады. Жұмыс істеу принципі қажап-кесуші болғандықтан оларды 3ИР және 6ИР маркирлейді. Олар үлкен моментті қажет ететіндіктен жұмсақ тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады. 3Қ 118-445мм диаметрлермен шығарылады және олар әдетте роторлы бұрғылауда қолданылады.үлкен диаметрі қашаулар сатылы етіп жасалынады және шегендеу тізбегіндегі цемен тығындарын бұрғылау мен ұңғыны калибрлеуде қолданылады.қашаудың бұл түрі гидромониторлы жуғышымен жасалынады.

Алмаз қашаулар

Алмаз қашаулар қалақшалыға ұқсас, корпустан және отырғызылған алмаз ұштардан тұрады. Қашаудың ортадан ауытқымауы үшін алмаз қашаудың матрицаларын иілген шоқылы етіп жасайды. Матрицаны ұнтақ прессті материалдардан жасайды, оларға техникалық алмаз түйіршіктерін орнатады.

Ереже бойынша қашаудың ортаңғы бөлігінде бір немесе бірнеше жуу тесіктері болады, ал ұшының денесінің жуу арналары секторларға бөлінген.

Алмаз қашаулардың жұмысы өте тез айналу жылдамдығы кезінде тиімді (минутына 2-3 мың айналым қалыпты). Сонымен бірге өте жылдам айналу кезінде түйіршіктердің қозғалысы түпке қатысты қашаудың жақсылап салқындатуын талап етеді. Ең тиімді 300 сағаттан аса уақытта тереңдігі 3500-4500м-ге өтімділігі 500м-ге жететін, А.Д. ерекше берік абразивті тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады.

Қашау жылдамдығы қашау шектік мәнге дейін тозып, ары қарай бұрғылауға жарамсыз болып қалғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Қашау жылдамдығына бұрғыланушы тау жыныстарының қасиеттері мен бұрғылау процессінің (жуу сұйығының) техникалық параметрлері әсер етеді.

Бұрғылау қашаулары БҚ-ның басқа механизмдерімен салыстырғанда өте қолайсыз шарттарда жұмыс істейді. Оларға абразивті тозу, соққылы, статикалық жүктемелер, коррозия және т.б. әсер етеді. Сондықтан қашау жылдамдығы БҚ-ның өнімділігін анықтаушы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Қашау өтімділігі оның түсірілу сәтінен бастап тозуының салдарынан көтерілуіне дейінгі бұрғыланған ұңғы метрімен өлшенеді.

Бұрғылау өнімділігіне механикалық жылдамдық үлкен әсерін тигізеді.

Бұрғылаудың механикалық жылдамдығы

V= (1)

мұнда: h – қашау өтімділігі, м;

t – қашаудың жұмыс істеу уақытының ұзақтылығы, сағ.

Бұрғылаудың механикалық жылдамдығы мен қашау өтімділігін арттыру, бұрғылаудың кезекті жылдамдығын сипаттаушы ұңғының тереңдеу қарқынын арттырумен сәйкестеледі,

(2)

мұнда: tкто – көтеріп-түсіру операциясының уақыты, сағ.

Яғни бұрғылаудың механикалық жылдамдығы жер үстіндегі барлық механизмдердің жұмысына әсер етеді: бұрғылау сораптарына, тәл жүйесіне, ұршыққа, роторға және т.б.

Әдебиет: ҚОС 8 [30-70]

Бақылау сұрақтары:

  1. Сақиналы тізбекте қандай жынысты талқандау әдісі бар?

  2. Шарошкалы қашауда қандай жынысты талқандау әдісі бар?

  3. Бұрғы басын қандай мәліметтер сипаттайды?

  4. Қалақшалы қашаулар дегеніміз не?

  5. Бір шарошкалы қашаулар бар ма?

  6. Армирленген қашау дегеніміз не?