Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бур маш и механизмы каз УМК.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары

Зертханалық жұмыс 1. Айналдырғыштардың (роторлардың) қасиеттерін анықтау

Тапсырма:

  1. Р560 ротордың жұмыс принципін және жабдығын оқу.

  2. Тіректі элементтердің тәжірибелік өлшемдерін анықтау.

  3. Басты тіректің қабілеттілігін есептеу.

  4. Бекітуде бұрандаға әсер ететін айналу моментінің көлемін есептеу.

Әдебиет: НЕГ 1 [279-290], ҚОС 9[3-17]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай максимальді салмақты басты тірек өзіне қабылдайды?

  2. Ртор атауының 560 саны нені білдіреді?

  3. Қандай фактор өту саңылауының көлемін анықтайды?

  4. Бұранданы бекітуде салмақ неден әсер етеді?

  5. Ротор тұрқына қандай салмақ әсер етеді?

Зертханалық жұмыс 2. Вертлюг элементтеріне әсер ететін салмақтарды анықтау

Тапсырма:

  1. Вертлюг құрылымын оқып үйрену.

  2. Оқпанның тұну өлшемін анықтау.

  3. Бұрандалы қосылыстың жағдайын зерттеу.

  4. Бұранданың жұмыс істеу сипаттамасын есептеу.

Әдебиет: НЕГ 1 [373-376]

Бақылау сұрақтары:

  1. Вертлюг (сальник) не үшін арналған?

  2. Вертлюг оқпаны не үшін арналған?

  3. Вертлюгтегі тіректі подшипник не үшін арналған?

  4. Қай формула бойынша вертлюг элементінің салмағы анықталады?

  5. Вертлюг шпинделіндегі қай бұранда кесілген?

Зертханалық жұмыс 3. Таль жүйесін орнату

Тапсырма:

  1. Бұрғы қондырғысының таль жүйесі элементтерінің құрылымын анықтау.

  2. Тальді орнатудың арқан санын есептеу.

  3. Арқандарды модельдерге бөлу.

  4. Тапсырыс бойынша арқан диаметрін таңдау.

Әдебиет: НЕГ 1 [165-175]

Бақылау сұрақтары:

  1. Таль жүйесі не үшін қажет?

  2. Орналастырусыз созу кезінде таль арқанының созылуы қандай?

  3. Аспапты көтеру кезінде қанша салмақ түседі?

  4. Аспапты түсіру кезінде қанша салмақ түседі?

  5. Таль жүйесінің қандай шкиві ұзақ жұмыс істейді?

Зертханалық жұмыс 4. Гидросоққы машиналар

Тапсырма:

  1. Сызбалар бойынша Г-59 гидросоққының құралатын элементінің құрылымын білу.

  2. Гидросоққының жұмыс көрсеткішін басқару технологиясын игеру.

  3. Гидросоққының жұмыс үрдіс осциллограммасының сипаттамасын анықтау.

Әдебиет: ҚОС 3 [411-412], ҚОС 11 [11-33]

Бақылау сұрақтары:

  1. Гидросоққы қандай гидравликалық машина түріне кіреді?

  2. Қай формула бойынша гидросоққының бір соққысының энергиясы анықталады?

  3. Гидросоққы дегеніміз не?

  4. Соққы жиілігін қандай көрсеткіш анықтайды?

  5. Клапаны жоғарыда орналасқан гидросоққының кемшілігі неде?

Зертханалық жұмыс 5. Пневмосоққы машиналар

Тапсырма:

  1. Сызбалар бойынша П-105 пневмосоққы элементінің құрылымын білу

  2. П-105 пневмосоққыны жинауды игеру.

  3. Пневмосоққының жұмыс үрдіс осциллограммасының сипаттамасын анықтау.

Әдебиет: ҚОС 3 [424-428], ҚОС 10 [4-29]

Бақылау сұрақтары:

  1. Пневматикалық машинаның қай түріне пневмосоққы кіреді?

  2. Қай формула бойынша пневмосоққының бір соққысының энергиясы анықталады?

  3. Қай көрсеткіш пневмосоққының соққы жілігін анықтайды?

  4. Клапанды пневмосоққы дегеніміз не?

  5. Золотникті пневмосоққы дегеніміз не?

Зертханалық жұмыс 6. Лебедка тежегішінің әртүрлі фрикциялы материалдардың қажалу коэффициентін анықтау

Тапсырма:

  1. Бұрғы лебедкасының тежегіш жүйесінің құрылымын білу.

  2. Металмен металдың қажалу коэффициентін анықтау.

  3. Болатты диск пен қабырға арасындағы қажалу коэффициентін анықтау.

Әдебиет: НЕГ 1 [246-262]

Бақылау сұрақтары:

  1. Фрикциалды материалдарды бекіту?

  2. Қосымша тежегіш дегеніміз не?

  3. Қажалу коэффициенті дегеніміз не?

  4. Бұрғы тежегіштің фрикциалды материал ретінде техникалық резеңкені қолдана ма?

  5. Бұрғы тежегіштің фрикциалды материалына қандай талаптар қойылады?

Зертханалық жұмыс 7. Бұрғы сорабының және ішекті аппараттың жұмыс үрдістерін зерттеу

Тапсырма:

  1. НБ3-120/40 сорабының құрылымын зерттеу.

  2. Сораптың екі жүріс санынан сораптың пайдалы қозғалысының гидравликалық коэффициент тәуелділігін оқып үйрену.

  3. Ішекті аппараттың қозғалыс үрдісін және құрылымын зерттеу.

Әдебиет: НЕГ 1 [301-311]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ішекті аппарат қалай жұмыс істейді?

  2. Бұрғылау кезінде кернді сақтау үшін ішекті аппаратты қолдануға бола ма?

  3. Сораптың берілісі көбейгенде инжекция коэффициентінің ролі неде?

  4. Аппараттың ішегінен шығу кезінде сұйық ағыны жоғарлауы мүмкін?

  5. Негізгі сорап берілісінен инжекция коэффициентінің тиімділігін зерттеу?