
- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2007
- •Аннотация
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •1.6 Тапсырманың түрі және мазмұны, олардың орындалу графигі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •1.8 Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі
- •Ағымды және аралық аттестация бойынша бақылау жүргізу үшін сұрақтар тізімі Бірінші аралық бақылау бойынша арналған сұрақтар
- •Екінші аралық бақылау бойынша арналған сұрақтар
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •1.9 Пәннің саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар тізімі
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының мазмұны Дәріс 1. Кіріспе. Бұрғылау жұмысының қысқаша даму тарихы. Пайдалы қазбаларды өңдеу және іздеудегі олардың орны мен мақсаттары
- •Дәріс 2. Бұрғылау үшін қондырғының негізгі түрлері. Жыныс талқандаушы аспаптар
- •1 Сурет. Секциялы қашау
- •2 Сурет. Шарошкалы қашаулар және олардың қозғалысы.
- •Дәріс 3. Тау жыныстарының айналмалы талқандаудың машиналар мен механизмдер. Бұрғылау құбырлары.
- •3 Сурет. Бұранданың конустылығы.
- •Дәріс 4. Шегендеу құбырлары (шқ)
- •4 Сурет. Ұңғының құрылымы және эпюрасы.
- •Дәріс 5. Жуу сұйығын бұрғылау сорабынан айналмалы бұрғы колоннасына өткізу құрылғысы
- •5 Сурет. Вертлюг ув-250
- •6 Сурет. Бұрандасыз қосылысты шнек
- •Дәріс 6. Бұрғылау айналдырғыштары
- •7 Сурет. Бұрғылау роторы ур-760.
- •Дәріс 7. Түптік қозғалтқыштар
- •8 Сурет. Бір секциялы турбобұрғы.
- •9 Сурет. Винттік түптік қозғалтқыш.
- •Дәріс-8 . Соққы-айналмалы бұрғылау үшін гидропневмосоққы машиналар
- •10 Сурет. М32к (мп-3) пневмосоққышы: 1-аударма; 2-нығыздама; 3-клапан қорабы;
- •Дәріс 9. Бұрғылау қондырғының таль жүйелері
- •Дәріс 10. Бұрғылау лебедкалары
- •Дәріс 11. Көтеру механизмнің кинематикасы
- •11 Сурет. Көтеру тахограммасы
- •12 Сурет. Түсіру тахограммасы (tсп – бұрғылау свечасын түсіру ұзақтығы)
- •Дәріс 12. Тежегіш қондырғылары
- •13 Сурет. Лебедканың ленталы тежегіштің кинематикалық нобайы: а – у2-2-11, у2-5-5;
- •14 Сурет. Автоматтандырылған көтеріп-түсіру механизмдер нобайы
- •Дәріс 13. Беріліс механизмдері
- •15 Сурет. Беріліс механизмінің сипаттамасы
- •16 Сурет. Беріліс механизмінің нобайы
- •Дәріс 14. Бұрғылау мұнаралар мен мачталар
- •2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •2.4 Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстар сабақтарының жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өзін бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •2.7 Емтихан билеттерінің сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттеріне арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Латыпов Авис Самигуллинович Айтугулова Баян Андреевна
Дәріс 13. Беріліс механизмдері
Тағайындалуы және жалпы талаптар
Беріліс механизмдері қиын жүйенің үзбесі болып табылады. Беріліс механизмдері берілісті басқару және құрау үшін жасалады, сонымен бірге жыныс талқандаушы аспапқа түсірілетін остік салмақты немесе бұрғылау колоннасының берілген қозғалыс жылдамдығын бірқалыпты ұстап тұру қажет. Түріне байланысты беріліс механизмдерін бұрғылау колоннасының ауыспалы қозғалыс жылдамдығы кезінде берілісті беру немесе үнемі бірқалыпты ұстап тұру және басқаруға болады. Қозғалыс жылдамдығы қатты болғанда олардың сипатын анықтауға болады.
15 Сурет. Беріліс механизмінің сипаттамасы
Беріліс механизмнің сипаттамасы тау жынысының бұрғыланғыштығы және беріліс көлем қарқынының бастапқы берілген мәні кезінде айналдырғыштың жылжымалы элементтер жылдамдығының өзгеру тәуелділігі 15 суретте байқалады.
Беріліс механизмдерінің түрлері
Шартты есептеулерде беріліс механизмдерінің екі түрін қарастырамыз. Беріліс қарқыны үнемі беріліс механизмінде (16 сурет а) байқалады. Икемді байланыспен бұрғылау колоннасымен байланысты беріліс механизмінің салмағы G берілген. Бұрғылау колоннасының статикалық қағидасында кедергі күш шарты төмендегідей болады:
(36)
мұнда: Сос – жыныс талқандаушы аспаптың осьтік салмағы;
q – бұрғылау колонна ұзындығының бірлік салмағы;
z0 – нольдік координата;
L – бұрғылау құбыр колоннасының ұзындығы.
16 Сурет. Беріліс механизмінің нобайы
Беріліс механизмі берілген беріліс жылдамдығының мәні 16 суретте (б) келтірілген, мысалы, бастапқы арқанды созылу GH:
(37)
Бұрғылау үрдісінің оптимальді көрсеткішіне жету үшін шарттарда тау жынысын талқандаушы аспаптардың қасиеттерін үнемі өзгеруі және тау жыныстарын уақытша бұрғылаумен сипатталады. Бұрғылау станогының беріліс механизмдеріне төмендегі талаптар оырындалады:
бұрғылау аспабын ұңғы түбінен көтеру;
осьтік салмақты немесе беріліс жылдамдығын бірқалыпты ұстап тұру;
сатысыз және бірқалыпты беріліс жылдамдық қарқынын өзгерту;
беріліс жылдамдығы аспаптың айналу жиілігімен байланыста болмау;
Бұрғылау қондырғысының жетектері
Тағайындалуы, жіктелуі және негізгі талаптары
Қазіргі бұрғылау жабдықтары тағайындалуы және машиналар мен механизімінің қуаты бойынша сәйкес жетектермен қамтамасыз етілген. Жетек қозғалтқыштан, күштілік берілістен және басқару аппаратурасынан тұрады. Жетек типі, оның жинақталуы және конструкциясы бұрғылау қондырғыларының техника-экономиялық көрсеткіштеріне өз әсерін тигізеді. Негізгі және көмекші жетектер болып бөлінеді.
Негізгі жетектерге бұрғылау шығырының, сорабының және ротордың жетектері жатады. Олардың қуаты 6000 кВт және одан жоғары болады.
Көмекші жетектер компрессорларға, дірілдеткіштеге, сазараластырғыштар мен қашауғаберіліс беру автоматына, майлау сораптарына, көтеріп-түсіру операциясын механизациялаушы агрегаттарға және бұрғылау қондырғысының басқа да механизмдеріне арналған. Оның суммарлық қуаты 400 кВт-тан аспайды.
Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.
Дизельді және газотурбиналы жетектер – автоноиды – электр желісі жоқ шалғай жерлерде барлау және пайдалану бұрғылауларында қолданылады. Кей жағдайларда оның электрлі жетекке қарағанда экономиялық тиімділігіне байланысты жекеменшік компанияларда кеңінен қолданылады.
Электрлі жетектер – автономды емес және оларды тек электр желісімен жабдықталған бұрғылау орындарында ғана қолдануға болады. Бірақ қазіргі кезде электрлі жетектердің дамуына байланысты дизелді-электрлі және сұйық жанармаймен, табиғи және ілеспе газбен жұмыс істейтін газотурбиналы электрстанциясы кеңінен қолдау тауып отыр.
Сипаттамаларына байланысты энергияны үлестіру топтасқан, жеке және аралас болып бөлінеді.
Топтасқан жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы сәйкес берілістерді жалпы қозғалтқыштан алады. Сонымен бірге саны және қозғалтқыш қуаты азаяды. Топтасқан жетектердің кемшілігіне оның аса үлкендігі және қозғалтқышты ротормен, шығырмен, сораппен байланыстырушы күштік берілістердің санының көптігінен ПӘК-нің төмен болуы.
Жеке жетектерде шығыр, ротор және бұрғылау сораптарының жеке қозғалтқыштары болады. Жеке жетек тиімді айналу жиілігімен, тез қосылумен және тоқтатумен қамтамасыз етеді. Конструкциясының және берілісінің киниматикалық нобайының қарапайымдылығы бұрғылау қондырғысын ықшамды етеді және жоғары ПӘК-мен қамтамасыздайды. Жкек жетектер электрлі бұрғылау қондырғыларында қолданылады.
Аралас жетек дизелді топтасқан жетектердің күші екінші бұрғылау сорабының жұмысына жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда ротор, шығыр және бұрғылау сораптарының біреуі топтасқан жетекпен, ал екінші бұрғылау сорабы жеке жетекпен жабдықталады. Электрлі бұрғылау қондырғыларында аралас жетектер кеңінен қолданылады, ротор мен шығыр топтасқан жетекке, бұрғылау сораптары жеке жетекке жабдықталады.
Әдебиет: НЕГ 1 [296-321]
Бақылау сұрақтары:
Беріліс механизмнің тағайындалуы?
Беріліс механизмінің нобайын сызыңыз?
Беріліс механизмнің түрлері?
Беріліс механизмнің салмағын қалай анықтайды?
Бұрғылау қондырғысының жетектері?
Жетектердің тағайындалуы?
Жетектің түрлері мен анықтамалары?
Дизельді жетектерді атаңыз?